№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰЖАТСЫЗ ТАРИХ құммен тең

ҚҰЖАТСЫЗ ТАРИХ құммен тең

   Архив – тарихтың алтын қазынасы. Яғни, ұлттың жады, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, қатталған тарихы, ұрпағына жазған аманат хаты.

   Атақты тарихшы Тарле «Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет пен ұлт жоқ» деп құнды құжаттардың ел үшін маңыздылығын айқындап берді. Ал, заманында архив құжаттарының кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығы мен құндылығын түсінген Жәңгір хан мұрағат жұмысын мемлекеттік істердің қатарына қосты. Тарихи маңызы бар құжаттарды сақтау принциптерінің негізін қалады. Міне, осы асыл дәстүрді жалғаған Мемлекет басшысы келешекке мұра етіп қалдыру мақсатында байыпты бағдарламаларды қабылдап, ұлттық құндылықтар жазылған құжаттарды қастерлеуге жол көрсетті. Соның бірі – «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында негізделген   

  «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы.
  Бағдарлама мақсаты – бүкіл әлем бойынша Ұлы даланың мұрағаттық деректерін жинап, цифрлы форматқа көшіру. Өйткені, бабалар өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса ғылыми айналымға түскен жоқ. Осыны ескерген Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттарда іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды тапсырды.
Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру маңызды...
   Тарихты түгендеп, өткенді жаңғыртып, өшкенді қайта жағу жолында қажырлы еңбек етуіміз керек. Олай дейтінім, ұлттың ұлылығын дәлелдейтін деректер мен тарихи тың материалдар шаң басқан архивтерден ғана табылатыны ақиқат. Елбасының ұсынып отырған «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобаларды мақалада көзделген мақсаттарды жүзеге асыру жолында да архив құжаттарының атқаратын рөлін ерекше деп санауға болады.
  Әрбір азаматта «Адам заманға қарай өмір сүруі тиіс» деген ұстаным болу керек. Осы жайлы Елбасы жылдағы Жолдауларында айта отырып, түрлі бағдарламаларды айқындап берді. Соның бірі «Электронды үкімет» бағдарламасы. ХХІ ғасыр – цифрлы ақпараттық қоғам дәуірі. Ендігі болашақ цифрлы дерек көздерде, қазіргі заман – Биг датаның, яғни, цифрлы форматтағы аса ірі дерек көздердің заманы. Цифрлы көшірме жасау ол құжаттың түпнұсқалығын сақтауға мүмкіндік береді әрі цифрлау деректерімен белсенді түрде жұмыс жасайтын зерттеушілер мен ізденушілер санының ұлғаюына өз септігін тигізеді. Сондықтан, архив тек құнды құжаттарды жинап отыру орны емес, ондағы нақты құжаттарды жариялылығын арттыру керек. Осы тұрғыда, архив 2013 жылдан бастап құжаттарды цифрлық нұсқаға көшіру жұмысын қолға алып, бүгінгі таңда 500100 парақты цифрлық нұсқаға басып отыр. Енді «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндет-талаптар жұмысымызға серпін беретіні анық.
Осы орайда айта кететіні, архив құжаттарды аудандағы ұжымдар мен жеке тұлғалардан жинайды. Жинақталған құжаттар арқылы ауданның әлеуметтік жағдайы мен тыныс-тіршілігі айқындалады. Сондықтан, әрбір мекеме басшысы құжаттарға деген жауапкершілікті арттыру, ол өзімнің еңбек жолымдағы тарихым деп түсінуі керек дер едім. Ең бастысы, тұғырлы тарихымызды таңбалайтын құнды деректерді көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етуде белсенді болсақ...

                                                                                                                     Зағипа ӘБЖАЛЕЛОВА,
                                                                                                                     аудандық мұрағат бөлімінің басшысы.

10 желтоқсан 2018 ж. 992 0