Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БАЛАҢ ЖҮРЕК – БАЛАПАН ТІЛЕК

БАЛАҢ ЖҮРЕК – БАЛАПАН ТІЛЕК

Жаңақорғандағы №125 мектептің тоғызыншы сыныбын бітірген жас ақын Сержан Айтжан бесінші сыныптан бастап өлең, жыр, хисса, дастандарды жаттап қана қоймай, өзі де мектепаралық мүшәйраларға қатысып топ жарып жүр.

Мектептегі ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Бағила Бөрібаева дәріс берсе, «Арман» мәдениет үйінің тәлімгері Ырыскүл Ұлықпанова сахналық қойылымдарға әзірлеп, түрлі мүшәйраларға баптап жүр. «Астанаға», «Елбасы» өлеңдері Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет қалыптастырудағы президенттің тұлғасын сомдау арқылы ширек ғасырдағы Сарырқадан бой көтерген жаңа заманға сай қаланың да бой көтергеніне қуанып жаһанға жар салады.
Өткен жылы екі бірдей Әбділда Тәжібаев пен Манап Көкеновтің мүшәйраларында 1-ші орынды қанжығасына байлады. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мүшәйрада екінші орын алды. Облыста өтіп жатқан «Парасатты поэзия» фестивалі қарсаңында Фариза Оңғарсынова туралы:
«Фариза ол – ақындардың арланы,
Фариза ол – қызыл тілдің тарланы.
Жаратылыс, поэзиясы бір бөлек,
Ұлы ұлттың қызы болу арманы», -деп толғайды.
«Алда да биік шыңдарды бағындыра бер, қаламың мұқалмасын» деген тілекпен газет оқырмандарына Сержанның тырнақалды туындыларының ішінен Манап Көкеновтің 90 жылдығындағы жүлде алған жырынан үзінді ұсынып отырмыз.

Боз даланың бұлбұлы
Манап ақын – сыр елінің дүлдүлі,
Манап ақын – ол қазақтың бұлбұлы.
Қатарынан оза шапқан дарабоз,
Өлеңімен көмкерілген сөз құны.

Бата алып Әбужүсіп Нартайдан,
Алқа топта мерейі өсіп марқайған.
Өмір бойы қызмет етіп халқына,
Атандыңыз Манап ақын майталман...
Балапан жүректе бүр жарған сөз өнеріне құштарлық қауырсын қалам иесіне талмас қанат байлайды деген үміттеміз.

Иса БЕРКІМБАЙ.


10 маусым 2019 ж. 965 0