№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » “ЖАРҚЫН ДАМУЫМЫЗДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЗАҢДЫЛЫҒЫ БАР” ДЕЙДІ ҚАНДАСЫМЫЗ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ НЕЙЛА АЛЬФАРИДҚЫЗЫ

“ЖАРҚЫН ДАМУЫМЫЗДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЗАҢДЫЛЫҒЫ БАР” ДЕЙДІ ҚАНДАСЫМЫЗ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ НЕЙЛА АЛЬФАРИДҚЫЗЫ


Әкесі Илялетдинов Альфарид Низамұлының туылғанына 90 жыл толуына орай ауданда ұйымдастырылған ақындар мүшайрасына қатысуды мұрат тұтып, мұхиттың аржағынан арнайы келген қайраткер ғалым жас талапкерлерге аналық жүректен тілегін жеткізіп, Бас жүлдеге бағалы сыйлық – телевизорды өз қолымен табыстады.
Бүгінде Швейцарияның Женева қаласында тұратын замандасымыз, елжанды арумен арқа-жарқа сұхбатымыз туған жердегі қараорын Илялетдиновтер шаңырағының шырағын маздатып отырған аяулы бауыры, ардагер ұстаз Софья Низамовнаның отбасында жалғасты.


– Алдымен әңгімемізді сізді Жаңақор­ғанмен жіпсіз жалғап, жан түкпірінде суымай сақталған жанашыр сезімнің киелі құдыретінен бастасақ.
– Оның мағынасы тым тереңде. Өмір­дегі ең бір пәк, қымбат күндерің – балалық шағың өткен жер ешуақытта ұмытылмайды екен.
Осы шаңырақта әжем – Ғаянның бауырында өскен бал күндерім күні кеше­гідей есімде. Онжылдықты әкемнің қолында Алматыдағы №56 мектепте тәмамдадым. Одан әрі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Әке жолымен мен де микробиология сала­сын таңдадым. Мектепте жүргенде республикалық олимпиадада 1-ші орын алып, онжылдықты «Алтын медальмен» бітіргенмін. Сондықтан оқу қиынға түспеді. Ары қарай аспирантураны тәмамдап ғылыми диссертациямды қорғадым. Тұр­мыс жағдайымен Латвияға келіп, еңбек жолымды Вильнюстегі жоғары оқу орнында лаборатория меңгерушісі болып бастадым. Тұңғышым – Алғыс, одан кейін қызым – Кристина өмірге келді. Жарымның ішкілікке жақын болуы, бәрінен бұрын расизм дертіне дендеуі көңілімізге көп көлеңке түсірді. Анам менің шапырашты руынан. Ол да ғалым. Ұзын бұрымы өзіне әдемі жарасатын, өте көрікті кісі еді. Алғысымыз нағашы әжесіне ұқсаған әдемі жігіт боп өсті. «Қазаққа ұқсайды" деп ұлымды кінәлауы бәрінен бұрын жаныма батты. Балаларымды алып, Алматыға кеттім. Америкаға туристік жолдамамен барғанымда, сонда бірге оқыған курстасым Сергей Сокалды жолықтырдым: «Мен сені университетке молекулярлы микробиология пәні бойынша жұмысқа қабылдайын, осында қал» деп кеңес берді. Осылайша менің Гарвард университетіндегі өмірім басталды.
– Ғылым жолындағы баспалдақтарыңыз несімен ерекшеленеді?
– Микробиология – ғылымның бір ғана бөлігі. Адам және жан-жануар организмінің толыққанды табиғатын түпкіліктізерттеу мақсатында Бостондағы жоғары оқу орны аспирантурасында білімімді шыңдадым. Одан әрі Гарвард университетінде PhD докторы ретінде ұстаздық еттім. Сонымен қатар Гарвард балалар госпиталінде «Ер балалардағы бұлшық ет дистрофациясының тұқым қуалаушылығы» тақырыбында зерттеуімді жалғастырдым.
– Мамандық мерейі өз алдына, жаңа ортаға қалай бейімделдіңіз?
– Дұрыс айтасыз. Бөтен жерге бір­ден тәуекел ету қиын. Жан жарым – Христофор Хейни көп демеу болды. Ол екеуміз Мәскеуде бірге оқыған бола­тынбыз. Студент шағында маған жүрегін ұсынған оның ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартқанмын. Неге десеңіз, ол кезде менің әкем Кеңестік партия қызметкері. Илялетдиновтердің бәрі дерлік қоғамның көрнекті өкілдері болып қалыптасқан кез. Мен мұндай қадам жасағанда барлығының басына күн туады деген сөз. Саясат солай еді ғой. Кейін өз егемендігімізді алып, тарс жабық шекараның есігі ашылып, ел мен ел қарым-қатынасына мүмкіндік туды. Әлі бас құрап үлгермеген бала кезгі құрбым – Христофордың ендігі жерде үмітін кеспедім. Келісімімді бердім. Әрине ата-анамыздың алдынан өттік. Екі жақ та келісіп, Вашингтонда үлкен тойымыз өтті.
Христофордың ата-анасы да дипло­мат кісілер екен. Әкесі Вьетнамда, Хорватияда, Ресейде, Африка елдерінде елшілікте қызмет атқарған кісі. Менің ерім де Гарвард университетінде аспирантурада оқыды. Жеке компания құрып, соны басқарып келеді.
