Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ

Біздің ата-бабаларымыз қадым заманнан бері қызыл тілдің қасиетін білген, естігенін көкірегіне түйген, қазыналы сөзді көмейінде балқытып, кейінгіге өнеге етіп қалдырған. Жыр-толғаудың туы жығылмаған қазақ даласында ақындардың елдік мәселелерді, арғы-бергі тарихты, қоғам көріністерін, дәуір шындығын жырлауы ақындық өнердің ғұмырын ұзартып, алтын арқауын үзбей, ғасырдан ғасырға жеткізді.
Содан болса керек-ті, қашанда қазақ қоғамы сәулелі өлең, шұғалалы жыр иегерін құрметтеп, мерейін асырған. Кешегі кезеңдерде ауылға ақын түссе, ел-жұрт жиналып, той-думанға ұласқан. Ақан мен Біржанның серілік құруында халықтың ыстық ниеті, ерекше ықыласы, сый-құрмет жасауымен байланыстыруға болады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары руханиятты нарыққа байлап, нан табу жолында базарды жағаладық. Бейбіт заманның арқасында халық ес жиды, өткен-кеткенің түгілдей бастады. Қайтадан ақынын құрметтеуді жолға қойды.
Қызылорда облысында «Парасатты поэзия» халықаралық фистифалі соның айғағы.
Поэзия фистивалі аясында бір топ ақын Жаңақорған ауданына ат басын бұрып, жыр сүйер қауыммен жүздесті. Поэзия шөлдеген оқырмандарына өлең өлкесінен жыр ағытты. 



















28 мамыр 2019 ж. 1 075 0