
АҚҚУДЫ АТПА ЫРЫМЫ
Ұлық Алла аққуды ерекше әсем етіп жаратады. Пейіштегі Салсабил өзенінде сырбаздана жүзгенде оның сұлулығына барша періште таңдай қағып, қарап тұрады екен. Алла жерді жаратқан соң, табиғатқа сұлулық дарыту үшін аққуды жерге жібереді. Аққудың әсемдігін көрген асқар таулар балқып, оған еліктеуге тырысады екен....








