№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қысқа ғұмыр түйіні – Бексұлтан биігі

Қысқа ғұмыр түйіні – Бексұлтан биігі

Тербеткен сұлу әнмен даламызды,
Сыр елі мақтанады Бексұлтанмен.

Туған ұлын төбесіне көтеріп, рухын мәңгі жадында ұстайтын жаңақор­ған­дықтардың орны оқшау тұлғаға берер жарқын бағасы осындай.
Аудандық балалармен мәдени-тәр­биелік жұмыстар орталығының ұйым­дастыруымен әнші, сазгер Бексұлтан Байкенжеевті еске алу кешіне арналған «Әні тірі ағаның жаны тірі, Аралап жүр қазақтың кең даласын» атты мерекелік кеші өтті.
Артына өшпес мұра қалдырған композитор, әншінің өмірі мен шығармашылығын таныстыруды мұрат еткен шараның шымылдығын әншінің ұлы Әбсұлтан Байкенжеев «Гүлденген Жаңақорған» әнімен ашты. Келген барша қонақты тәнті еткен бұл әнді орындай отырып Әбсұлтан аға әннің шығу тарихымен де таныстырып оқушыларды сазгердің өміріне қанық ете түсті. Кеште сонымен қатар «Арман» мәдениет үйінің қызметкері әнші Рыскүл Ұлықпанова, орталық директоры Әлімжан Ержанов Бексұлтан Байкенжеев туралы естеліктері мен мол мағлұматтарымен бөлісті. Одан әрі мектеп оқушылары әншінің өнеріне арнаған жүректен шыққан жырларын айтты. Періште бейне, пәк көңіл, асыл жан Бексұлтан Байкенжеев ағамыз артына мол мұра етіп жүздеген ән қалдырды. Сондай тамаша әндері – «Ақбаян», «Ақшолпан», «Жеңешем», «Қаракөз сырдың сұлу талдырмашы», сынды сыршыл әуендерді оқушылар мен ұстаздар Әбсұлтан Байкенжеев, Сұлтанбек Жарылқасын және Рыскүл Ұлықпанованың орындауында тыңдады. Балалар кітапханасының кітапханашысы Тайымбетова Жәмила өзінің «Тербетіп жүрер ән қалды» атты кітап көрмесін таныстырды. Бұл кешке «Балнұр» балабақшасының бүлдіршіндері де қатысып, ән мен жырдан шашу шашты. Бас аяғы 45 минутқа созылған бұл шара қатысқан әрбір жанның көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында Бексұлтан ағаның тыңдарманы Айымгүл апа «Мен Бексұлтан Байкенжеевтің әндерін әлі де сүйіп тыңдаймын, мәнері еш өзгермейтін сұлу әндері көңілімді қатты тербейді» дей келе, ұйымдастырушы ұстаздарға өз алғысын айтты. Композитордың өмірі мен шығармашылығына біршама қаныққан жастар жерлестерімен үнемі мақтанатындарын айтып тарасты.

Балнұр Әбдірахман,
Ақпараттық технологиялар университетінің 1-курс студенті.
29 мамыр 2019 ж. 1 989 0