№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бақыт кілті неде екенін білгіңіз келсе...

Бақыт кілті неде екенін білгіңіз келсе...

     Бақыттың кілті неде? Оны қайдан табуға болады? Ешбір нәрсеге мұқтаж емес, төрт құбыласы түгел деп санауға болатын пенделердің жүрегінің тыныштық таппай, мол дәулет, жайлы өмір, жайбарақат тіршілігінен баян таппауының сыры неде? Алаңсыз болашағына кепіл боларлық бай қазынаға қол артқан жан мамыражай бақытқа қол жеткізген болмай ма?

   Адамдарға сынақ үшін жалғыз-ақ рет берілген өмірдің құпияға толы құндылығы неде?
«Қанағатшыл кісінің жүрегі теңізден де бай, мүнафихтың жүрегі тастан да қатты».
Расуллаһ (с.а.у) бір хадис-шарифінде былай деді: «Дүниеде мейірімді жүректі болғанның жүрегі мен тәніне рахаттық беріледі. Дүниеге әуестеніп, пайдасыз нәрселерге жақын болу жүрек пен тәнді шаршатады».
«Бір кісі адал ризық табуды ойлап жатса таң атқанша кешірілген болады».
     Исламда Бақыттылықтың он бір түрі бар, оның белгілері мынадай: 1) Дүниенің керек емес нәрселеріне әуестенбеу Ақыретке керек болатын амалдарға асығу. 2) Ғибадатқа құмарлық. 3) Керек емес жерде аз сөйлеп, көп үндемеу. 4) Парыз болған амалдарды түгел орындау. 5) Харам саналған істердің көбінен де, азынан да сақтану және шүбәлі нәрселерден аулақ болу. 6) Әрдайым жақсы кісілермен сұхбаттас дос болу. 7) Әрдайым кішіпейілді болу, көкірек көтермеу. 8) Жомарт, қолы ашық болу. 9) Жаратқандарына мейірімді болу. 10) Халыққа пайдалы болу. 11) Өлімді ойлану, жиі еске алу.
     Бақытсыздықтың белгілері: Олар 1) Керексіз жерде дүние малын жинау, 2) Бүкіл қайратын нәпсі қалауларына бағыттап, сарп ету, 3) Нашар, сүйкімсіз әңгімелерді көп айту, 4) Бес уақыт парыз амалдарына мән бермеу, 5) Әрдайым нашар кісілермен дос болу. 6) Нашар мінезді болу. 7) Мақтанып, көкірек көтеру. 8) Адамдарға пайдасы тиетін нәрселерге қарсы шығу. 9) Айналасына мархаматы аз болу. 10) Сараңдықпен ешкімге көмектеспеу. 11) Өлімді ұмыту.
    Расуллаһ бір хадис щарифінде былай деді: «Бақытсыздық белгілері төрт түрлі болады: 1) Істелінген күналарын ұмыту, бірақ өткен күнәлары Аллаһ құзырында анық жазулы. 2) Істеген жақсылықтарын қайталап айта беру, ол қабыл етілді ме, жоқ па, ешкім білмейді. 3) Үнемі өзінен артық дүниесі барларға ұмтылады, 4 діни істерде әрқашан өзінен төмен болғандарға ұмтылады».
