№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СИНГАПУР НЕГЕ АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ ТҰР?

СИНГАПУР НЕГЕ АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ ТҰР?


Сингапурда балалар үш жастан бастап білім алады. Бұл осы елдің конституциясымен бекітілген талап. Яғни, кез-келген 3 жастағы сингапурлық балақай мектепке барып, ана тілі, ағылшын тілі мен математика пәндерін оқиды. Үшінші сыныптан бастап жаратылыстану пәндері енеді. Оқушының шығармашылығын дамытатын пәндер де бастауыш сыныбында оқытылады. Бастауыш сыныпты бітірген оқушы міндеттелген мемлекеттік емтиханды тапсырып қана жоғарғы сыныпқа көшеді. Ал, сынақтан өте алмағандар бастауыш сыныпты қайта оқиды. Бастауыш сыныптағы сынақ көрсеткішіне қарап, оқушыларды «міндетті сабақтар», «экспресс», «академиялық» және «техникалық» деп төрт бағытқа бөледі. Ондағы бүкіл бастауыш мектептері жекеменшік. Бірақ, білім беру тегін. Дегенмен, түрлі шығындар үшін ата-анадан айына 13 доллар алынады. Ал, бұл елдегі мектептердің басқалардан ерекшелігі – математика пәніне үлкен ықылас бөлінеді. Мәселен, сыныптағы 20 оқушының бірі математикадан тапсырманы дұрыс орындамаса, ешкім жаңа сабаққа көшпейді. Яғни, сынып толықтай дәрісті меңгермейінше бір тақырып қайталанып оқытыла береді.
Сондай-ақ, аталмыш елде мектепке жұмысқа орналасу өте қиын. Ол үшін мұғалім өз мамандығын өте жақсы меңгеруі тиіс. Әйтпесе, арнайы құрылған комиссияның талаптары мен сұрақтарынан өте алмауы мүмкін. Елде ұстаз сөзі өте құрметті. Қоғам ұстаздармен тікелей санасады. Мәселен, ол жақтағы ұстаздың орташа жалақысы – 2500 АҚШ долларын құрайды. Бұл айлық сомасының көптігі бойынша АҚШ, Англия, Жапониядан кейінгі төртінші орын. Онда бір мұғалім аптасына бір ғана дәріс оқиды. Демек, ол бір сабаққа бір апта бойы дайындалып, оқушыға максималды білім беруге дайын. Осыдан болса керек, РІSА оқушылардың білім деңгейін саралайтын халықаралық ұйым «Сингапурдағы білім беру жүйесі ХХІ ғасырдағы ең тиімді әрі ең сапалысы», – деп таныған.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 801 0