№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ КӨРСЕТКІШІ – БІЛІМДЕ

АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ КӨРСЕТКІШІ – БІЛІМДЕ


Осы интернат ұғымын бізге кім енгізді? Білесіз бе? Әрине, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин. Ағартушы іргесін қалап кеткен Ырғыздағы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат қазіргі қоғамдағы интернаттың бастауы болып табылады. Ал, Жаңақорғандағы №3 мектеп-интернаттың есігін айқара ашқанына биыл 55 жыл. 1963 жылы аудан орталығы Шиелі болғандықтан интернаттың қамту аймағы Бәйгеқұмнан басталған. Тарих бедерінен сүрінбей өткен білім ордасы – бүгінде білім бәсекесіндегі көрсеткіш бойынша аудандағы үздік үштіктің қатарына кіреді. Яғни, Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде «Алтын белгінің» саны артып, озық үрдістің үлгісін көрсетті. Біз де білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері Ләззат Машбекқызы басшылық ететін интернаттың ілкімді істері мен бағындырған белесін бағамдап қайттық. Директормен тілдесіп, білім ордасының бүгінгі тынысымен жақынырақ таныстық. Үздік тәжірибенің қалыптасу жолында кімдердің қолтаңбасы қалғанын сұрадық.
– Президент Жолдауында 2019 жылдан бастап Мұғалімдердің мәртебесін айқындайтын Заң қабылдау керектігін атап өтті. Расында алты алаштың баласы бас қосса – төр мұғалімдікі. Бұл Мағжан Жұмабаевтың айтқаны. Осы тұста, сұхбаттың әлқиссасын ұстаздардың мәртебесі мен біліктілігінен бастасақ...
– Иә, Елбасы жыл сайынғы Жолдауында мұғалімдердің әлеумет­тік әлеуетін арттыруға нақты тапсырмалар жүктейді. Ал, кешегі құнды құжатта келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айрықша атады. Бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен қуанышты жаңалық. Қазақ қашаннан ұстазды қадір тұтқан. Төрін ұсынып, тектілік танытқан.
Бүгінгі таңда 55 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасының бірі – мектеп-интернатта 63 педагог бар. Оның ішінде жоғары санатты-12, І-санатты-34, ІІ-санатты 17 мұғалім қызмет етуде. Биыл жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілген тестілеуде 2-педагог-модератор, 1-пе­дагог-сарапшы, 6-педагог-зерт­теуші өзіндік біліктілігін жоғары деңгейде дәлелдеп шықты. Оған қоса, біздің интернатта 200 балаға жасақталған жатақхана жұмыс жасайды. Мұнда 11 негізгі тәрбиеші оқушылардың дәріске дайындалып, бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді. Өзімізде ешқашан уақытпен санаспаймыз. Түнгі сағат он екі, бір демей балалардың жағдайын біліп, бақылап кетеміз. Мұндай кезекшілікті орынбасарларым мен мұғалімдер де бір жолға қойған.
– Білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын кри­терийдің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептері ара­сында үздік үштіктің қатарында тұрсыздар. Мұндай жетістікке жетудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар ма?
– Бірінші, бізде кадр әлеуеті қалыптасқан. 1995 жылы №3 білім ордасы аудандық дарынды балалар мектеп-интернаты болып қайта құрылды. Міне, сол тұс­та аудан көлемінен іріктелген үздік мұғалімдермен қатары толықтырылды. Атап айт­сақ, Ш.Мажи­това, Ұ.Бекмыр­заева, Ұ.Төлеу, Ғ.Бегентаева, С.Орынханова А.Ақбаева, Г.Әлібе­кова, С.Сүлейменова, тағы басқа жас мамандар қабылданып, бүгінде олар біліктілігі жоғары ұстаз атанды. Ә.Әшірбеков, А.Фейзулдаев, З.Шермағанбетов сынды дара тұлғалардың басшылық етуімен интернат та кадр әлеуеті қалыптасты.
Сондай-ақ Елбасы: «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің өсіп-өркендеуінде әйелдердің қосқан үлесі шексіз» деп айрықша атап өткен болатын. Бүгінгі таңда жаңа­қорғандық нәзікжан­дылар мем­ле­кеттік қызмет пен қоғамдық істерде және кәсіпкерлікте толайым табыстарға жетуде. Яғни, қазіргі таңда қоғамның әрбір бөлігіндегі қызметте – көшбасшы, жұмыста – жігерлі жандарсыз елестету мүмкін емес. Өзім директорлық қызметке келгеніме бес жыл толыпты. Осы уақыт аралығында бағындырған белес бір төбе. Әсіресе, ҰБТ-дағы тәжірибемен бөліссек. Интернатта тестке дайындықты 6-7 сыныптан бастап кеттік. Бұл біздің үздік атануымызға сеп болған тәсіл. Оған қоса, 10-сынып оқушыларын 11-сыныппен қатар сынама тест тапсыртып, мүмкіндігін айқындаймыз. Жаңа оқу жылында қазан айына дейін 