ӘДІЛДІК – БІЗДЕН, ТӨРЕЛІК – КӨПТІҢ ХАҚЫ
Тәртіп сақшыларының қызметі уақытқа бағынбайды. Ел тынышын күні-түні күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау басты міндет. Қандай саланың болмасын өзіндік көтерер жүгі бар, дегенмен, сақшылық қызметтің жауапкершілігі бөлек. Көбіне қарбалас істің басы-қасында жүріп, елмен етене қызмет жасайтын құқық қорғау саласы үшін маусым айының 23-і полиция күні деп белгіленді. Төл мереке қарсаңында ішкі істер саласында еңбек етіп, жастарға үлгі болған жандарды ел арасынан іздедік. Санаулы жандар арасынан «Сенбілік сұхбат» алаңына Оразәлі Жамалқановты алып, құрметке лайық жанмен емін-еркін дидарластық.
– Мерекеңізбен!
– Рахмет, балам.
– Ең алдымен еңбек жолыңыздан бастасақ.
– Еңбек жолым 1967 жылы басталды. 4-сәуірде алғаш полиция киімін кидім. Участкі полициясы, одан кейін 3 жыл ГАИ-де қызмет жасадым. Шиелі мен Жаңақорған постын басқардым. Одан кейін бес жыл тергеуде, 1977 жылдан бастап 1991 жылға дейін қылмысты зерттеу бөліміне басшы болдым. Егемендік алғаннан кейін еңбек жолым қоғамдық тәртіпті сақтау бөліміне бастық болумен жалғасты. Қарамағымда 42 қызметкер болды. Екі жыл қызметтен кейін сол сәуір айында өз еркіммен зейнеткерлікке шықтым. Міне, менің 26 жылдық қызметтік мансабым осылай өтті. Құқық қорғау саласының қай саласында болсам да жұмысыма жауапкершілікпен қарауға тырыстым. Зейнетке шыққаннан кейін көше көлігін басқардым.
Шүкір еңбегім елеусіз қалмады. Министрдің қолынан бірнеше рет марапат алдым, «Отличник милиции» деген төсбелгім бар. Биыл қылмысты ісдестіру бөлімінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында тағы марапатқа ұсынылдым. Аллаға шүкір деймін.
– Тергеуші болу да тектіліктен келетін қасиет дейді. Сіз осы ұғымды қаншалықты қастерлейсіз?
– Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Әр қылмыстық істің артындағы адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай қызмет атқару кез келген адамның қолынан келе бермейтіні шындық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қымбат, шым-шытырық оқиғаның түйінін тарқату да тынымсыз ой мен болжамның жұмысы екендігі рас. Тергеуші өте сезімтал психолог, әрі нағыз шығарма адамы болуы тиіс. Себебі, кез келген қылмыскермен жұмыс істеуде көп іздену керек. Әсіресе, кітаппен жұмыс жасау маңызды рөл атқарады. Бірақ, қазір бұл әдісті қолданып жатқан жастарды көріп жүргенім жоқ.
– Қазіргі құқық қорғау саласына қаншалықты көңіліңіз толады?
– Шыны керек, тек бұл салада ғана емес, жалпы сан түрлі мамандықты игерген бүгінгі жастар өте білімді. Алайда, оларды құртатын жалқаулық пен мінезі. Бір сөзбан айтқанда, тәртіп жоқ. Кейде әріптестеріме көңілім тола бермейді. Себебі, күнделікті өмірде ашылмай жатқан қылмыстарды естігенде іштей әттең-ай деген тұстар болады. Орайы келгенде айтайын, ең маңыздысы агент турмен өте тығыз байланысты болу тергеу саласының басты қаруы. Біздің уақытта бұл байланыстың берері көп болды, қазір де солай. Бірде Алтынсарин маңында көл болатын. Сол ағынның ішінде кісі өлімі тіркелді. Анықтасақ Абдул деген суретші екен. Не керек, уақыт өте келе қылмыс ашылды. Әр түрлі методика қолдандық, жемісін берді.
– Байқап отырсам, сіз қарапайымдықты бірінші орынға қоясыз. Бұл қанмен келген қасиет па, әлде орта үйретті ме?