Хейнидің отбасы менің ата-анама үлкен құрметпен қарады. Жалпы, Америкада адамның тұлғалық деңгейі бірінші орында тұрады. Білім деңгейі биік, өрелі тұлға ол қандай халықтың, ұлттың өкілі болмасын қадірлі саналады. Бұл тұрғыдан келгенде екі жақ құдалар арасында қалтқысыз құрмет қалыптасты. Балаларымызды ақылы мектептерде оқыттық. Қазірде ұлым Алғыс Чикаго қаласында тұрады. Жеке студиясы бар. Композитор. Кристина ағылшын тілі мұғалімі. Кенже ұлымыз 21 жаста. Францияда Халықаралық оқу орнында білім алуда.
Балалар есейіп, өз-өзіме келгеннен кейін мені мынадай ойлар мазалай бастады: «Кіммін мен? Жарық өмірдегі қалауым не еді? Оған жете алдым ба? Туған елім – Қазақстанға қандай қызмет жасай аламын?"
Соңғы жиырма жыл Халықаралық біріккен ұлттар ұйымы жанында адам құқықтары жөнінде коллегия мүшесімін. Гендерлік саясат тұрғысында терең зерттеу жүргізіп келемін. Алайда Америка-Алматы-Жаңақорған арасын жол қылған жастық күндерімнің нәтижесі жоқ емес.
Жаңақорғанда, оның елді мекендерінде туған-туыстар бар, жағдайлары маған жақсы таныс қой. Қыз-келіншектер жайы қатты толғандырады мені. Жас босанды демейді, ауыр жұмысты арқалатып, ерлер жағы тыс қалады. Жас келін ерте тұрып, нан пісіреді, балаға да, малға да қарайды. Бұлай болмайды. Үй шаруасы ерлерге де ортақ. Келін өз балаңыз, келешек қолыңызды ұзартып, жағдайыңызды жасау үшін оның өзі жарамды, денсаулығы мықты болу керек. Сондықтан оған моральдық тұрғыдан қамқорлық керек. Мойнындағы жүкті жеңілдету жөн.
Алматы қаласындағы ахуалды алсақ, 40 пен 50 арасындағы "кәрі қыздар» көп. Бала табу үмітімен үлкен кісілер болсын бай, бақуаттының етегінен ұстауды ерсі көрмей, саналы түрде қадам жасайтындар саны артып келеді.
Бала тәрбиесінде ер азаматтарға жауап­кершілікті арттырған жөн. Жал­ғызбасты аналардың артуы осы көзқарас­тың төмендігінен.
Қай қоғамда да әйел құқы мәселесі өзекті. Барар жер, басар тауы қалмаған нәзік жандыларды мемлекет қолдауы керек. Осы бағытта қалаларда жапа шеккен жандарға уақытша паналайтын орталықтар ашуды қолға алдық.
Жаңақорғанда ондай орталық жоқ. Менің бір сүйсінгенім, туған топырағымда имандылықтың кемімегені. Халықтың әлжуаз тобына алдымен қол ұшын созып, қорған болатын аудандағы мешіттер болып отыр. Әлгіндей жылап келген әйелдерге рухани дем беріп қана қоймай, ерлерімен татуласуына насихат жүргізіп, тура жолға үндеп, мұқтаждарға қолдан келген көмегін аямай, азық-түлікпен қамтамасыз етуде мейір-шапағатшы болып келеді. Ал үлкен қалалардың көбінде олай емес. Зерттеп көрдім, зәулім мешіттер тұрғанымен мұндай жанашырлық көп байқала бермейді. Әлеуметтік әлсіз топтарына, жалғызілікті аналарға үкіметтік емес ұйымдар арқылы көптеген көмек түрлері көрсетіліп келеді.
– Көп жылдардан бері жер шары халқына социологиялық зерттеу жүргізіп келе жатқан маман, ғылым докторы ретінде Қазақстандағы хал-ахуалға қандай баға берер едіңіз?
– БҰҰ жанындағы "Адам құқын зерттеу мәселелері» бойынша Орта Азия, Ауғанстан және Камбоджа елдеріндегі білім, өмір сүру деңгейіне сараптамаға тоқталайын. Мәселен, Камбоджа тұрғындарының 18 пайызы ғана электр игілігін қолданады. Бұл тұрғыдан алғанда, өмір сүру сапасы жөнінен Қазақстан қазір алдыңғы орында. Ел халқына 100 пайыз тегін білім беруден, тегін медициналық қызмет жөнінен ұстанымымызды сақтап отырған елміз. Конституциялық-демократиялық сайлау үлгімізге халықаралық сарапшылар жоғары баға береді.
Мемлекеттің беделіне көлеңке түсіре­тін оппозицияны жоқ дей алмаймын. Бірақ олардың дені қарапайым халықтың қаржысын қалтаға басып қылмысқа шатылып, шетте бой тасалап жүргендер.
Біз үшін еліміздің тыныштығы бәрінен қымбат. Мұны сақтап тұру үшін алдымен адами құндылықтарымыз құрметтелуі тиіс. Жарқын дамуымызды жақсы ниетті адамдар жасайды. Жер бетінде қаншама дін, қаншама сенім бар. Олардың басты ұстанымы біреу. Ол – ізгілік деп аталады. Болашағын ойлаған қандай мемлекет болмасын ізгі ұрпақ тәрбиесін басты орынға қоюға тиіс. Мұхит асып, елімнің мұң-мүддесін арқалап жүргендегі басты мақсатым да осы.
– Әңгімеңізге үлкен рахмет. Құдай сізді қуаттан, үлкен жүрегіңізді шуақтан айырмасын.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
25 мамыр 2019 ж. 4 508 2