"Перзент” – балалар үйінің қамқоршысы, 47 жетім баланы бағып-күтіміне алып, өз анасындай мәпелеп, ер жеткізіп, аяқтандырып отырған қажы апа Әмина Әжібайқызының өнегесі көпке үлгі.
    Басы артық бір баланың өзін бағу оңайға соқпаған кешегідей өтпелі кезеңде талай тауқыметті бастан кешіп, кейде үйсіз-күйсіз қалса да бір Алладан үміт үзбей бір күнді бір күнге жалғаған өжет ана қол астындағы орыс, ұйғыр, қазақ балаларын ең алдымен үйірсектеген нашар әдеттерінен тыюда Ислам әдебіне жүгініп, содан пана тапқанын айтады. Балақандарды түгелдей таза жүріп, таза тұруға, өтірік-өсек айтпауға, тілімен де, қолымен де бір-біріне зәбір көрсетпеуге үйретіпті.
Мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдер үкіметтің қамқорлығында дейміз ғой. Бірақ бірыңғай стандарттық үлгідегі тәрбие, қызметіне жалақы алатын тәрбиеші. Қатаң қағидаға, бекітілген ережеге бағынатын күн тәртібі деген бар. Соның аясында уақыт өткізсе болды. Жетімнің көңіл-күйі, келешек тағдыры таразылана бермейді. Ал Әмина апа қақпасының алдына әдейілеп тастап кеткен бір жарым күндік нәрестені де мәпелеп жетілдіріп, адам қатарына қосып қана қоймай, оларды өмірге икемді, өз күнін өзі көріп кете алатын еңбекқор етіп тәрбиелеуге бар күш-қайратын жұмсады. Қосалқы шаруашылықта жеміс, көкөніс дақылдарын егіп, қорада мал ұстап, ас-ауқаттық дақылдарды өздері егіп, ет-сүт ағарғанды өздері өндірді. Балапандарын соңына ерткен қоңыр қаздай таң атқаннан күн батқанша бір босамайтын мейірбан жанға үлкен-үлкен шенді кісілердің өзі таң қала сауал тастайтын құсайды: "Осындай жан қинар бейнет не үшін керек?"
   Ал бұл жанды қинау ма екен? Жетімді есіркеу, басынап сипау, жарым көңілінің жұбанып, күлімсірегенін көру сенің де көңіліңді шаттандырар қуаныш емес пе? Бұл ертеңгі барар мәңгілік өмірің үшін қажет. Ақыреттегі амал таразысында сауабыңды есе-есе арттырып, саған шапағатшы болар нақ осындай панасыз, бейкүнә жандардың дұға-тілектері емес пе?
"Анамыз аман болсын,- деп сөйлеп жатыр бейнетаспада он жеті-он сегіз жылдан бері апаның қамқорлығында қамсыз-мұңсыз ержетіп дербес жанұя атанған перзенттері, – Апамызға жолықтырған Аллаға шексіз ризамыз. Анамыздың ақ сүтін ақтаймыз, бізге ол кісіден артық, ол кісіден асыл адам жоқ". Өзіңнің біреуге қымбат екеніңді сезіну. Өмірде бұдан асқан бақыт бар ма?

