Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңақорғандық Сабырхановтар отбасы «Ынты­мақты отбасы» номинациясына ие болды

Жаңақорғандық Сабырхановтар отбасы «Ынты­мақты отбасы» номинациясына ие болды

  Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Бұл жерде адами капитал жаңғырудың негізі болып табылады. Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде ғана табысы артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз әлемге үлгілі қоғам құра аламыз. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналады.
Осы тұрғыдан келгенде, елдегі үлгілі отбасыларды насихаттау, олардың мерейін асырып, көпке өнеге ету мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді.



  Биылғы жылы облыс бойынша ең үлгілі отбасы аталымына 372 отбасы ниет білдірсе, соның ішінде әділ қазылар алқасы шешімімен 10 отбасы жүлделі орындарға ие болды.
Осы байқауға ауданымыздан қатысқан отба­сылар арасында қожамберділік Қарым­баевтар отбасы жүлделі ІІ орынды иеленсе, жаңақорғандық Сабырхановтар отбасы «Ынты­мақты отбасы» номинациясына ие болды.
Әрине, аламан бәйгеде топ жарып, жүзден жүйрік шығу, жаңа әлгінде айтып өткеніміздей, өмір сапасына байланысты. Жанұя сапасы дегеніміз – тағдырдың небір өткелегінен өтсе де сынын жоғалтпайтын, қай жағынан алып қарасаңыз да жалғаны жоқ тап-таза шынайылығы басым қарапайым қағидадан тұрады. Өзіне сенген, өзінің еңбегіне сенген, мұндай жандардың бүгіні де, болашағы да жарқын болмақ. Еңбек – әлемнің әміршісі дейтініміз де сондықтан.
Сонымен, өңіріміздегі өнегелі отбасылар байқауында бәсі басым түскен Қарымбаев әулетінің ақсақалы Жанболат Айтбайұлы, 1940 жылы 8 наурызда Қожамберді ауылында туылыпты. Жастық шағында Сунақата шаруашылығында механизатор болып еңбек атқарған. Ал 1973 жылдан бастап 1994 жылға дейін, яғни зейнеткерлікке шыққанша аудандағы ПМК-34 мекемесінде механизатор (скреперист) болып жұмыс атқарыпты. Елге еткен ерен еңбегі кезінде лайықты бағаланып, «Еңбек даңқы» орденімен, «Тоғызыншы бесжылдықтың озаты» төсбелгісімен марапатталған екен.
Жары Рауза Қалмырзақызы «Алтын алқа» иегері. Екеуі 7 ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, олардан өрбіген немере, шөбере қызығын көріп, тағдырдың осындай көл-көсір тартуына шүкіршіліктерінен танбай келеді.
Отбасы ұстыны болып, оның өзіндік тәртіп-қағидаларын нық ұстау қара шаңырақта отырған атұстарға байланысты. Осы орайда Жанболатұлы Махметжанды ел арасында өзіндік абыройы бар айтулы азамат десек жаңылмаймыз. Ол да әке жолымен саналы ғұмырын ел ырыздығын молайту жолындағы еселі еңбекке арнап келеді. Ол да әке жолымен техника тізгіндеумен қатар, қазіргі таңда жеке кәсіппен де айналысады екен. Омартасы бар. Сонымен қатар жылқы малын баптау, бақша күту жұмыстарымен де айналысып, тұрғындардың күнделікті қажеттілігіне өзіндік қолтаңбасымен үлесін қосуда.
Жары Сәрсенова Бекзат Күміс алқа иегері. Ол қазірде Қожамберді ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде мейірбике болып жұмыс атқарады.
Бұл екеуінен өсіп-өніп отырған ұл-қыздары мектепте үздік білімдерімен танылған. Олардың ұлы – Ерсұлтан бүгінгі таңда аудан әкімі аппаратында жауапты қызметте. Ал Рүстемі – Қызылорда қаласында газбен жабдықтау бөлімінде техник, Дастан аудандық ауруханада орта буынды медицина қызметкері. Қыздары Нұрила мен Құралай балабақшада тәрбиешілер.
Үлкен аталары Айтбай "Ұлы Отан" соғысының ардагері. Одан тараған үш ұл – Жанболат, Рахмет, Мүсірепжан үшеуі де бүгінгі таңда зейнеткерлер. Бірақ кезінде өнердің сан саласын жетік меңгерген екен. Жанболат ақындық қабілетімен қара үзсе, Рахмет республикалық байқауларда оркестр құрамында домбырада ойнап, жүлде алған. Мүсірепжан да осы өнерден қаражаяу емес. Осының барлығының астарында олардың аналары – Зухра апамыздың бидің қызы болып, ел арасындағы дау-дамайды шешіп отыратын өжеттілігімен қоса суырып салма өнерге жақындығы себеп болса керек. Бұл жөнінде шөбересі Ерсұлтан былай дейді:
– Үлкен әжемізді мен көргенмін. 5-6 сыныпта жүргенімде бақилық болды. Оған дейін бауырына алып, бағып-қағып, қаншама күндер-түндер құлағыма құйған қисса-дастандары менің бала жүрегімде жатталып қалды. Әжемнен жұққан болу керек, қазірде қара өлеңге келгенде арқам қозып тұрады. Өзім өлең жазамын, – дейді ағынан жарыла.
Қарымбаевтар отбасы атадан келе жатқан ұлттық құндылықты ұлықтап, күнделікті өмірде соның қажеттісін ұсынықты қолдануға ынтасын кеміткен емес. Мәселен, бұл шаңырақта ата-әжелерінің қолынан ауысқан диірмен дейсіз бе, келі-келсап дейсіз бе, күбі дейсіз бе, аң аяғы қара қазаны күні кешегідей, иелерінің алақанының ыстық табынан ажырамай, әулеттің ырысқы-несібесін ажыратып отыр. Қарашаңырақта осы­ның барлығының бабын келтіріп отырған бесаспап келін – Бекзат осы білгендерінің барлығын өз келіндеріне де үйретіп, бабалар мұрасын бабында ұстауға баулып келеді. Ал енді қолдан шыққан ас-ауқат, азықтың дәмінің тіл үйірер табилылығын ешкімге айтып насихаттаудың қажеті жоқ. Тары, сөк, жарма, ірімшік, сүзбе қайтадан қазақтың дастарханының сәніне, ас мәзірінің мәніне, бір сөзбен айтқанда брендке айнала бастағанына бәріміз де куәміз.
Ал шаңырақтың келешек тұтқасы – Махметжан болса әкесінің жолымен ат баптап, бие байлап, елді саумалмен, қымызбен қамтамасыз етіп отыр. Оның бір түп ағаштан будандастыру нәтижесінде жылына екі, үш реттен жеміс алатын бағбандығы өз алдына бір төбе.
Сондықтан болса керек, қазақ отбасының берекесін танысуда таудай талапты серік еткен отбасы жүздер таласқан аламан бәйгеде алдыңғы қатардан танылды.
Жұма күні Қызылорда қаласында Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет сарайында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы “Мерейлі отбасы” жүлдегерлерін құттықтап, бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапаттады.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

29 мамыр 2019 ж. 1 021 0