» » » ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАСЫНА ТАЛДАУ

ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАСЫНА ТАЛДАУ

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында жас ұрпақтың бойына ізгілік пен ар-ұждан дәнін себу мақсатында «Бір ел- бір кітап» акциясына орай Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабына талдау өтті. Шараға аудандық кітапхана директоры А.Тилеубергенова, ауданымыздың белді азаматы , ақын А.Шерімбетов пен «Жанақорған тынысы» газеті редакторының орынбасары Б.Үсейінова қатысып, жоғарыда аталған кітапта еліміздің діңгегі мықты болуы үшін баланың бойына ізгілік пен ар-ұждан, намыс пен қайраттылықтың керектігі жайлы бала тілімен жеткізе білді .
Шара барысында № 169 орта мектеп оқушыларымен қатар №110 мектебінің 7 сынып оқушылары белсенділік танытып, Шәкәрімнің «Ынсап» туралы өлеңін Низан Ақнұр оқыса, «Ұждан» туралы сөзін Махамадиева Балнұр айтып өтті. «Ақиқаттың дәлелі » туралы жазған өлеңін Серік Нұрсайлау оқып шықты. «Қазақ әдебиетіне үлес қосқан тұлғалар» атты кітап көрмесімен балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Төлешова таныстырып шықты. Және оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш соңы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әнін кітапханашы Қ.Айдосованың орындауында аяқталды.
Аудандық балалар кітапханасы
17 мамыр 2018 ж. 1 445 0