4 мәрте тест алдық. Орташа балл 75,5 пайызды құрап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, интернаттың жоғарғы сынып оқушылары ҰБТ-ға 98-100 пайыз қатысады. Бұдан бөлек, 5-сыныптан бастап дәріс берген мұғалімдер он бірінші сыныпқа дейін алып барады. Ай сайын баланың білім деңгейінің бақылап отырамыз. Пайыздық көрсеткішін шығарып педагогикалық кеңесте талқылаймыз. Осындай дәйекті дайындықтың нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізудеміз. Мәселен, ҰБТ қорытындысы бойынша 2015-2016 оқу жылы 92,5 болып 10 «Үздік аттестат, 2016-2017 оқу жылы 93,3 балл 2 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат», ал 2017-2018 жылы 94,6 балға көтеріліп, 2 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестатқа» қол жеткізді. Яғни, жыл сайын пайыздық көрсеткіш жоғарылауда. Бір сөзбен айтқанда, адами капиталдың көрсеткіші – білімде.
– Қазіргі таңда жаңартылған бағдарлама кезең-кезеңімен мек­теп­терге енгізіліп, заманауи талаптарға сай жауап беретін мультимедиялық кабинеттер жа­сақ­талуда. Бұл бағытта сіздерде қандай жаңалық бар?
– Биыл жаңа оқу жылында мектебімізге «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панелі берілді. Заманауи интерактивті тақтаның артықшылығы көп. Біз биология кабинетін осы озық құрылғымен жабдықтадық. Себебі, пән мұғалімі Сәуле Орынханова облыстың үздік мұғалімі номинациясы мен «100 жаңа есім» аудандық іріктеу жобасы қатысушысы. Оған қоса, кабинетке 15 микроскоп берілді. Сондай-ақ интерактивті панель арқылы виртуалды зертхана жүргізуге мүмкіндік мол. Шәкірттер тақта жадына ендірілген бағдарлама арқылы қалаған зертханалық жұмыс­ты сенсорлы жүйемен сауса­ғымен орындай алады. Яғни, бір сәтте биология әлеміне еніп, экспримент жасайды. Бұдан бөлек, интернаттың 11 сынып жетекшісіне алғысым зор. Жомарт жандарды қайырымдылық мақсатта тарта отырып, 11 сынып бөлмесінің барлығы оқушылардың партфолио, кітап, мектепке қажетті құралдарын қоятын жихаздарға қол жеткізді. Талғамға сай, дизайнерлік келбеті жаңарған кабинеттерде шәкірттер шаттана қабылдады. Сонымен қатар, робототехника үйірмесі ашылып, арнайы бөлме берілді. Мұнда да 3,5 миллион теңгенің мини роботтары алынып, озық ойлы оқушылар роботтарды құрастыруға кірісіп кетті. Шығармашыл шәкірттерге «Су моншақ», «Сырлы бояулар», «Қолөнер», «Шахмат», «Домбыра», «Би» үйірмесі тұрақты жұмыс жасап тұр. Аудандық тәрбие орталығының ұстаздары дәріс береді.
– Шәкірт – жетістігі, мұға­лімінің жемісі екені айқын. Сұхбат соңында озат оқушылардың білім бәсекелерінде бағын­дырған бе­ле­сін бір­ауыз сөзбен айтып берсеңіз...
– Шыны керек, интернат шәкірттері бір ғана 2017-2018 оқу жылында ірі-ірі 60-тан білім додасына қатысып, мектеп абыройын асқақтатты. Әрине, жеке-жеке бәрін атап өту мүмкін емес. Десе де, өзге шәкірттерге үлгі болсын деген ниетте бірқатарын атап өтсек. 10 оқушы ағылшын тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқан. Биология пәнінен Жарқынбек Қарлығаш пен Жарқынбек Іңкәр республикалық Ұлттық интернет олимпиадасында І-дәрежелі дипломға ие болса, өнертапқыштардың облыс­тық жа­ры­сында Мәмедәлі Дәулет ІІІ-орын, Нұрай Қайратқызы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» облыстық интеллектуалдық білім сайысында ІІІ-орын, Жиенбай Аида физика пәні бойынша халықаралық қашық­тық олимпиадасына қатысып ІІ орын, Назира Әнуарбек физика пәні бойынша республикалық қа­шықтық олимпиадасында І-орын алды. Бұдан көптеген аудандық, облыстық, республикалық білім байқауларында біздің шәкірттер топ жарып, аудан абыройын асқақтатты. Тек білім додасына қатысып қана қоймай, мектепішілік түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, белсенділік танытып жүр. Алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындырамыз деген сенім мол.
– Рахмет, сұхбатыңызға.

Әбдісамат ӘБДІШ.
09 қазан 2018 ж. 3 293 2

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 23:27
Levitra 10 Mg Costo Prix Levitra En Pharmacie Viagra Commander Sur Internet cialis canada Quel Viagra Acheter Amoxicillin And Muscle Aches

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 15:35
Comparatif Cialis Viagra п»їcialis Cialis Ohne Rezept Hannover Cialis Kaufen Internet Propecia Finasteride Depression