– Екеуі де, қызмет деген бүгін бар ертең жоқ дүние. Ал, адами болмыс өмір бақи тұлғалық бейнеңді көрсетеді. Сондықтан, мүмкіндігінше қарапайым болып қалу азаматтықтың асқары деп білемін. Мен жұмыс барысында да осы мінезімнен танбадым. Кейде жаза басқандарға қол ұшыңды бергің келеді. Алайда, тәртіп ортақ. Жұмысыма шынайлылығым бастаған іс аяқсыз қалмайтын. Қылмыс ашудың түрлі методикасы болады, бәрін игеруге тырыстым.
– Жетпістен асып, сексенге адымдап келесіз, өмір сізге не үйретті. Сіз қоғамға қандай құрмет көрсете алдыңыз?
– Өмір маған көп нәрсе үйретті. Ең бірінші ер-азаматтың қандай болу керектігін көрсетті. Полиция қызметкерлері көбіне түзде жүреді. Үй мен түздің арасындағы алтын көпірді жалғап жүрудің өзі оңай емес. Ер адам барынша сабырлы болу керек, егер ашуланса әйел алдындағы қадірін кетіреді. Ал, мен қоғамға адал қызметіммен құрмет көрсете алдым.
– Бұрынғының билері бүгінгі медиаторлар. Сіз өзіңіздің қарым-қабілетіңізді осы бағытта да сынап көруге бел байлапсыз. Төбелі елге төрелік ету қиын емес па?
– Әділдік – бізден, төрелік көптің хақы. Заманында әділ төрелік еткен Төле би: «біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге құн жетпейді» деген екен. Біздің бүгінгі қызмет кезіндегі билердің бір ізі. Айнымас асылдың сынығы болмасақ та, әділдігін айтып, туралығын түзейміз. Бүгінгі күнге дейін кәсіби медиаторлар 262 өтініш иесін қабылдаса, мен соның 98-не төрелігімді айттым. Келушілер разы, міне маған күш беретін осы разылық.
– Бүгінгі қоғамға не жетіспейді? Арызын арқалап келетіндерді не мазалайды?
– Жасыратын жоқ, ең бірінші қауіп жас отаудың жауапсыздығы. Мейлі, ажыраса берсін, дегенмен ортадағы баланың тағдырына ешкім де мән беріп қарап жатқаны шамалы. Бұл бір, екіншіден, алаяқтық көбейді, қу ақшаның шырмауына шырмалып, есі кететіндер есірді. Үшінші, алимент өндіру. Міне, жігіттің осалдығы, баланың қарекетін ойламаған ерден ел ертең не күтеді? Сондықтан, қазақ жігітіне тән қасиеттен айырылып қалмасақ игі.
– «Әке көрген оқ жонар» демекші, ізіңізді қуған перзентіңіз бар ма?
– Жоқ, бірақ немерем бар. Қазір Астана қаласында ішкі істер саласында қызметте жүр. Шыны керек, мен балаларыма осы мамандықты таңда деген емеспін, тағдырына жазғанын көреді. Төрт ұл, екі қызым бар. Барлығы да бір-бір саланың жүгін көтеріп жүр.
– Біздің естуімізше апам екеуіңіздің махабаттарыңыз мектеп қабырғасында басталды десе-ді.
– Дұрыс айтасың балам (күліп). Біздің тағдырымыз мектеп кезінде шешіліп қойған екен-ау. Құдырет десейші, оқу оқыдым, қызмет қылдым, қаншама уақыт өтсе де, біз қайта бас қосып, отау тіктік. Кім ойлаған бір партада отырған сыныптасым өмірлік серігім болады деп. Жаратқанға алғсымыз шексіз. Жарымның есімі Қалдыгүл Шоқыбаева, №163 мектепте 30 жылдай ағылшын тілі пәнінен дәріс берді, қазір зейнетте. Міне, осылай өмір өзенімен ағып келеді.
– Ғұмырлы болыңыздар. Сұхбатыңызға рахмет!
Әлібек ТЕМІРБЕК.