№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАЗАҚТЫҢ КҮШТІ ҚАСИЕТІ ҚАНДАЙ?

ҚАЗАҚТЫҢ КҮШТІ ҚАСИЕТІ ҚАНДАЙ?


Шүкір, Қазақстан сауаттылық бойынша жаһанда алғашқы ондыққа кіреді. Бірақ, надандығы жағынан нешінші орын алатынын ешкім де білмейді...

Хакім Абай «Қазақтың түбіне надандығы жетеді», дегені қалай өзі?
Шындығында, байыптап қарасақ данышпан дәл айтты ма, әлде жанылды ма білмейміз. Бірақ, бір ақиқат бар. Ол Абайдың заманында алаш жұрты алдауға көнетін, білімсіз надан болса, бүгінгі қазақ, білімді алдай алмайтын надандар. Олай дейтініміздің себебі көп...
Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы «Ендігі жауымыз – надандық», - деп қарата айтса да осы індеттен арыла алмай отырған жайымыз бар. Ол: «Ел ішіндегі зорлық, зомбылық, ұрлық, парақорлық халықтың надандығынан. Бұрын біздің екі жауымыз бар еді: бірі – надандық, бірі – ескі өкіметтің ескі заңы. Бостандық туғаннан бері екі жаудың бірі кеміді. Ендігі күшті жауымыз надандық. Бұл надандықты жеңбей, одан құтылмай тұрып, тоқсан тоғыз бостандық болса да, жұрттың ілгері басуы қиын...
Бостандық болып еді, өз тізгініміз өзімізге тиіп еді, не істедік? Бұрынғыдан артық қанша алысқа ұзадық? Бостандық қайда, туысқандық қайда, зорлық-зомбылық жоғалып кеткені қайда? Біз мұның әлі ешбірін көргеніміз жоқ», деп ашына жазады.
Міржақыптың ойына алып қосар сөздеріңіз бар ма?
Өйткені, күнделікте көріп отырған жағдайлар осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып баяндаған өмірге ұқсайды. Рушылдықты асқындыратын туысқандық жүйемен қызмет іздеу, пара беру, мемлекет қазынасын әкесінің дүниесіндей ұрлау, қызметі жоғары шекпенділер жолында құрдай жорғалау бүгінгі өмір сүрудің қағидасы. Көпке топырақ шашқан болмас. Бұл – ар-намыс принципі негізімен өмір сүретіндерге қатысы жоқ. Бірақ, ондайлар тым аз.
Ең сорақысы бүгін өтірік айтуға әбден бейімделіп алдық. Оған өмірдің өзі себеп етуде ме білмедік. Мәселен, өз ортамызда «неге қазақ тілі дамымай жатыр?», – деп зар қағамыз.  Ал бір журналист келіп сұхбат алса немесе форум-конференцияларда сөз алсақ «Қазақ тілі керемет дамуда. Қазақ балабақшасында пәленше орыс бүлдіршіні тәрбие алуда. Қазақ мектебінде түгенше өзге ұлт өкілдері білім алып жатыр. Бірнеше жылда мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу 100 пайыз жетеді. Елбасының тапсырмасына сай «2020 әрбір қазақ қазақпен ана тілінде сөйлеседі. Қазақтың, қазақ тілінің, болашығы зор», – деп сайрай жөнелеміз.
Ең өкініштісі кешегі алаштықтарды қырып салғанымыздай, бүгін ана тіліміздің жолында көлденең өзіміз жатып алғанымызды түсінгіміз келмейді. Сонда Абайдың «қазаққа қазақ ғана жау» дегені шындық па?
Әттен-ай, Абай, Міржақыптың ойына алып қосар сөзіміз бар болса ғой!
Шіркін, бұл – ойларды, бұл – сөздерді басқаша дәлелдесек ғой!
                                                                                        
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
30 қыркүйек 2018 ж. 1 080 0