№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Кітапханашы Күләштің ел білмейтін құпиясы

Кітапханашы Күләштің ел білмейтін құпиясы

Кітапхана – көркі оқырман. Оқырман тартып кітапхана әлеуетін арттыру осынау мәдениет ошағындағы жұмыс мазмұнын байыта түсуді қажет етіп отыр.
Осы тұрғыда Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күләш Сұлтанбаеваның мынадай бастамалары құптарлық-ақ. Семинар жұмысына аудандағы барлық кітапханашылар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова шарада сөз алып семинар жұмысына сәттілік тілеп, кітап оқу арқылы сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, еңбекқор ұрпақты тәрбиелей алатынын, осы тұрғыда кітапхананың орнына тоқталды.
Шараның бірінші бөлімінде Күләш Сұлтанбаева  «Кітапхана айдынында»  оқырман бенефисінде, 1988 жылдан бастап кітапхананың байырғы және тұрақты оқырманы Нұрханша Аманжолқызының өнері мен шығармашылығына арнады.
Алдымен «Өнер өмірімнің өзегі» көрме бөлімінде оның оқыған кітаптары мен жетістіктерін, өзі сомдаған сахналық келушілерге таныстырды.
Өнерді өмірінің өзегіне айналдырған бүгінгі кейіпкеріміз Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Адырбек Сопыбековтың шығармашылығымен жақсы таныс. Сондай-ақ театр және мәдениет журналыныңтұрақты оқырманы.
– Менің кітапқа деген махаббатымды оятқан анам. Балабақшаға барғаннан бастап кітап оқи бастадым. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», – дегендей Хадиша апай мен Алтыншаш апай кітап оқуға құмарлығымды оятып, өмірге қажетті кітаптарды таңдап оқуда бағыт-бағдар көрсетті, – деді ол.
Ары қарай бенефис бағдарламасы бойынша Нұрханша Қыпшақбаеваның шығармашылығынан ән айтылып, мектеп оқушылары өлеңдер оқып, рухани демалыс сыйлады. Аягөз Айдосова, ардагер ұстаздар Хадиша Үкібаева, Алтыншаш Әміржановалар тілегін жаудырды.
Мұнан әрі қарай кітапханашы оқырман санын арттырудағы өз жұмыс тәсілімен бөлісті.
Ауыл тұрғындарының мәдениет ошағы болып саналатын қараорынға көптеп тарту үшін осы ғимараттың бір бұрышынан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышын ашыпты. Компьютер құрылғысы қойылып, оған өзі жауаптылық танытып, келген тұрғындарға мекен жай анықтамасын, тағы басқа қажетті құжаттарды шығарып алуға жағдай жасап қойыпты.
– Қазіргі технология дамыған заманында еgov kz. электронды үкімет порталы әрбір кітапханада болу керек. Мақсатым – кітапхана шаңырағына бас сұғушылардың санын арттыру. Сонымен қатара келген кісілерге жаңа әдебиеттерді таныстырып, қызығушылығын арттыруға тырысамыз, – дейді ол.
Тәжірибелі кітапханашы мұнан әрі қарай бұған дейін руханият мекемесінде өткен қызықты іс-шаралардың бейнероликтерін көрсетіп, өз жұмысының мазмұнын мол мағлұматтар алмасты.
Семинар жұмысына жоғары баға берген аудандық кітапхана директоры Әсем Тілеубергенова осындай игі іс жасап халық ықыласына бөленіп келе жатқан Күләш Сұлтанбаеваға өз атынан ризашылығын білдірді.
Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірмейтін білім бұлағының қайнар көзі, сондықтан сол бұлақтың көзін ашуға кітапхана қызметкерлерінің атқарар орны ерекше.
Майра Ғаниева
---
12 қазан 2019 ж. 958 0