Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Pifagor мектебінің негізін қалаушы шағын орталықты қалайша үлкен компанияға айналдырды

Pifagor мектебінің негізін қалаушы шағын орталықты қалайша үлкен компанияға айналдырды

  Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген "Пифагор" қосымша білім беру мектебінің директоры, жас кәсіпкер Асан Жолдасов айтып береді.
ÐÑан ÐолдаÑов
F: Асан, идея қалай пайда болды және қалай іске асты
- Негізі мектеп 10 жыл бұрын, 2008 жылы ашылды. Мен мектепте 5-6 сыныптарда үшке оқыдым, тек математиканы жақсы көрдім. Олимпиадаға тек беске оқитындарды алып баратын, олардан есепті жақсы шығарсам да мені жарысқа апармайтын, мен соған қатты ызаланатынмын. Содан Алматыдағы физика және математика мектебіне түсуге тырыстым. Бірақ алғашында жолым болмады. Кейін бағымды қайта сынап, аталған мектептің шәкірті атандым. Араға уақыт салып олимпиадаға шығара бастайды. Қазақстан құрамасына кіріп, әртүрлі олимпиадаларға бардым, бірде жеңіп, кейде жеңіліп келетінмін, жалпы 30-дан астам елде болдым. Мектеп бітіргеннен кейін IT саласы бойынша ҚБТУ-ға түстім. Университетте оқып жүрген кезімде өзім оқыған мектеп директоры сол мектепке сабақ беруге шақырды, ал екінші курста өзге мектептер де қатар шақырып бастады. Бірақ бәріне барып үлгеру мүмкін болмады.

   Содан соң мен, Алмас Күнгожин және Дамир Елеусизов деген үш жігіт болып арнайы математика мектебін ашуды ойластырдық. Әр аймақтан балалар жинап, жазғы лагерь ұйымдастырдық. Бастапқы кезінде ұстаздарға мектептер ақша төлейтін, кейін біз оның моделін өзгертіп, ата-аналар төлеу керек деп ұйғардық. Өйткені, мектептерде бюджеттен ақша қарастырылмаған болатын. Алғашқы кездері ҚБТУ ректоры қолдау жасады, 3-4 жыл ҚБТУ жертөлесінде немесе бос бөлмелерде сабақ беретінбіз. Кейін қасымдағы жігіттер кетіп қалды: 2009 жылы Дамир ағамыз оқуға, 2012 жылы Алмас ағамыз PhD дәрежесін қорғауға кетті. Кетер алдында өз үлестерін маған сатты. Осылайша орталықтың, мектептің басқарылуында өзім қалдым. Аталған мектептің, орталықтың негізі осылай қаланған болатын. Уақыт өте республикалық, халықаралық жарыстарға шыға бастадық.

F: Яғни, бұл қосымша білім беру жүйесі болып табылады ма?
- Бұл негізі олимпиадаға дайындайтын қосымша білім беру мектебі. Басында студент болғандықтан, орталық бағдарын басқаша дамыттық, яғни тек жоғарғы сыныптарды емес, орта буынды дайындайтын балаларды да іздестірдік және оқыта бастадық. Ал орта буын ішінде ондай балалар өте көп екен. Балаларымызды Мәскеуде, Болгарияда оқыттық. Содан IMC деген олимпиадаға орта буынды да шығара бастадық. Керемет деген 12 баланы алып бардық, 5-6-шы сыныпта жүріп, жоғарғы сыныптарды ұтатын. Мәселен Аружан деген қызымыз есеп бойынша жоғары сыныптардан жүйрік. Бірақ біз алғашында керемет нәтиже көрсете алмадық. Малайзия, Жапония сияқты алып мемлекеттер бізді ұтып кететін. Бірте-бірте бастауыш мектепке көше бастадық. 2-3 және 5-6-шы сыныптарды қабылдадық. Ал Қазақстанда ондай бұрын соңды болмаған, себебі халықаралық сайыстарға негізінен жоғарғы сыныптарды ғана дайындап келген еді.



F: Компания қалай қалыптасты, мектеп қалай өзгерді?
- Қазір компаниямызды үшке бөлдік. 2015 жылы өзгеруге толықтай күш салдық, себебі көптеген жақсы оқитын балалар жоғарғы оқу орнындарына барғанда сәтсіздіктерге ұшырап жатты. Ал шет елге барса оқи алмай келеді немесе оқуын тастап кететін. Осыған орай білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіп, қателіктерімізді түзеуге кірістік. Мектепке қосымша ретінде 2 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін толық оқытатын жүйені енгіздік. Екінші компания «Курс» деп аталады. «Курс» компаниясының нақты алға қойған мақсаттары бар. Ол оқу орнына, лицейге, Назарбаев мектебіне түсуге бағытталған, оның ерекшелігі емтиханға қысқа мерзімде дайындайды. Үшінші компаниямыз бар, әр баланың ата-анасымен жұмыс істеуге бағыттылған. Сол арқылы бала мәдениет, ғылым бойынша түрлі құндылықтарды бойына сіңіреді. Мұнда тәрбие беруге аса қатты көңіл бөлінеді, оқушы өз қабілетін арттыруға мүмкіндік алады. Ал төртіншісі жуырда ашылатын «Диагностика» компаниясы. Бұл компания балаларға не қажет екенін алдын-ала біліп, ағымдағы деңгейі мен болашақтағы мүмкіндігін айқындайды. Яғни, мектебіміз келешекте осылай төртке бөлінбек. 10 жылда жеткен жетістігіміз осындай.

