Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Садақаны мешітке берген дұрыс па немесе пақыр мен мүскіндерге ма?

Садақаны мешітке берген дұрыс па немесе пақыр мен мүскіндерге ма?


   
 
Шариғат бойынша пітір пақырларға, міскіндерге, зекет (пітір) жинауға тағайындалған адамдарға, құлдарды азат етуге (яғни қоғамдық мәні бар жұмыстарға), көңілдерді жібітілуі тиіс жандарға (дінді жақсы көрсету үшін басқа дін өкілдеріне), қарызға батқандарға, Алла жолындағыларға, жолда қалғандарға беріледі.
Қазіргі таңда қалыптасқан екі түрлі формасына тоқталып кетейік.
                                                   
  Мешітке беру.

       Халқымызда бүгінгі күнге дейін пітір садақаны мешітке әкеліп беру үрдісі қалыптасқан. Бұл өте құптарлық іс. Мешіт дін жұмысын жүргізіп отырған орын және зайырлы мемлекетте дін ісі дін адамдарына жүктелгендіктен жоғарыда аталған «Зекет (пітір) жинауға тағайындалған адамдар» мен «Алла жолындағылардың» үкіміне кіретіндігі жайында машһүр ғалымдардың пәтуасы да бар.
       Шын мәнінде, бүгінгі таңда мешіт жұмысытары сан-салалы. Яғни, ел мешіттерінде қайырымдылық көмек сұрап келетіндер көп. Осылайша мешіт әлеуметтік-қоғамдық жұмыстарды шешетін ордаға айналып келеді. Қала берді мешіттің әр мезеттегі үлкенді-кішілі жөндеу, әрлеу, т.б. шаруашылық шығындары, коммуналдық шығындар, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуге, тазалық жұмыстарының шығыны мен қызметкерлердің жалақысы өз алдына қаражатты талап ететін жұмыстар. Мешіт те мұндай шығындарды демеушілердің қаражаты мен халықтың садақасынан төлеп отырады.
      Сонымен бірге қала мешіттерінде көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға (дәстүрлі «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» акциясы), ауыр науқасқа шалдыққан сәбилерге, жолда қалған жолаушыларға, мектеп оқушыларына («Мектепке жол» акциясы) көп мөлшерде қайырымдылық көмек көрсетеді.
       Ал, «қыстың қамын жаз ойлауға» тура келетін ауыл мешіттерінде коммуналдық шығындарды өтеудің өзі қиындыққа соғатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан да, пітір садақаны мешітке бергеннің сауабы мен қоғамдық маңызының айырықша екенін бағамдаймыз.
                           Пақыр мен міскіндерге беру.
       Шариғат бойынша садақа да, зекет те беруге болатын мұқтаж жандар. Пітір садақаның бір мақсаты да осындай күн көрісі төмен, табысы шығынынан артылмайтын адамдарды қуандыру. Дегенмен, бүгінгі таңда осындай адамдарды жазбай танып, қолына тигізудің өзі бір қайырлы іс саналмақ.
       Алайда, көптеген мұқтаж адамдар құжаттарымен келіп, мұқтаждықтарын дәлелдеп мешіттерден қайырымдылық көмек сұрап жатады. Ал, мешіттеріміз оларды тіркеп алып, орайы келгенде қол ұшын беріп келеді. Осы тұрғыдан да мешітке берушілердің әрекеті құптауға тұрарлық.
Алла Тағала пітір садақаларымызды қабыл етсін!
   
30 мамыр 2019 ж. 1 614 0