№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЛИЦЕЙ АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

ЛИЦЕЙ АБЫРОЙ БИІГІНДЕ


Мемлекеттік әнұранмен бастау алған №110 мектеп-лицейдегі «Соңғы қоңырау» салтанатты кешті білім ордасының директоры Әділмырза Тәждинов ашып, мектептің жетістігіне тоқталды.
– Біздің лицейдің қазіргі деңгейі алдыңғы қатардағы мектептермен иық теңестіретін жағдайға жетті. Оқушылардың үлгерімін, олардың ҰБТ-да жинаған жетістігін, спорт пен өнер бағытындағы және ғылыми жетістіктері жөнінде мақтанышпен айта аламыз. Түрлі пәндік олимпиадаға 20-дан астам оқушы қатысып, оның ішінде Жадыра Жұмабек, Айкерім Серік, Ақерке Тұрсынбай, Фарида Биғазы жүлделі орын алды, – деді директор.
Оның айтуынша, мектептің баскетболшы қыздары облыста бірінші орынды иемденсе, бокстан 2 оқушы Республика чемпионы атанған. Ал, 3 оқушы роботехника бағыты бойынша облыстық «Робо Фест – 2018» фестивалінде 2-3 орынды иемденген. Республикалық «Ғұмырдария» байқауына қатысқан 3-сынып оқушысы Сұлтанмахмуд Төлегенов пен 5-сынып оқушысы Азизбек Тасболатов бас жүлдені қанжығасына байлаған. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Қуаныш Серік, Асыл Мұса, Роллан Біржан, Дариға Шахарбаева, Бекболат Нұржігіт, Бақдәулет Нұрмағанбет, Нұрасыл Үсен, Ерқанат Ибадулла мен Рамазан Біржанды, үздік пән жетекшілері Динара Байсынова, Ғалиябану Байтелеева, Сағима Райымбекова, Рыскүл Абдыразақова, Мейрамкүл Тұрсынбаева, Тұрсынай Шалабаева мен Айгерім Шынтемірова есімдері құрметпен аталып, марапатқа ие болды.
Шара барысында мектептің білікті ұстаздары Гүлшат Шалабаева мен Ұлмекен Жәрменова «Құрметті педагог» төсбелгісімен және ҚР білім және тәрбие беру орталығының «Құрмет грамотасымен», ал, бастауыш сынып оқытушысы Ақдәме Сейітханова, Айсұлу Жалбызбайқызы, Гүлмира Сатыбалдиева мен Түймегүл Оразбекова «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды.
Одан әрі кезекті оқу жылының бітуімен аудан әкімдігінің өкілі Жәненова, ата-аналар комитетінің төрағасы Әбушахма Әлайдар, ардагер-ұстаз Серік Мұсабаев оқушыларды мерекесімен құттықтап, еңбек ардагері Орынбасар Абдуллаев барша түлектерге ақ батасын берді.
Салтанатты шара барысында мектеп-лицейді бітірушілер өздерінің концерттік бағдарламасын көрсетіп ән салды, би биледі. «Мектеп вальсі» соңынан 53 ақ көгершін мен алқызыл шарлар әуеге көтерілді. Мектеп түлектерінің ұстаздарымен, мектебімен көңіл толқытар тебіреністі шағы олардың есінде ұзақ уақыт сақталары хақ.
Ерубай СЕЙСЕН.
26 мамыр 2018 ж. 1 340 0