Соңғы жаңалықтар

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » ҰМЫТЫЛМАС САБАҚ! (данышпан мен жігіттің әңгімесі)

ҰМЫТЫЛМАС САБАҚ! (данышпан мен жігіттің әңгімесі)

Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты. 
Данышпан кісі оған: «Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы», – депті. Ол қиналмай-ақ суырып алыпты. Сосын одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол жалғыз өзінің шамасы жетпегендіктен, көмекке достарын шақырыпты. Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы көп адам жиналып ырғаса да, орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: 
– Көрдің бе? Жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады, – деген екен.
Сондықтан жаныңыз тек қана жақсылыққа үйір болсын!
______________________________
#асыларна
10 ақпан 2019 ж. 1 388 0