№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Мүлік ұрлығына тосқауыл керек

Мүлік ұрлығына тосқауыл керек


Жаңақорған ауданындағы түйінді мәселенің бірі – мал ұрлығы. 2020 жылдың 4 айында аудандық полиция бөліміннің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне мал ұрлығының 33 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 32 пайызға артқанын көрсетеді. Мал ұрлығынан да бөлек ұрлық, тонау аз емес. Сондықтан бөтен мүлік ұрлығына тыйым керек болып тұр.
Аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асуда. ҚР Ішкі істер министрлігінің №143 бұйрығының талаптарын іске асыру бағытында «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» орындалуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты ұрлықты азайту. Жоспарда мал ұрлығын ашу және тергеп-тексеру бойынша аудан мен ауыл әкімдіктерінің, ветеринариялық инс­пек­циялардың және АПб қызмет­керлерімен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылу тиіс. Яғни тиісті ілеспе құжаттарсыз мал тасымалдау факті­лерін анықтап, жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі өткізу көзделген. Әсіресе шалғай ауылдарда осыны көбірек жүзеге асырған жөн.
Аудандық полиция бөлімі бас­ты­ғының бірінші орынбасары Айбол Жолдасбековтің сөзінше, поли­ция бөлімінің қызметкерлері сей­сенбі, сенбі күндері мал базар­ларына сатылатын төрт түлік құжаттарын тексеруді қатаңдатты. Егер ветеринария саласындағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда иелеріне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіледі.

***

Пробация қызметнің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға бай­ланысты емес жазаларға соттал­ғандардың құқық бұзушылық пен қайталап қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында «Есепте тұрған» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 107 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтар тұрады.
Жалпы бұл іс-шараның мақсаты – аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерінен анықтап, мінез-құлқына бақылау жасап, түсіндірме жұмысын жүргізу. Өз құқықтары мен жауапкершіліктерін сезініп, қайта қылмыс жасауына жол бермеу болды. Сондықтан аудандық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп азаматтардың үйлерін барып, түсіндірме жұмысын жүргіздік.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
---
27 мамыр 2020 ж. 706 0