F: Жалпы нәтиже қандай, қанша бала білім алып шықты?
- Иә, жалпы 10 мыңнан астам бала білім алды. Әр оқушы әртүрлі оқиды, біреуі бір жыл, біреуі екі жыл, енді бірі алты жыл. Көбі жоғарғы оқу орындарына түсті, шет елге кетіп жатыр, керемет программистер шығып жатыр. Еліміздегі ҚБТУ, Назарбаев университеттері сияқты беделді оқу орындарында білімін жалғастыруда. Жуырда ғана санап шықтық, халықаралық жарыстарда 1000-нан астам медаль иеленіппіз, бұл қалалық, республикалық олимпиадаларды санамағанда. Шәкірттеріміздің көбі қазір бизнесте, түрлі компанияларда істейді, Microsoft, Google компанияларына қызметке тұрғандары да бар.

F: Қандай сайыстарға қатыстыңдар? Оның қаншасы халықаралық?
- Қазақстандағы барлық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атандық. 10 жыл ішінде біз қатыспаған олимпиада жоқ десек болады. Биылдың өзінде Қазақстан құрамасына алты бала кірсе, соның үшеуі біздің мектептен болды. Үшеуі бір мектепте, тіпті бір сыныпта оқығандар. Биылғы сайыс Еуропада болды, балаларымыздың бірі күміс, екіншісі қола алып келді. Гауһар деген қызымыз физика бойынша құрамаға енген алғашқы қыз бала, ондай бұрын соңды болмаған. Әлем бойынша қолаға қол жеткізіп, Кореяға оқуға түсті. Аружан Аманбаева әлем бойынша үш рет жеңімпаз атанды, бір рет алтын, екі рет қола алған. Айта берсек, ондай балаларымыз өте көп.

F: Бүгінгі күні ұжымда кімдер бар, жалпы қанша адам жұмыс істейді?
- Қазір командамызда 120 жұмысшы бар, оның 80 -90 адам ұстаз болып істейді. Алматыда 4 кеңсеміз бар, бірі басқару кеңсесі, қалғаны үшеуі оқу орталығы. Астанада екеу, Таразда біреу. Жалпы алғанда, 7 офис бар, биыл жазда Астанадағы кеңсеміз кеңейіп, сол жағалаудан екі қабатты үлкен кеңсеміз ашылды.
F: Білім қалай бағаланады, бизнес қаншалықты табысты?
- Біз қазір жылына бір рет қабылдаймыз, 2015 жылға дейін ай сайын қабылдайтынбыз, кейін жылына бір рет қабылдау туралы шешімге келдік. Себебі, кері әсерін бере бастады. Биылдан бастап аптасына үш рет оқиды, әр маусым сайын әр сыныпта жақсы оқыған бала грантқа ие болады, бұл 4 млн теңге. Қалғандары ақылы, орта есеппен бір айға 30-50 мың теңгеніңарасы болады.


F: Алда қандай сайыс күтіп тұр?
- Жақында әлемдік деңгейде Болгарияда өткен 13 жарым жасқа дейінгі балаларға арналған IMC деген жарысқа барып, бірінші рет алтын алдық. Алда тағы бір олимпиада бар, ғылым және математика бойынша Индонезияда өтетін IMCO. Біз биыл математика бойынша қатысамыз. Бұрын ғылым бойынша да қатысқанбыз, бірақ нәтиже төмен болды, себебі онда ғылыми есептер шығарылады, бұл Азияда жақсы дамыған, біз оған дайын болмадық. Биыл да жақсы нәтижеге жетеміз деген жоспарымыз бар. 2018 жылдың 26-шы қыркүйегінде Қытайда өтетін «математика және сайыс» олимпиадасына аттанамыз.
F: Әр мектептің өз ерекшелігі бар. Сен басқарып отырған білім ордасының басты ерекшелігі қандай? Жетістіктің құпиясы неде?
- Бұл ең алдымен дұрыс қойылған жүйе, екінші команда, олардың жалақылары жоғары, сондықтан бәрі жандарын беріп жұмыс істейді және ата-аналардың қолдауы.
22 қараша 2018 ж. 3 279 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 08:22
Il Viagra Funziona Sempre cialis price Produit 161 Pharmacie Qui Vendent Deux Viagra Et De Dapoxetine

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 18:23
Amoxicillin Length Receta Comprar Propecia Online Viagra Chewable brandlevitra on line Non Prescription Advair