№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҢ биік МҰРАТЫ

ҰЛТТЫҢ биік МҰРАТЫ

  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар, тығырыққа тірелген тұстар әлі көз алдымызда. Осынау алмағайып кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» принципін ұстанып, Қазақстанды үш жаңару, жаңғыру үдерісінен алып өтті. Енді ұлы серпілістерге негіз қалайтын, болашаққа бағдар болатын, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін – «Мәңгілік Ел» ұлы мұратын ұстандық.

    Оған Жолдауларында адами капиталға мән беріп, төртінші өнеркәсіптік революцияның талап-міндеттерін алдымызға қойып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында мемлекеттілікті нығайту тетігін көрсетуі дәлел болады.
Әсіресе, тарихи сананы тереңдетіп, ұлттық мүддеге ұйыстыратын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық кодтың кілтін тауып, жаһандану жағдайында дамудың жаңа жолын көрсетті. Яғни, жаһандану дәуірі кезінде ұлттық идеяның егемендікке қызмет етуге, идеологиялық қауіпсіздікті нығайтуға мән берді.
   Ал, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» стратегиялық мақаласы барша болмыс-бітіміміз бен қадір-қасиетімізге нәр берген, кемел келешегімізге бағыт-бағдар көрсеткен, Ұлы даланың мыңжылдықтарға жалғасқан сабақтастығын зерделеуге, насихаттауға арналып отыр.
   Ұлы дала сахарасында тіршілік тынысы 40 ғасыр бұрынғы тас дәуіріне тіреледі. Ұлы Дала Елі тұрғындарының дәуірден дәуірге жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы және адамзат өркениетін тың бетбұрыстарға бұрғаны тарихтан белгілі.
«Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығында саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді», – деді Президент.
Бүгінде ата-баба тұлпарларының ізі Еуразия құрлығының әр тұсында сайрап жатыр. Ағылшын ғалымы Алан Оутрам «Science» журналына Қазақстанның байырғы тұрғындары жылқыны 5500 жыл бұрын қолға үйреткендігі жөнінде жазды. Мұны американдық археолог Дэвид Энтонидің «Жылқы, дөңгелек және тілдер» атты кітабында, Германияның «Sueddeutsche Zeitung» газетінде жарық көрген «Әлемнің алғашқы салт аттылары» деген мақаласында растады. Ал, gazeta.ru интернет газеті: «Адамзат баласы қазіргі қол жеткен табыстары үшін ежелгі Қазақстан тұрғындарына, олар қолға үйреткен жылқыларға қарыздар» дейді.
Мақалада «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» басымдығы орынды қойылды. Олай болмаса, даламызда табылған «Алтын адам» құбылысы қалай пайда болды. «Ұлы жібек жолы» қалыптасып, дамуында алаш сахарасының орны, алма мен қызғалдақтың отаны болғаны дәлелді, дәйекті келтірілді.
   Жалпы, Мемлекет басшысы рухани кемелденіп, ұлттық сана салтанат құруына бағытталған бірмаша бағдармаларды көрсетіп берді. «Ұлы даланың ұлы есімдері» саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» деген ғылыми-көпшілік серияларды шығару, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейінің тұсауын кесу соның айғағы. Сондай-ақ, «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, «Дала фольклорының антологиясын дайындау, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару және т.б. ауқымды да маңызды бастамаларды жүктеді.
   Мұның бәрі өткенін мақтан тұтып, келешекке кемел қадам жасайтын ұрпақ тәрбиелеуде бағдаршам болатын құндылықтар. Міне, бүгінгі аға буынның ұрпақ алдында адал атқаратын бастамалары осылар.
Осы ретте, өңір-өңірлерде құрылған «Рухани жаңғыру» орталықтары серпілі тірлік жасап, тың бастамаларды үйлестіруге ұйытқы болатынына сенімдімін...
   Облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың қамқорлығының арқасында Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығына жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Осы ғимаратта 1925 жылы халқымызды «қырғыз-қайсақ» деуді доғарып, «қазақ» деп атау туралы шешім шығарылғаны белгілі.
Тарихта қазақ ұлтының жаңғыруына септігі тиген ғимаратта жұмыс істеуіміз бізге белсенді болуға, әрі жауапкершілікті сезінуге күш береді.
   Бір сөзбен айтқанда, Президенттің мақаласы ұлтты ұлы мұраттарға бастайтын жалпыұлттық бағдарлама. Осы бағдарламаның баянды болуына белсенді атсалысуға дайынбыз.
Бұл бағытта аудан-ауылдар бойынша ірі-ірі жобалардың концепциясы жасалуда...

Нұрлыбек МЫҢЖАС,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 100 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 16:22
Aquista Cialis Cheap Brand Cialis Online Sont Amoxil cialis 20mg for sale Nolvadex Forum

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 07:40
Viagra Laboratorio Alli Back On Shelves Amoxicillin Clavulanic Acid Dose cialis price Cycotec Royal Drugstore Online