№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Талапшылдық – білімді шыңдайды

Талапшылдық – білімді шыңдайды


Бүкіләлемдік пандемия көп саланың өзгеруіне әсер етті: жаңа ережелер, жаңа ұстанымдар. Қалыпты өмірдегі көзқарасты өзгертетін жайттарға дағдылану оңай болмады.


Енді міне бір жылдан аса осы жағдайға бой үйрете бастағандаймыз. Білім саласындағы тосын өзгеріс «Мұ­ғалім – ата-ана – оқушы» арасындағы байланысқа жаңаша серпін берді. Қызығы мен қиындығы көп жүктемемен алысу осы үш одақтың қайсысына болса да қиын тигені анық.
Өз жағдайыма келетін болсам, тұңғыш балам 1-сыныпты бітірерде карантин жарияланды. Оқу, жазу, тыңдау, айтуға, дұрыс сөйлеу, сауаттану негіздеріне дағдылана бастаған баланың жағдайы ата-ананың абдырап, «енді қайтеміз» деген сұрағынан басталды. Техникалық жабдықтау, қашықтан оқуды ең алдымен бастауыш, оның ішінде 1-сыныпқа ұйымдастыру сынып жетекшісіне ауыр сын болды.
Ата-ана ретінде №110 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Түймегүл Оразбекова апайдың 1 «А» сыныбында қыркүйек айы (2019 жыл) басталғалы білімі мен білігін танып келе жатырмыз. Әр тоқсан бойына, ұлттық мейрамдар, мемлекеттік мерекелер сайын өзіндік жоспар құрып, оған ата-ананың қатысуын ерекше қадағалады. Жиі-жиі жиналыстар өткізіп, баланың сабақ, тәртіп үлгерімімен таныстыру – мұғалімдік міндеті болса, әр оқушысының шығармашылық қабілетін ашудағы ерекше шеберлігін танытты.
Баланың оқу, шығармашылық деңгейіне сай әрекет жасау – ұстаздың шеберіне тән қасиет. Ел басына күн туған шақ үміт еткен баламыздың алдағы күніне алаңдаушылық біл­діргенімізде, өзінің көпжылдық тәжі­рибесімен бізді сындарлы кезеңнен зор жауапкершілігімен алып шықты. Заманауи мүмкіндіктерді кеңінен пай­даланып, ата-ана ретінде өзі­міздің де оқу процесіне деген қызығушылығымызды арттырды. Жай күндері мектептегі сабақ қалай өте­тініне күйбең тірліктен назар аудар­майтынымыз рас. Онлайн оқу басталғалы тек сабақ емес, баланың жан-жақты дамуын қалыптастыратын ерекше сайыстар өткізді. Түймегүл апайдың талапшылдығы басында шаршатқаны рас. Кейін бұл дағдыға да үйрендік. Облыстық, аудандық семинарларға қатыс­тырып, түрлі тренинг арқылы ата-ананы да мектеп өміріне белсене араластырды. Республикалық пәндік олимпиада, байқауларда оқушыларының бәйгеден аты озып, жүлделі орындар алуына мұрындық болды.
2020 жылдың қазан айында «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай Қызылорда облыстық білім бас­қар­масының Жаңақорған ауданы бойынша оқуды қашықтан ұйым­дастырудан «Үздік мұғалім» диплом, алғыс хатымен марапатталды.
Жақында ғана «Біздің мектеп – білім биігінде» халықаралық ең үздік ұлағатты ұстаздар мен озат, дарынды оқушылардың энциклопедиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, оқушыларының әртүрлі сайыстарда көрсеткен нәти­желерін жинаққа шығарды.
Түймегүл апайға 2 «А» сынып ата-аналары атынан алғыс айтамын. Шығармашылығыңызға толағай табыс, деніңізге саулық, абыройыңызға биік белестер тілейміз. Ұл-қызымыздың алғашқы ұстазы туралы осылай жылы лебіз білдіргім келеді.

Ботагөз Сейітбатталова

---
17 мамыр 2021 ж. 278 0