№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

   Жаңақорған ауданының 90 жылдығы мен халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған «Өткені өнеге, күткені береке – Жаңақорған» атты өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті– деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

  Шара аясында көркем сөз шеберлерінің «Жаңақорған – Жаннатым» байқауы кент кітапханасында өтсе, «Арман» мәдениет үйінің фоэсінде жас суретшілердің «Сырлы әлем» байқауы ұйымдастырылды. Ал көрермендер залында кенттің түрлі ұжымы мен ұйымдарынан келген өнер иелері ән мен күйден және биден бақ сынасты.

  «Жүйрікте де жүйрік бар әліне қарай шабады» демекші көркем сөз оқудан байқауға қатысқан 12 үміткердің арасынан оза шапқан Аружан Шарап бас жүлдені қанжығасына байлады. Қалған үш орынды Аружан Есен, Марина Темур, Рахатәлі Әшім өзара бөлісті.
  Жас суретшілер байқауында қылқалам иелерінің осыған дейін салған суреттерінің көрмесі қойылды. Байқау шартына байланысты суретшілердің соңғы салған суреттері әділ қазылардың сараптамасына түсті. Нәтижесінде, Санжар Шамшудин бас жүлдені иемденсе, бірінші орынға Нұрай Әбдірахманова жайғасты. Екінші орын Назерке Тайбекке бұйырса, үшінші орынды Арсен Айқынбек еншіледі.
Өнер фестивалінің соңы кент өнерпаздарының қорытынды концертіне ұласты. Байқау барысында Г.Әбдіразақова мен Г.Сүгірбаева жетекшілік ететін «Болашақ» балабақшасының бүлдіршіндер хоры, Г.Шерубаева жетекшілік ететін «Меруерт» балабақшасының фольклорлық ансамблі, Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің «Алтын-Нұр» дуэті, Б. Әнішбек жетекшілік ететін «Арман» мәдениет үйінің «Шашу» би тобы, М.Тотаевтың жетекшілігіндегі №110 мектеп жанынан құрылған «Көңілді тапқыштар клубы», әншілер Р.Ертаев пен А.Зайдашева және жас күйші Ұ. Есенжолдың өнерлері көпшіліктің ыстық ықыласына ие болып, марапатталды.

    Сонымен қатар осы өнерпаздарды баптап, байқауға даярлаған музыкалық жетекшілер Г.Әбдіразақова, Г.Сүгірбаева мен Г.Шерубаеваны мәдениет үйінің директоры Күланда Әбілтанова арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.
   
    Айта кететіні, «Арман» мәдениет үйі биылғы мерекелі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 874 0