№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады

Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады



Хакім Атай: «... әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді...», – деп ой түйеді.
Ойлап қарасақ, Абайдың келелі ойынан бой түземек түгелі, кейінгі кезде өткенмен мақтануды әдетке айналдырдық. Тарихты біліп, одан қорытынды шығарған жөн. Бірақ, тарихпен мақтану басқа. Осыны түсінсек...
Ақиқатында біз тек тарихпен мақтанып жүрміз. Мәселен: «баяғыда жеңгелеріміз ізетті болатын. Сәлем салып, үлкеннен бата алушы еді. Басынан орамал тсүпейтін. Өйткені, орамалы жоқ әйелдің шашына шайтан жабысады деген ұлағатқа сенетін», – дейтін ағалар көп. Бұл шындығында мақтануға тұрарлық жағдай ма? Себебі, бұл – ұятты жерлерін көрсетуге дейін әйел затының қылығына жаны ауырғандардың ойы.
«Жас кезімізде автобуста үлкендерді көрген бойда орын беріп, сыйлаушы едік. Ал қазір егде тарттық. Бірақ, жастар автобусқа немесе трамвайға мінсек, орын бекрмек түгел, біртүрлі қарайды өздері», – деп ренжитіндер де жоқ емес. Демек, баяғысына шаттанып, бүгінгісіне ренжіп жатқан бір адам.
Тарихтан хабары бар жастар «Баяғыда Голлландияға қызғалдақты біздің бабамыз алып барған екен. Бүкіл адамзат бабамызға рақмет айтуға тиіс. Сондай-ақ ең бірінші жылқыны қолға үйреткен біздің бабаларымыз», – деп жатады. Мақтануға боларлық жағдай. Десе де, бүгінде елімізде жайқалып тұрған қызғалдақ көрдік пе? Жылқының асау басын алғаш үйретсек те, жылқының қымызына қанып отырған жайымыз бар ма? Сондықтан бұл құр мақтану болмағанда немене?!
Одан бөлек ұлтымен емес, руымен мақтану етек алды. «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды. Жамандар жақсымын деп айқайлайды» деген ақын сөзі осы тұрғыда айтылса керек. Мәселен «Баяғыдан менің атам болыс болған немесе 30-жылдары менің атам Алашорданың белсенді мүшесі болған көрінеді», – дейтін жастар шықты. Атасы текті болғаны жақсы. Бірақ, сол тектінің ұрпағы атасының ісімен мақтанбай, өзінің харекетімен кеудесін керсе болар еді. Ал кейбір кеудемсоқ жастарымыз өз руын мақтап, екінші бір руды жерден алып жерге салып жатқанын көргенде бұларға басу айтар ағайындары жоқ па деген ойға еріксіз қаласың. Оған қарағым руыңмен, азаматтарыңмен ауылдастарыңмен мақтан, бірақ өзге руды өз руыңнан кем санама десең өзіңе ежірейді. Мұндайда іс насырға шаппасын дейсің де, жөніңе кетуіңе тура келеді.
P.S.: Шындығында, қарап отырсақ, «баяғыда осылай болған екен», деген әңгімелер легі кете береді, кете береді. Не десек те, тәуелсіздік алғалы ұрпақ мақтанатын бір іс бітірдік. Ол – Сарыарқаның төрінен жаңа Астананың бой көтеруі және отанымыздағы барлық ұлттың бейбіт өмір сүруі. Біз үшін осы тұрақталықты, татулықты сақтау мен қадірлеуден артық бақыт жоқ. Мұны өскелең ұрпақ жадына тоқып, келешек үшін ой қозғайтын уақыт та жеткендей. Әзірге, шындық осы.
29 шілде 2019 ж. 1 018 0