Соңғы жаңалықтар

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » АРХИВ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР

АРХИВ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі сабақтастығын саралап, бай тарихтды құрметтеуге шақырды. Енді тарихты түгендеуге үлкен мүмкіндік туды. Оған «Архив-2025» бағдарламасы да сеп болмақ. Сондықтан, аудардық архивте сақталған деректерті ақпараттық айналымға енгізіп, тарихтың беттерінен сыр шертуді ойлап, алдымен аудан тарихын түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді жүйелеуде МТС-терге байланысты деректерді жүйелеуге мән бердік.

Елді колхоздандырып ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын кеңінен дамытуды ұстанған Кеңес Үкіметі тұсындағы еліміздегі саясаттан біздің аудан да жырақ қалмағандығын айқындайтын ауданның ең ірі орындарының бірі – Жаңақорған аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі. Оңтүстік Қазақстан облысының жер комитетінің басқармасы жанынан 1928 жылдан бастап құрылып, 2001 жылға дейін жұмыс жасаған мекеменің, аудандық архивте 1937-2000 жылдар аралығындағы 205 құжаты сақтаулы. Бірлестіктің бастапқы атауы Оңтүстік Қазақстан облысының жер комитеті басқармасының Жаңақорған аудандық машина-трактор станциясы болып аталып келді.
1938 жылдың 15 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы негізінде, Одақтас республикалар құрамында жаңадан облыстар құрылып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-ы құрамында Гурьев, Қызылорда, Павлодар облысы болды. Оған дейін Сырдария округіне қараған Жаңақорған ауданы Қызылорда облысының құрамына енді. Осылайша Қызылорда облысының жер комитеті басқармасының Жаңақорған аудандық машина-трактор станциясы болып өзгертілді.
Аталмыш ұжымның негізгі қызметі ауыл шаруашылы мен мал шаруашылығымен айналысатын барлық шаруашылықты тиесілі мамандармен, керекті негізгі құралдармен, яғни, тракторлармен, шынжыр табанды тракторларды (ДТ) егістікте пайдалану және жанар-жағар майлармен қамтамасыз ету болды. Осы міндетті ұйымдастыра білудің нәтижесінде 1938 жылы ауданда алғаш рет 31 гектар күріш дақылы егіліп, әр гектарынан 5,7 центнерден өнім алды.
1937 жылдың өзінде ЧТЗ 56, СТЗ 22 универсал тракторлар алынып, сол кездегі 25 ұжымшарға қажетті механизатор мен агроном, тракторшы мен дәнікерлеуші мамандығын бойынша дайындау мақсатында Қызылорда механикалық мектебімен, ауылшаруашылық техникумына курстарға жіберіп, керекті мамандармен қамтамасыз етуге талпынды. Сондай мамандардан алғы шепте болған МТС 1945 жылғы 7 маусымдағы бұйрықпен Қазақ ССР-нің 25 жылдығы атындағы социалистік жарыста «Озат Стахановшы» болған бригадир Байниязов, Аширбеков, Полумбетов, трактористер Құлтанов, Бұхарбаев, Түлкібаев, Еспенбетова және барлық коллективке мүшелеріне "Алғыс" жарияланған екен. Бұл біздің ауданның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы табанды еңбектерінің архивтік құжат негізінде сақталған бір дәлелі ғана.
1948 жылы өзіне тиесілі жұмысты, соның ішінде, трактормен жұмыс жасауда өз жоспарын 119 пайызға артығымен орындай отырып, жанар-жағар майды 15 пайызға үнемдеп, бір тракторы бұзбай, ақаусыз айдайды. Осы жылдары МТС-ты іскер, адал басшы Нұрғали Түршеков басқарады.
Аудандық МТС-та 1949 жылға дейін аудан көлеміндегі шаруашылықтар үшін ұйымдастырылған 4 көмекшісімен 8 бригада, 1952 жылға дейін 5-6 көмекшісімен 16 бригада болса, МТС-тың өзінде машина-трактор жөндеу шеберханасы, мұнай базасы, ауылшаруашылығы техникаларына керекті қосалқы бөлшектер дүкендері, мал шаруашылығы мамандары веттехниктер мен ветсанитарлар және арнайы зертханалары болған. Ауданымыздағы ауылшаруашылығы мен мал шауашылығын және Задарья учсткесі маңындағы Қарақұмнан сексеуіл дайындау бөлімдері де құрылғын. 1953 жылы Төменарық станциясында Төменарық машина-малшаруашылық станцисы (Октябрьский МЖС) ашылып, тұңғыш басшысы А.Антонов болған.
Қажетті мамандармен жасақталған аудан шаруашылықтары күрделеніп қарқынды дамып, 1958 жылдың 1 шілдесінде (Бұйрық №312) аудандық МТС мекемесі тек ауылшаруашылығы үшін жұмыс жасау қажеттілігінен техникалық жөндеу станциясы болып (РТС) қайта ұйымдастырылады. Бұл кезде МТС-тың 8 веттехник маманы мен 6 ветсанитарлары және жылқышылары аудандық ветеринарлық бөлімге ауыстырылып, негізгі админстраторлық бөлімде 26 штаттық бірлікпен қайта жасақталды.
Қызылорда облысының «Казсельхоз­техника» бірлестігінің 18 мамыр 1961 жылғы №1 бұйрығымен аудандық РТС «Казсельхозтехника» аудандық бөлімі болып қайта құрылады. Бөлімде осы жылдан бастап аудан мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушыларын токарь, слесарь, көлік жүргізуші мамандықтарына оқытып, өндірістік тәжірибеден өткізу жұмыстары ұйымдастырылды. 1962 жылдан бастап ауылшаруашылық техникаларына қосалқы бөлшектер жасау заводтарына қара және түрлі-түсті метал сынықтарын жинап, оны жөнелтіп отырған. 1978 жылдан бастап аудандық бөлімнің қызметі күрделеніп ауылшаруашылықты өндірістік техникамен қамтамасыз ететін – аудандық «Госкомсельхозтехника» бірлестігі болып қызметін жалғастырды. Архив құжаттарынан МТС болып бастау алған бірлестік ұжымы күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, жұмысшылар жыл сайынғы социалистік жарысқа түсіп, өздеріне міндеттерін 100 пайыздан асыра орындап отырғандығын нақты көруге болады.
70 жылдай ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына дем беріп, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артуына үлес қосқан МТС-тің тарихи жолы архивте осылай хатталыпты. Алдағы уақытта да Жаңақорғанның шежірелі жолынан хабар беретін ақпараттарды беріп тұратын боламыз.

