Бақ
Адамға бақ үш рет берілетін көрінеді ғұмырында. Сол бақты ұстай алмай, несібеден құр қалу кездейсоқ жағдай емес. Өмірде бәрі де болады. Табиғаттың тепе-теңдік заңы солай. Бәрі бай болып, тіршіліктің тар-кеңін көрмесе, құдайын ұмытып кетуі мүмкін.
Бақты, барды ұқсата білу де бекем байлам. Бұл екінің біріне бұйыра бермейді. Және адам үшін сынақ. Мұны «Адамды сынағың келсе, билік пен байлық бер» деген дұрыс. Сондай-ақ асылық етпе, артық кетпе деген де бар. Бұл «жердің үстіне сыймаған жердің астына сияды» дегенге саяды. Түптеп келгенде, берген бақты бағалай білген екі дүниенің де салмағын сезінуі тиіс. Жиғанын арқалап кеткен ешкім жоқ, тек қалған дүние-мүлікке бала-шағаң таласқа түспесін.
Қаныбек ӘБДУОВ.
Пікір 1