№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Санда бардың санаты маңызды

Санда бардың санаты маңызды


Елімізде бөбектерді жүз пайыз балабақшамен қамту талабы бойынша мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде бадабақша ашу жұмысы оншақты жыл көлемінде жүргізіліп,ол өз ауданымызда мәресіне жетті десек те болады. Баламызды қандай балабақшаға береміз десек те кедергі жоқ және таңдау өзімізде. Дегенмен іс тетігін кадр шешетініне осы бағытта тағы да айқын көз жеткізіп отырмыз. Баланы бағу дегеніміз таңнан кешке дейін жылатпай, қарнын тойдырып қолға аман-сау табыстаумен шектелмейді. Бүлдіршінді жеке тұлға ретінде дамыту,ой- санасын қалыптастырып, ақылды өрен баулып шығару – балабақша қызметкерлерінің алдында тұрған таудай міндет осы.


Балабақшаның көптеп ашылуы ата-анаға таңдауды, ал әріптестер арасында өзара бәсекелестікті тудыратыны рас. Ендігі мәселе, ата-ана нені таңдауы керек? Тәрбиешілер ұжымы нені мақсат етуі тиіс?
Бала жаны – жұмбақ әлем. Оның кілтін ашу үшін жан-жақты ізденген маман сол жолда төккен терінің жемісін көре алады. Осы жұмыстарды дұрыс үйлестіріп, балабақша тынысын мүлде жаңа арнаға бұрған бөбектер ұясында болғанымызда біздің осыған көзіміз жетті.
Үздік балабақша атану үшін онда қанша баланың отырғаны маңызды емес, санаулы сәбидің тәрбиесі жолында сан түрлі ізденіске барып, жұмысты тың бағытқа бұрған бала бағбандарының жаңашылдықтары маңызды.
Бір анық мәселе, аудан көлеміндегі бірінен соң бірі ашылып жатқан бала­бақшаларда маман мәселесі талап­та­ғыдай деп айта алмаймыз. Бұл әзірге еңбек шартына да ене қоймаған ба, әйтеуір балабақша ашу жұмысында өрт сөндіру бөлімі мен саниэпидстанса мекеме құзырынан қолдау таба алсаң ары қарай бала тағдырына қатысты қатаң талапты кездестірмедік. Содан соң бірінен кейін бірі ашылып жатқан балалар мекенінде кәсіби мамандық мәселесіне ешкім бас ауырта қоймасы белгілі. Мамандық жолға қойылмаған жерде санат қайдан болады?
Мемлекеттік деңгейде жан-жақты қолдау тапқан «Педагог мәртебесі» Заңы ең алдымен мұғалім біліктілігінің сапасын көтеруді міндет етіп отырғаны белгілі. Мектепке баратын болашақ білімгерлерді баулитын балабақшалар жүйесі де бұл жауапкершіліктен тыс қалмасы белгілі. Балабақша меңгерушілері осы талап тұрғысында қарауындағы қызметкерлерінің көсіби мамандық алуына барынша қамқор болып, қолынан іс келетін жандарға жол көрсетіп отырғаны жөн.
Талап пен талғам мәселесі жоғарылай түскен бүгінгі кезеңде жұмысты жаңашылдықпен ұйымдастырып отыр­ған орталықтағы «Бал Аян» және «Еркетай» балабақшасының ұжымы уақыт талабымен үндесуді мақсат етіп отыр екен. Балабақша құрылтайшысы Нұржан Әмірбеков бұған дейін халыққа қызмет көрсету орталығындағы жауапты жұмыста біліктілігімен танылса, енді ел келешегі тәрбиесінде ұлтжандылығымен ерекшеленіп отырғаны өзгеге үлгі етуге тұрарлық. Жеке кәсіпкер бизнесті ғана емес, жауапкершілігіне алып отырған міндеттіліктің, яғни адам тәрбиесінің салмағын жете сезініп, таным мен тәрбиені қатар ұштастыруды басты мақсат етіп келеді. Екі балабақшаны қосқанда 50 бала тәр­биеленуде екен.
– Креативтілік – қай салада болма­сын істің алға басуына екпін беретін басты күш. Бұл бағытта ұжым жұмысын жаңаша тұрғыда жоспарлауда үйрену, тәжірибе жинау маңызды, - дейді мекеме жұмысын үйлестіру бойынша жауапты маман Әбдісамат Әбдіш. Осы бағытта оқу курстарынан өтіп, енді облыс көлемінде тренинг оқулар өткізуге талпынып жүрген маманның адам жанының инженері – жазушылығын ескерсек, бала психологиясын тап басып танитын педагогтық еңбек жолының ерекше жемісті боларына бүгіннен сенімді сияқтымыз. Дәлірек айтқанда, аяғынан қаз тұрып, қағидасын бекітіп алса бұл ұжым аудан балабақшалары үшін тәжірибе алаңына айналып, аудан көрсеткішін алға шығаратын болады. Жақында Алматы және ел астанасында болып, ұлттық балабақшалардың тыныс-тіршілігін сараптап қайтқан жігіттеріміз көп нәрсені ойға тоқып қайтқан сыңайлы. Соның ең бастысы, санат мәселесі. Санда бар тәрбиешінің санаты келіспей көңлдегідей жұмыс жүруі мүмкін емес. Оны қалай көтереміз? Өз саласының мамандарынан құрал­ған аталмыш ұжымда санатын жоғарылату талабы тәрбиешінің жеке жауапкершілігіне келіп тіреліп отыр. Бұл ұжымда озық идеясымен бақша өміріне тың өэгеріс ендірген бала бағбанының ізденісті еңбегі құрметтеледі. Оның жалақысына қосымша көтерме ақы, сыйақы тағайындалады. Санатты көтерудің осындай әділетті жолы тәрбиешілердің жұмысына серпін беріп, алғашқы марапатталушылары мәр­те­бесімен әріп­тестеріне үлгі де болды. Осындай тәжірибені барлық балабақшада қолданса тәрбиешілер еңбегіне бұл мықты мотивация болар еді.
Қазірде жеке балабақшалардың барлығында тәрбиешінің жалақы мөлшері жоғарылады. Сондықтан бала бағбандары екі-үш мекемеде қатар жұмыс атқармай мүмкіндігінше бір ұжыммен шектеліп, сол орында тәрбие сапасына жан-тәнімен беріліп жұмыс атқарар болса ата-ана қалауына ие болып, бала үшін ең жақын жанға айналары кәміл. Балабақшалар дең­гейіне сараптама жасау үшін ата-анамен сауалнама алмасып отырса нақты нәтижеге көз жеткізуге болар еді.
– Ең бастысы – сенім. Оны қалып­тастыратын бала мен тәрбиеші ара­сындағы сүйіспеншілік. Көзін аша сала балабақшаға томпаңдай жөнелуге асық бала пейілінен асқан оның бағасы болмайды. Сондықтан сәбидің сенімінен шығамын десеңіз санатыңызды көтеруге, яғни мың бұраулы бала көңілінің көкжиегін кәсіби тұрғыда түрен салуға тырысыңыз.

Баян Үсейінова

---
18 сәуір 2021 ж. 361 0