№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Венгриядан туған өлкесіне келіп қызмет етуде

Венгриядан туған өлкесіне келіп қызмет етуде

Жаңақорғандық жастардың жаңа көшбасшысы іске кірісті. Иә жақында Наурызбай Ерікұлы жастар саясатына жауапты маман болып бекітілді. Енді ол жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, бизнес және тағы басқа салада жастар үлесін арттыруды үйлестіреді. Осы бағытта атқарылатын жұмыстарды өзінен сұрадық.

– Жаңа қызметіңіз құтты бол­сын! Әуелі өзіңіз жайында ақпарат бере өтсеңіз?
– 1993 жылы Жаңақорған кентінде дүниеге келдім. Аудан орталындағы №163 мектебін «Алтын белгімен» бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінде білім алдым. Осы оқу  орнында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқыту­шысы болып еңбек жолымды бастадым. Аталмыш оқу ордасының қабырғасында тәжірибелік бағытта Еуропаның Венгрия елінде Ядоши Кодолани атындағы университетте тағылымдамадан өт­тім. Туған жерге деген сағыныштан болар, кіндік қаным тамған ауылыма келіп қызмет жасап жатқаныма еш өкінбеймін. Жаңа қызмет бұйырған екен енді аянбай жұмыс жасау керек.
– Жастармен жұмыс жасау оңай емес. Қандай бастамаларыңыз бар?
– Алдымен осыған дейін жасалып кеткен жоспарларды мұқият қарап шығып, соның іске асуына жол сал­сам деген ойдамын. Одан кейін Мемлекет басшысының жолдауларын жастардың жүрек түкпіріне жеткізе ала­тындай деңгейде насихаттауға  арналған кездесулер мен іс-шара, еркін форматтағы пікір алмасулар өткізу ойда бар. Жалпы белсенді жас – ел тірегі. Аудан жастарына осыны түсіндіріп, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру басты міндет. Жастар ара­сында интернет бизнес және ІТ саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп, «КОВОРКИНГ» орталық ашуға жұмыс жасап жатырмыз.
– Аз-кем өзіңіз басқаратын орта­лықтың мақсаты мен міндетіне тоқ­талып өтсеңіз?
– Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады. Міндеті жастардың бастамалрын қолдау, жас­тар арасындағы ахуалға монитринг жасап талдау жасауды жүзеге асыру.
–  Өзіңізайтып  отырған ресурс­тық орталықтарға жүктелген мақ­сат пен міндеттерді іске асыру үшін қандай функцияларды жүзеге асы­ру керек?
– Біріншіден, жастар арасында жұ­мысқа орналасуға ықпал жасау, кәсіптік бағдар беру, волентерік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізу. Екіншіден, жастар арасында туындаған мәселерді талқылау үшін жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдарды құру. Үшіншіден, аудан және ауыл жастарының ара­сын­дағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысу, жас­тардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жасау.Осы аталған функциялар орын алған жағдайда ғана жастар қоғамнан өз орнын таба алады.
– Жылдық жоспардан тыс қан­дай да бір іс-шара өткізу ойыңызда бар ма?
– Әрине. Жақында ғана қоғамдық қор статусын алған «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымының жігіттерімен жас­тарға жаңаша форматта кездесу өткізу жоспарда бар. Бірақ қандай бағытта өтетіні әзірге құпия болып қалсын. Өйткені пысықталу үстінде. Айта кететіні, бұл кездесу қазан айының соңғы күндеріне жоспарлануда. Аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс жасауды негізгі мақсаттың біріне қойып отырмын. Себебі, онда жұмыс жасайтын жігіттердің жастарға берері көп.
– «Жастар жылының» аяқта­луы­на санаулы ай қалды. Қалай қоры­тындыламақшысыз?
– Алдымен осы жылға жоспарланған іс-шаралардың өткізілуіне аса мән беріп, жылды жақсы нәтижемен қорытындыласам деймін. Оның қатарында ауыл жастарын психолог мамандармен, ішкі істер орган қызметкерлерімен жүздестіріп, қылмыс пен суицидтің алдын алу шаралары бойынша кездесу өткізу жоспарда бар.
– Іске сәт! Сұқбатыңызға рах­мет!
Лаура БИБАСАРОВА

12 қазан 2019 ж. 1 645 0