Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » СӘЛЕМДЕСУ – СӨЗ БАСЫ

СӘЛЕМДЕСУ – СӨЗ БАСЫ

   Ықылым замандардан екі адам кездескенде «Ассалаумағалейкум!» деп сәлемдесу дәстүрі қалыптасты. Амандасудың бұл түрінің сауабы мол, адамдардың бір-біріне деген жылулығын арттыратын. Бүгінде батыстық үлгі басымданып кетті ме, дұрыс амандасуды ұмытып бара жатқандаймыз. Кей ағайын дос, жолдас-жора осы «Ассалаумағалейкумның» мән-мағынасын жете түсінбейді немесе мән бергісі келмейтін секілді. Кездескен кезде: «Қалайсыз?» деп қол көтереді.

«Қалайсыз?» деген сұрақ көбіне ауыр науқастанып, төсек тартып жатқан адамға арналады. Мен тіл маманы ретінде оқушыларыма жеткізе алмай жүрмін деп те ойланамын. Мұсылманшылықтың алғашқы әліпбиі осы сәлемдесуден басталады. Өткенде көшеде келе жатырмын. Маған қарай бір келінім қарсы кездесті. Ол төмен қараған күйі, ұялы телефонмен сөйлескен болып өте шықты. Ең болмаса, «Сәлеметсіз бе?», «Есенсіз бе?» деп сәлемдессе, мен: «мына кісінің адамгершілігі мол, ибалы жан екен ғой» деген оймен өтемін ғой. Мен енді ол кісі туралы басқа пиғылда қалдым. Сәлемдесудің де тәрбиелік мәнін көп болып қолға алмасақ болмайды.
Бұрын мектепте дінтану деген сабақ өтілетін. Соңы сиырқұйымшақтанып, құрдымға кетті. Мен бірінші сыныптан бастап үштұғырлы тілді үйретуді емес, дінтануды – адамгершілік, ибалылық, әдептілікті үйрету керек дер едім. Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде, Құран кәрімде қоғамдағы барлық мәселелер қамтылған ғой.
Қазір Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін көптеген басылымдар жарияланып, мықты-мықты кітаптар жазылып жатыр. Мен арнайы айтар едім. Теолог Қайрат Жолдыбайұлының «Имани гүл» деген кітабы адамның көзқарасын түбегейлі өзгерте алатын еңбек. Оны оқығаннан кейін көптеген қаламгердің романдарының деңгейі төмендеп қалған секілді болды. Бұл менің өзіндік көзқарасым. Қазір «Дін және дәстүр» деген кітапта қазақтың о бастан менталитетінің қалыптасу дәуірінде біздің мұсылманшылыққа өте жақын екендігіміз айтылады. Біз енді осы тәрбиені балабақшадан, бастауыш сыныптардан бастасақ деген ойым бар. Түрлі отырыстарда ел ағалары осындай насихаттарды ортаға салса жөн болар еді. Тыңдаушыны бірі болмаса, бірі ұғар еді. Біздің ауылда Мәнсүр Әбжаппарұлы деген тақуа азамат өмірден өтті.
Сол кісі айтатын: «Көптің ішінде отырғанда, уағыз, шариғат айтса, өте сауапты іс болар еді. Сонда кейінгі ұрпақ ізгілікке, әдептілікке тәрбиеленеді», – деп отыратын. Сонда ол өзінің бел баласы Нәжимуддинге қарата, «газетке жазып, көпшілік ортада уағыз жүргізсеңші» дегенде ол: «Қазір тыңдайтын құлақ жоқ», – деген еді. Сонда әкесі былай деді: «Егер де ондаған адам жиналған отырыста шариғат, уағыз айтылғанда, он адамның бірі ұйып тыңдаса, айтушы екі сауап алады. Тыңдаушы он сауап алады дегенді естімедің бе, Нәжимуддин», – деген еді. «Естігенмін, әке», – деді Нәжимуддин.
Сонда «осы жолды ұстанайық» дестік. Қазір үлкенді-кішілі отырыстарда, аста, жиын-тойда бірер ауыз уағыз айтып, жастардың көкірегіне иман ұйытуға бір кішкентай нұрдың дәнін себейік дегім келеді.

Мұхамедәлі ӘЛАЙДАРОВ,
ардагер ұстаз, Бірлік ауылы.
25 маусым 2019 ж. 1 119 0