Зағипа АБЖАЛЕЛОВА,
аудандық архив басшысы.


20 ақпан 2019 ж. 1 101 1

Hellen от 24 мамыр 2025 03:17
Hello there I am so excited I found your web site, I really found you by error, while I was researching on Askjeeve for something else, Nonetheless I am here now and would just like to say many thanks for a marvelous post and a all round entertaining blog (I also love the theme/design), I don't have time to go through it all at the minute but I have saved it and also added your RSS feeds, so when I have time I will be back to read a great deal more, Please do keep up the fantastic work. casino en ligne fiable Greetings! Very useful advice in this particular article! It is the little changes that make the greatest changes. Thanks a lot for sharing! casino en ligne These are genuinely great ideas in regarding blogging. You have touched some pleasant factors here. Any way keep up wrinting. casino en ligne Hi everyone, it's my first pay a quick visit at this web page, and piece of writing is genuinely fruitful for me, keep up posting these articles or reviews. casino en ligne Thanks for any other informative site. Where else may I am getting that type of info written in such an ideal means? I've a venture that I am simply now working on, and I've been at the glance out for such info. casino en ligne France Write more, thats all I have to say. Literally, it seems as though you relied on the video to make your point. You clearly know what youre talking about, why throw away your intelligence on just posting videos to your weblog when you could be giving us something informative to read? casino en ligne fiable This design is spectacular! You obviously know how to keep a reader amused. Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (well, almost...HaHa!) Fantastic job. I really loved what you had to say, and more than that, how you presented it. Too cool! casino en ligne I've been surfing on-line more than three hours lately, but I by no means found any fascinating article like yours. It is beautiful worth sufficient for me. Personally, if all site owners and bloggers made just right content material as you probably did, the net shall be a lot more useful than ever before. casino en ligne When some one searches for his vital thing, so he/she needs to be available that in detail, therefore that thing is maintained over here. casino en ligne France I just could not depart your website before suggesting that I actually loved the usual information an individual supply on your visitors? Is going to be back steadily to inspect new posts casino en ligne France