Шахмат шеберлері бақ сынады
№110 мектеп-лицейінде қаржы саласының ардагері, КСРО қаржы жүйесінің үздігі Бекмахан Дүйсенбаевты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасындағы аудандық турнир өтті.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімнің орынбасары Адай Салыбеков бұқаралық спорттың өңірде өркендеп келе жатқандығына тоқталып:
– «Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріп келді. Бұл бағытта жаңақорғандық спортшылардың бағындырған белесі бір төбе. Олар халықаралық, республикалық спорттық додаларда атой салып, аудан абыройын асқақтатып жүр. Әсіресе, ауданда бұқаралық спорттың даму деңгейі жыл санап артып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ықыласы жоғарылауда, – деді.
Одан кейін сөз алған қаржы саласының ардагерлері Қамбарбек Әжібеков пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов шахматтан турнирге қатысушыларға Бекмахан Дүйсенбаевтің өмір жолы мен атқарған абыройлы істеріне, тәлімгерлігімен азаматтық пайым-парасатына тоқталды.
Бекмахан Дүйсенбаев 1924 жылы дүниеге келген. Еңбекке ерте араласып 12 жасынан егін егумен айналысып, 1947 жылы Төменарық қыстағындағы орта мектепке есепші болып жұмысқа орналасады. 1949 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ССР-інің қаржы министрлігінің қаржы несие техникумына түсіп, оны «Үздік диломмен аяқтайды. Техникумды бітіргенен кейін Жаңақорған аудандық қаржы бөліміне жұмысқа орналасады. Зерек жас 1956 жылы облыстық қаржы бөліміндегі КРУ-ге бақылаушы-тексеруші болады. 1959 жылы аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1962 жылы аудандық тұтынушылар одағының төрағасы қызметін атқарады. Өзіне қандай жұмыс тапсырылса да адал атқарған Бекмахан Дүйсенбаев облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан соң да, 1985 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінің шешімі негізінде ауданда алғаш болып архив құжаттарын жинақтайды.
Қаржы саласының ардагері Бекмахан Дүйсенбаевтың еске алуға арналған аудандық турнирге барлық мектептерден шахматқа жүйрік 56 мектеп оқушысы қатысып бақтарын сынады.

Иса Беркімбай.