«Папиллома деген не және адам папилома вирусына қарсы қыздар арасындағы екпе жайлы!»

АПВ — бұл адам папиллома вирусы. Бұл вирустың көптеген түрі тері мен шырыш қабатында қатерсіз өзгерістерді тудырады (соның ішінде сүйел), бірақ папиллома вирусының кейбір түрлері қатерлі ісік тудырады
Қазақстанда жатыр мойны ісігі әйелдерде кездесетін онкологиялық аурулардың арасында екінші орында тұр. Елімізде жыл сайын екі мыңға жуық әйел осы дертке шалдықса, 600-ге жуығы қайтыс болады. Ал әлемде әрбір екі минут сайын жатыр мойны обырынан бір әйел көз жұмады. Папиллома вирусы негізінен адамнан адамға жыныстық жолмен жұғады. Десе де киім, орамал арқылы – тұрмыстық жолмен берілу фактілері де кездесіп жатады.
Жатыр мойны обырының 97%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Бүгінде жатыр мойны обыры - дамушы елдердегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі.
Жатыр мойны қатерлі ісігі еш симптомсыз өтуі немесе жыныс жолдарынан кез келген қалыпты емес бөлініс, іштің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсыну болуы мүмкін.
Жатыр мойының қатерлі ісігін тудыратын адам папиломасы вирусы болғандықтан осы ауруға қарсы вакцинация алып жатыр мойының оборын алдын алуға болады.
Адам папиломасы вирусына қарсы алғашқы вакцина 2006жылдан бастап пайда болған бүкіл әлемде 100миллионнан астам адамға екпе егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылды, бұл күрделі реакциялар тудырмады.
2024жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанда 11,12,13 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілуде. АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін 2-валентті,4 валентті, 9-валентті түрлері бар. Қазахстанда соның 4- валентті түрі қолданылады, ол АПВ 4 түрінен қорғайды. Вакцинация екі кезеңде жүргізеді, ата аналардың келісімімен жүргізіледі. Екінші дозасы 6-айдан кейін салынады. Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс!
Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді.
Зерттеулер көрсеткендей, вакцинаның қорғау мерзімі ұзаққа созылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, екпенің иммуногенділігі вакцина енгізілгеннен кейін 10 жыл ішінде төмендемеген.
Вакцинаны бүкіл әлем бойынша мыңдаған адам зерттеді және осы зерттеулердің нәтижесінде ешқандай елеулі жанама әсер табылмады. Ең жиі кездесетін жанама әсер ретінде тек инъекция орнында қызаруы немесе ісінуі, болмашы дене қызуының жоғарылауы, бас айналу және жүрек айнуы болуы мүмкін, олар әдетте бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.
Қазақстанда жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама жүргізіліп жатыр. 30-70 жас аралығындағы әрбір әйел өз емханасында жатыр мойны обырына тегін скринингтен өте алады.
Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық СЭББ басшысы