№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Ұлы тұлғаға тағзым"

"Ұлы тұлғаға тағзым"


Сәрсенбі күні Машбек ауылдық клуб үйінде Қазақстан Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Илялетдинов Альфарид Низамұлының туылғанына 90 жыл толу құрметіне арналған жас ақындар мүшайрасы ұйымдастырылды.

Шараны ашқан ауыл әкімі Өмірбек Ильясов саналы ғұмырын Қазақстан микробиология ғылымын әлемдік деңгейге жеткізуге арнаған ғұлама ғалым – Альфарид Низамұлының өмір жолын ұрпақ жадында жаңғыртуда атаулы сайыстың мән-мазмұнына тоқталып, оны елді мекенде ұйымдастыруға мұрындық болған аудандық Мәдениет бөліміне алғысын жеткізді.
Мүшайраның беташарында сөз алған ғалымның бауыры, ардагер ұстаз Софья Илялетдинова мен өз перзенті, ғылым докторы Нейла Альфаридқызы талап­керлерге ақ жол, сәт сапар тіледі.
Жыр байқауына Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Баян Үсейінова, республикалық ақындар мүшайрасы жеңімпазы Ұлықбек Бекұзақов және ақын Нұрлан Жапеков әділқазылық етті.
Байқауда 15 үміткер бақ сынады. Талапкерлер еркін тақырыпта және бүгінгі кеш иесі Илялетдинов Альфарид ағалары туралы толғамды жырларымен сын таразысынан өтті.
Еркін тақырып дегенмен де жыр додасында бақ сынағандардың барлығы дерлік еліміздің рухани жаңғыруы, «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбын өлең жолдарымен өрнектеп, қоғамның бүгінгі тақырыбын қозғауымен көңілімізді қуантты.
Дегенмен де ұлы Абай ақынның:
«Өлеңге әркімнің-ақ бақ таласы
Білімсіз ол - ақынның бишарасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс ғұмыр келсін айналасы», – дегеніндей, оны ұтымды ұйқастармен жеткізу бір басқа. Осы орайда ойының озықтығы, тілінің жатық, сөз өнерінің ерекшелігімен ерек танылған алты өрен жүлделі орындарды бөлісті. Бас жүлдені қызылордалық талапкер Асқар Әли қанжығасына бөктерді, І-ші орынды Машбек ауылының оқушысы Шүкір Серікболсын, 2, 3 орынды қызылордалық Әмірхан Елдар, Әмина Мұрат, Біржан Сандыбай, шиелілік Өтегенов Бақытжан иеленді.
Жүлдегерлерге ауылдық клуб үйі дайындаған «Диплом» және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлдені Илялетдиновтер отбасы тарту етті.
Жыр кешін Тоқтар Әжімұрат жүргізді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
25 мамыр 2019 ж. 1 241 0