Malorie от 16 маусым 2019 20:08
Does your blog have a contact page? I'm having trouble locating it but, I'd like to shoot you an e-mail. I've got some suggestions for your blog you might be interested in hearing. Either way, great blog and I look forward to seeing it expand over time. Everyone loves it when folks get together and share views. Great website, stick with it! I am sure this article has touched all the internet visitors, its really really good article on building up new web site. http://starbucks.com

Antony от 17 тамыз 2019 19:58
sexe au bureau plan cul regulier sexe thailande etudiante en partouze hinata baise rencontre discrete sans inscription pute a frange vr sexe baise en campagne site de plan cul gratuit sans inscription rencontre sexe discret rencontre femme poilue actrice porno gros seins amandine porno top 5 site de rencontre gratuit arabic porno dani daniels porno belle mamie baise rencontre facebook application cu de pute myriam beurette plan cul gratuit montpellier fouet porno classement site de rencontre gratuit baise a l ancienne porno etudiantes porno petit cul petite francaise qui baise alex jones porno rue nu porno sexe amateur etudiant sexe iwank baise petit cul rencontre femme nantes annonce de plan cul gratuit image de sexe une femme baise un homme porno maman arabe je baise ma fille film porno avec clara morgane elle baise en voiture plan cul site rencontre serieuse lesbienne rencontre femme loir et cher film porno de vieux site de rencontre amoureuse gratuit sans inscription video porno film femme pulpeuse sexe site de rencontre erotique chinoise baise femme fontaine rencontre