Бақыт адам таңдай ма?

    Кейде бір пенделердің налығаны ма, назы ма, тағдырына кінә ар­тып, өз өміріне көңілі толмай жатады. Тіпті Жаратушысын әді­лет­сіз, біреулерге үйіп-төгіп беріп қояды, біреулер үнемі жарымастан, кедейлік қамытынан босай алмас­тан қиналумен жүреді деп өкініш білдіреді. Бұл күпірлік ойлар ілімсіздіктен, Алланың әділ сипатын білмеуден туады. Негізінде Құдырет иесі біреуге байлықты шүкіршілік үшін береді. Кедейлікті сабыр үшін жаратады. Әділеттілік үшін зекетті парыз қылды. "Қияметте жәннат есігінің алдында кедейді көп көрдім" деген Алла Елшісінің куәлігі бар.
   Омар бин Абдулазиз халифалық (әкім) еткен заманда адамдар қарым-қатынасында әділеттілік орнағаны сондай садақа беретін адам табылмай қалған екен. Елдің бәрінің бірдей жағдайы жақсы. Біреуге садақа берсең, ол: "Менің өзім садақа беретін адам таппай отырмын" дейді екен. Ол заманда садақаны жолаушыларға беру керек деген мәміле шығып, солардың жолын күтетін болған. Қазірде бай-бағлан бар болғанымен жоқ жітікке қараспауынан кедей-кепшік көбейіп, әділетсіздіктің белең алып тұрғанына адамның өзі кінәлі, өз-өзімізге қиянат жасаған болып шығады екенбіз. Қалталы кісілер зекетін бермек түгілі жұмсаған адамының еңбекақысын дұрыс төлемей қараулыққа барып жүр. "Еңбекшінің ақысын маңдайының тері кеппей тұрып беруге тырыс" деген қағидаға мән бермейтін көп.
Бақыттың кілті – иманда. Иманды адамның көңілі теңізден де терең. Жүрегі жомарт. Қайткенде кемел иман иесі бола аламыз? Оған мына тәмсілді мысал етейік:
   "Екі дос жігіт болыпты. Қой бағатын еді. Оның бірі өз кәсібін біліп, шаруасын атқарып қолы бір босамайды екен. Екіншісі көңіліне қаяу кірген, патшаның қызына ғашық, соның дертімен қолы іске бір бармай күні-түні қайғыланып, сары уайымға салынады. Досы оған "Қолың жетпейтінге несін бас қатырасың? Өзің теңдес біреуге үйленесің ғой. Аспандағы айға ауыз ашып нең бар? Одан да тірлігіңді атқарсаңшы" деп ақыл айтады. Бір күні тау арасында кетіп бара жатқан данышпанға кезігіп, көңілінің мұңын жеткізеді. Сонда данышпан: "Тілегіңнің орындалғанын қалайсың ба, бір шарт қоямын. Орындай аласың ба?" дейді.
– Орындаймын, – дейді жігіт.
    Сонда данышпан: "Бір қараңғы үңгірде қырық күн бойы жалғыз қаласың, тек қана Алланы зікір етесің, басқа бір нәрсе айтуға рұқсат жоқ, – дейді. Жігіт үңгірге түсіп, тек Алланың атын айтып, құлшылыққа кіріседі. Бес-алты күннен кейін-ақ Құдайдың құдыретімен үңгірден шыққан үнге қуат дарып, дауыстың жаңғырығы айналаға тарай бастайды. Бұл үн патшаның да құлағына жетіп, “мұның иесін менің құзырыма алып келіңдер" дейді. Нөкерлері барып жігітке осы бұйрықты жеткізеді. Бұл жігіт екі ғана сөз айтатын еді: "Иә" немесе "жоқ" деген. Ол "жоқ" деп жауап береді. Мұны естіген патша бір күндері өзі арнайы келеді. Жігіт тағы да "жоқ" деп жауап береді. Патша данышпанын шақыртып, мұның себебін сұрайды. Сонда данышпан: "Бұл жігіт сіздің қызыңызға ғашық. Егер қызыңызды беруге уәде етсеңіз, бұйрығыңыз орындалады" дейді. Патша қызын беруге уәде қылады. Сонда жігіттің жауабы: "Патшаның қызы түгілі бүкіл патшалығымды беремін десе де осы ісімді жалғастыра беремін". Кемелдену деген осы.
    Имани кемелділікке жеткен адамға Алланың разылығын аяудан артық нығмет жоқ. Сондықтан да олар жер бетіндегі бүкіл пенделіктен жоғары тұрады. Өзінің адам атын шынайы таза ұстап, Құдырет иесінің разылығына қауышатын да солар. Сондықтан дүниенің құлы болмай, тек қана өз арман-қалауымыздың жетегінде кетпей, адамдарға, айналамыздағы көмек-қолдауға зәру жандарға демеу көрсетуге ұмтылсақ екі әлемде де қайырға, жақсылыққа қауышады екенбіз. Бақыттың кілті дегеніміз осы.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

08 желтоқсан 2018 ж. 1 516 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 02:56
Preis Viagra 25 No Legit Canadian Pharmacy Cialis Propecia For Sale cialis Viagra O Cialis

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 03:50
Compra Kamagra Online Where I Can Buy Cialis cialis Flonase Cialis 10mg Erfahrung Where Can I Buy Accutane Yahoo