Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Сотқа дейінгі татуласу – тараптардың мүддесі

Сотқа дейінгі татуласу – тараптардың мүддесі


Бітімгерлік пен арағайындық халқымыздың қанында бар. Ата-бабаларымыз бітіспес дауды бір-ақ ауыз сөзбен шешкен. Келісім мен татулықты асыл мұраға айналдырған еліміз үшін бабалар құндылығын жандандырудың маңызы зор. Соңғы жылдары ел ішіндегі дауларды азайту мақсатында сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жасалуда. Саладағы реформалардың арқасында дауларды сотқа жеткізбеудің жаңа тетіктері іске қосылды.


Жалпы айта кетсек «Отбасы — шағын мемлекет» деп халқымыз бекер айтпаған болар. Өйткені, махаббат пен бақытқа толы, береке мен бірлігі жарасқан отбасының ұрпақ тәрбиесіне, халық санының көбейуіне, қоғам байлығының артуына, мемлекетіміздің одан әрі нығайуына тигізер ықпалы зор.
Сондықтан отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалатын құқық бұзушылықтар елімізде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өкінішке қарай соңғы кездері отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар азаймай тұр. Оның басты себептерінің біріне құқықбұзушының үнемі алкогольдік ішімдігін тұтынудан маскүнемдікке салынуы, жұмыссыздығы, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты жағдайлар жатады.
Бітім-бағзыдан бар ұстаным, айыбы ауыр болмаса ілгерідегілердің ізімен мәмілеге келу қай тарапқа да тиімді. Сондықтан бүгінде істі сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу кең өріс алуда. Сөзіміз жүйелі, деректер дәйекті болу үшін бір ақпарат келтірейік, Жаңақорған аудандық сотында бір күнде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1-бөлігімен және 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша келіп түскен үш әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аталған үш әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы даулар сотқа жетпей оң шешімін табуда.
Медиацияның мәні мен маңызы күн өткен сайын өзектілігін дәлелдеуде. Сондықтан істі бітіммен шешу бастамасы шалғайдағы жұрттың тірлігінеде тірек болары құптарлық.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
---
17 қыркүйек 2020 ж. 562 0