№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Құшағы кең қамқорымыз еді

Құшағы кең қамқорымыз еді



Ол кісі менен төрт-ақ жас үлкен еді. Бірақ бала кезімізді былай қойғанда бүгінге дейін ауыртпалық дегеннің не екенін сезінбей, сол кісінің ақылына арқа сүйеп келген екенмін. Тумысынан табиғаты бөлек, қатарынан дара озып, ерте есейген, елдің адал перзенті маған ғана емес соңынан ерген қаншама бауырға жанашыр дос, қамқор аға, тілектес тұлға бола біліпті. Оның осындай өзгеше жаратылысымен, кең жүректігімен, қатарынан оқшау танылатынын досы түгіл дұшпаны да көзі тірі кезінде-ақ түгел мойындады десем, жаңылмаспын. Тіпті мұндай жанда дұшпаны болуы мүмкін бе?
Бір білетінім, ағам Құттықожаның оқуға ықыласы өте зор болды. Талап совхозының №3 фермасы, қазіргі Манап ауылында малшы отбасында дүниеге келген 6 ұл-қыздың ішінде ұлдан үлкені болғандықтан кәдімгідей әкеміздің ізінен еріп, шаруасын ерте қолынан алуға талпынды, бізге де талабы мықты болатын. Мінезі өте салмақты еді. Алғашында сегізжылды ауылдағы мектеп-интернатында жатып бітірді. Сабақты үздік оқыды. Әсіресе математиканы өте жақсы меңгерді. Онжылдықтан соң әкемнің ойы шаруасын басы бүтін баласына табыстап, бейнетінің зейнетін көргісі келді ме, ары қарай оқуына ықырар болмады.
– Ата (біз әкемізді ата деуші едік) менің әрі қарай білім алғым келеді. Қалаға барып, үлкен оқу орнына түсікм келеді. Батаңызды беріңіз, – деп қолқа салған Құттықожаның талабын құптағысы келмеген әкем: Балам-ау, даланың баласысың, ертең қалада қуаяқтарға қармалып, бұзық жолға түсіп кетсең қай жағынан тауып аламын. Ол жақта қара болатын ешкіміміз жоқ, қоя беруге қорқып отырмын, – деп қаупін де жасырмады. Бірақ ағам айтқанынан қайтпады. Ауылда бір жыл механизатор болып жұмыс істеді. Әкемді көндіріп, үлкен қалаға жол тартты. Алматыдағы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітіріп шықты. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын да өтеп оралды. 1976-87 жылдары Түгіскен кеңшарының бухгалтері, одан әрі бас экономисі болып қызмет атқарды. Осы кездері шаруашылық есепке көшіп жатқан тұс болатын. Еңбеккерлердің шығындарын лимиттеу, сөйтіп табыс көздіктерін арттыру, еңбек күшін тиімді жұмсап, шығынды үнемдеу арқылы табысқа негіз қалауға болатынына елдің көзін жеткізуде кәсіби біліктілігін аямай қажырлы қызмет жасады. Істің көзін білетін шебер ұйымдастырушы да бола білді.
Сексенінші жылдары мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесі құрылып, 6 министрлік бірігіп, ауыл шаруашылығы құрылымына орталықтандырылды. Құтекең сол кезеңдері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аппаратына қызметке шақырылды. Одан әрі облыстық қаржы басқармасында еңбек етті. Осы кезеңдері өзінің табиғат берген еңбекқорлығы, зерек қабілеті арқасында қаржы заңдылықтарын тиянақты меңгеріп, осы біліктілігімен аймақ қаржы саясатының алға басуына абыройлы еңбек ете білді.
Өңір экономикасының өсуіне қалтқысыз тер төкті. Еңбегі ескеріліп, «Қазақстанның қаржы саласының үздігі» атағын алды. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің ІV-V шақырылымына депутат болған кезінде туған ел тағдырына шынайы жаны ашып қана қоймай, қолдан келгенше көмек етіп, қаншама күрмеулі істердің түйінін тарқатып, оңды шешілуіне ықпал еткенін көз көрді.
Құттықожа аға елдің әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелерде биік мінберден сөз алып, мейлінше нәтижелі жұмыстарымен көптің алғысына кенелді. Бұған бауыр ретінде мен де әрдайым мақтаныш сезімде жүруші едім.
Соңғы кезде сырқат айналдырып, ауруханаға жиірек түсіп қалатын. Соңынан сабылып барып, уақыт сарп еткенімізді қаламады. «Мен қазір емделіп жатырмын. Келгенде не көмек бересіңдер. Ауруға араша тұрар, Астананың шипаргерлерінен артық бір білерлерің болып, жәрдем жасайын десең мақұл, текке жұмыстарыңнан қалып сабылып қайтесіңдер? деп бізге бір ауырлық салғысы келмеді. Рухының мықтылығына, анау-мынауға дес бермес жігерлігіне иек артып, кеселді құрықтап, құр аттай сауығып кетеріне біз де сенімді едік. Өйткені ол кісі ауырдым деп ешқашан шағынған емес, қалай болар екен деп уайымға беріліп, шағылған емес. Қай кезде бас қосқанда өзінің емес, біздің жайымызды көп айтатын. «Еңбектен қашпаңдар. Қазір өкімет шаруаға жағдай жасап тұр. Кәсіптеріңді кеңейтіп, жолға қоюды үйреніңдер. Өз қажыр-қайратың, өз ақыл өрісіңмен келешегіңнің қамын жасауға талап қылыңдар» дегенді жиі айтатын. Айтып қана қоймай, қадағалап та отыратын еді.
Қайран аға, өміріңнің қамшының сабындай осыншама қысқа боларын кім білген. Өзі жетпеген биікке өмірінің жалғасы – ұлдары мен қыздары жетсе екен деймін. Жұбайы Рабат – ұрпақ тәрбиелеген ұстаз. Ұзақ жылдар мектепте, одан әрі жоғары оқу орнында химия-биологиядан сабақ берді. Биология ғылымдарының кандидаты. Ұлы Бағлан заң саласының қызметкері. Қыздары Динара Әділет Министрлігінде қызмет жасайды. Гүлнары Қызылорда облыстық қазынашылық департаментінде жауапты қызмет атқарады.
Жазмыштан озған ешкім жоқ. Жаны жомарт асыл азаматтың арманы көп еді. Тек адалдықтан суарылған азғантай өмірінде ол көп асыл іс атқарып үлгерді. Оның қазасы туған-туыс, бауырға ғана емес, Сыр еліне, оны білетін тұтас қазақ халқының қабырғасына айрықша батып отыр. Тағдыр оған ұзақ ғұмырды нәсіп етпесе де «Халықтың ұлы» деген ғажайып нығметті тарту етіпті.
Серқожа Ыдырысұлы, бауыры, Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі.
29 шілде 2019 ж. 631 0