№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Шахмат ойынын қалай үйрендім

Шахмат ойынын қалай үйрендім

1955-1956 оқу жылында А.Романов атындағы №53 мектебінің 10 сыныбында оқып жүргенімде Төменарықтағы туысымыз Төлен Сүлейменовтің үйінде жатып білім алдым. Өз үйім «Красная звезда» кеңшарында еді. Төлен ағамыз ол кезде Төменарық жұмысшылар кооперациясының төрағасы болатын. Сол кісі жұмыстан кейін кешкілік маған шахматтың фигураларын көрсетіп, ережесін үйретті. Осыдан кейін менің шахматқа деген қызығушылығым ояна бастады.
Орта білім алғаннан кейін Н.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутының физика-математика факультетіне оқуға түстім. Онда екінші курста Цой Сергей, Ни Олег атты студенттер де оқыды. Цой Сергей шахматтан республикалық жарысқа қатысып, 3-орын алған, І-разряды бар еді. Ол шахмат үйірмесін ашып, оған 10-15 студент болып қатыстық. Әйтсе де, үйдегі егде тартқан әке-шешем 2-курсқа оқуға баруыма қиналып, жібермей қойды, өйткені үйде басқа бала-шаға болмады. Институттан құжаттарымды аларда ректор Ермеков «45 сом жұмыс беремін, 22 сомдық стипендияң бар, оқы, шырағым» деді. Бірақ ата-анама қарайтын міндетім болғандықтан келіспедім.
«Красная звезда» кеңшарының атынан тракторист, комбайнер курстарын (қысқа мерзімді) оқып шығып, жұмыс істедім. Кеңшарда бастауыш комсомол ұйымының 2-хатшысы қоғамдық негізде спорт нұсқаушы (ауданнан 5 жігіт  Қызылордада он күн оқып куәлік алдық) болып істедім. Ауылға келген соң 2-3 жылдай айына І-рет шығатын «Шахматы в СССР» журналын жаздырып алып, оқып, үйрендім. Кеңшарда Михайл Ким, Д.Хан атты мұғалімдер шахматты жақсы ойнайды екен, олармен қол боста ойнап та тұрдым.
Аудандық спорт комитеті ұйымдастыруымын шахмат біріншілігіне шақыртылып, 1-орын иелендім. Онда Орынбаев Сабырхан, хирург Ким және басқасынан айламды асырдым.
Шахмат жарысын ұйымдастырған Кенжебек Саркулов еді. Спорт комитетінде Шәріп деген азамат болатын. Одан әрі облыс біріншілігіне қатыстым. Онда Төретамнан келген әскери қызметкерлер В.Рудинко, Иванов қатысты. Екеуі де спорт шеберлігіне үміткер екен. Қаладан корей ұлтынан 6 кісі, көзі көрмейтін ІІ-разрядты татар жігіт қатысты, қазақтардан Шиелі ауданынан А.Аташев болды. Осы жарыста шыңдалып, тәжірибемді арттыра түстім.
Ішкі істер бөліміне қызметте болған жылдары шахматтан жарысқа қатысуға уақыт тапшы болды. Оған дейін «Қайрат» ерікті спорт қоғамының облыстық біріншілігінде І орын алып, одан әрі Ақтөбеде өткен республикалық жарыста командалық сайыста бақ сынадым. Зейнеткерлікке шыққан соң ардагерлер арасында 2 рет облыс чемпионы атандым. 1993 жылы облыс чемпионы атағын жеңіп алдым. Облыстық «Алтын күз» спартакиадаларына бірнеше рет чемпион атандым. Онда мен І-тақтада ойнайтын едім. Астана қаласында өткен спартакиадаға қатыстым. Онда командалық 5-орын алдық. Қазір архивімде 12 мақтау грамотасы бар екен.
Ішкі істер органы ардагерлері аудандық бастауыш ұйымының төрағасы міндетін қоғамдық негізде атқара жүрсемде, шахмат спортымен етене айналысамын. Ұзақ жылдандан бері ерлер арасында ауданымыздағы үздік шахматшы екенін жарыстарда үзбей дәлелдеп келемін. Ауыл-село спортшыларын біріктірген «Қайрат» ерікті спорт қоғамының 1974 жылы шахматтан өткізілген облыс біріншілігінде чемпиондық атаққа қол жеткіздім, сол жылы Ақтөбе қаласында өткізілген осы спорт қоғамының Республикалық біріншілігінде жүлделі ІІІ орынды иелендім.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі және спорт ардагерлерінің 1990 жылы өткізілген І облыстық спартакиадасында да қатысушылар арасында жеңімпаз болған. Сонымен бірге, ол кісі ардагерлер арасында өткізілген 2007 жылғы және 2012 жылғы облыс біріншіліктерінде де жеңімпаз болғаны белгілі.
Үстіміздегі жылдың көктемінде Қызылорда қаласында шахматтан швейцариялық жүйеде ерлер арасында өткізілген облыстық біріншілікке қатыстым. Қатысушылардың үлкені болғаныма қарамастан негізгі қарсыластарын ұтып, бірнеше спорт мастері атағына үміткерлерді артқа тастап, чемпиондық атақты жеңіп алдым. Ардагер спортшы өлкеміз тарихын зерттеп шығармашылықпен де айналысады. Ол, ҚР Журналистер Одағының мүшесі ретінде түрлі деңгейдегі газет-журналдарда үзбей мақаларын жариялап тұрады.
Мен ұстаздық етіп тәрбиелеген Қайрат Мұратбаев, Ерсерік Әділет облыс чемпиондары болды. Бөженов Нұржан да мықты шахматшы болғанын мақтаныш етемін.

Жасұзақ АМАНБАЕВ


18 қазан 2020 ж. 7 952 0