№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Талабы тұнық- қаламға құштарлық

Талабы тұнық- қаламға құштарлық

  Мектеп қабырғасында жүргеннен кітапппен достасып, жаратылыстың сырын білуге ұмтылатын білімге құштарлық – талапкерлерге көп оқуды, ізденуді қажет етеді. Осындайда олардың басты көмекшісі, жақын да жанашыры- кітапхана десек қателеспейміз.

   Мектеп кітапханасының міндеті- білімгерлерге күнделікті оқулықпен қатар әдеби көркем әдебиеттерді көптеп ұсыну. Күнделікті сабаққа қажет оқулықтармен қамтамасыз ету, осы бағытта оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнату.
Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру бағытында қаламгерлермен кездесу өткізу жоспарланған. Осы бағытта аудан орталығындағы №51 мектепте жергілікті қаламгер Баян Үсейінова апайымызбен кездесу өтті. Жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен мектептің АКТ залында өткен «Сара сөзден інжу терген» атты кездесу кешін мектеп директорының орынбасары Ерман Ахметов сөз сөйлеп ашып, қаламгердің болашақ тәрбиесі бағытына тағылымды дүниелерімен үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті. Әдебиетті сүйіп оқитын, келешек қаламгер боламын деген талапкерлердің жүрегіне шуақ, талабына қуат сыйлар бұл күннің болашақ маман иелеріне үлкен әсер сыйлағанын айтты. Әдеби кеште 8 сынып оқушылары Жәмшит Сауранбек, Әмзеев Сүндет Баян апайдың шығармаларынан үзінді оқып, Бақытұлы Нұрберген терме орындаса, Орынбасар Бақыт және Махамбет Сымбат өз арнауларын оқып берді.
«Ұлыма хат» Баян Үсейінованың өз ұлына ғана емес, барлық аналардың атынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, үмітін үкілеп, аманат арқалатқан, жанының бір бөлшегіндей болған балапандарына тілек сынды жүрекжарды жазбасы мектеп партасында отырған әрбір шәкірттің көңіліне қонақтап, ұшан-теңіз әсер сыйлағаны олардың жанарының жарқылынан танылып тұрғандай.
Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Мирамкүл Жиенбаева кешке арнайы кітап көрмесін жасақтап, оны оқушылармен бөлісті.
Кітапхана қызметкерлері еңбегіміздің ақталғанына көзіміз жетіп, жігерімізге жігер қосылды – дейді.
Әсерлі кездесуге қатысқан ұстаздар Баян Сейітова, Айгүл Үсейінова, Әсем Төрегелдиева өздерінің әдемі тілектерін арнады. Кешті Қасиет Ғабитқызы жүргізді.

Қызғалдақ НӘРЗІЛДАЕВА.
30 мамыр 2019 ж. 839 0