№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МҮДДЕ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МҮДДЕ

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында білім беру ұйымдарының директорлары, мектептен тыс мекемелердің басшылары мен есепшілерінің қатысуымен кең көлемде кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры мен есепшісіне қатысты қылмыстық іс аясында, ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет төрағалық жасады. Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Руслан Тілеп алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық істер бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұсынулар жолданған болатын. Соның аясында бүгін кездесіп отырмыз. Кездесуге ұйытқы болып отырған жайтты өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан, Заң аясында еңбек етуге шақырамыз, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов өз кезегінде баяндамасын жасап, Заң талаптарында көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды. Әрі, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою мақсатында мәжіліске қатысушылардың назарына ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары үнемі түсіндірілетіні туралы айтты.
Жиынды қорытқан аудан әкімінің орынбасары аталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен алдағы уақытта да жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Өмірбек БЕКТЕМІР.
23 маусым 2018 ж. 1 217 0