№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімді тәсілі

Медиация дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімді тәсілі


Бүгінгі күнде дауларды шешудің балама жүйесі барлық өркениетті елдерде және замануи құқықтық инфрақұрылым құруға ұмтылудағы мемлекеттерде өз қолдаушыларын тауып жатыр. Өкінішке орай, Қазақстанда медиацияның дамуы кенжелеп қалған, бірақ сот отырысының осындай баламасы көптеген азаматтардың көңілінен шығады.


Медиация ретінде «дауласып жатырған тараптардың ерікті келісімі бойынша өзара түсіністікке жету және даулы жағдайды шешетін шартты жасау мақсатында бейтарап тұлға - медиаторды тарта отырып бітімге тоқтау рәсімі» түсініледі.
Бітім-бағзыдан бар ұстаным, айыбы ауыр болмаса ілгерідегілердің ізімен мәмілеге келу қай тарапқа да тиімді. Сондықтан бүгінде істі сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу кең өріс алуда. Бұл бастама тек облыс орталығында емес, әрбір елді мекен, аудандарда да байқалады.Сөзіміз жүйелі, деректер дәйекті болу үшін бір ақпарат келтірейік, Жаңақорған аудандық сотында бір күнде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен және 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша келіп түскен төрт әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аталған төрт әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы..
Мұны ауданда ашылған "Татуласу орталығы" және аудандық соттың ғимаратында ашылған "Халыққа құқықтық көмек көрсету бұрышындағы" бастамалардан да білуге болады.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы даулар сотқа жетпей оң шешімін табуда.
Медиацияның мәні мен маңызы күн өткен сайын өзектілігін дәлелдеуде. Тарихқа тереңдемегеннің өзінде қазіргі дамыған АҚШ Ұлыбритания, Германия сынды алпауыт елдерде бұл тәсіл тиімді қолданылып келеді. Сондықтан істі бітіммен шешу бастамасы шалғайдағы жұрттың тірлігінеде тірек болары құптарлық.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
04 қыркүйек 2020 ж. 758 0