№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МІРТӨБЕ: СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

МІРТӨБЕ: СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

Сауран қаласының солтүстігінен 5-6 шақырым жерде биік төбе бар. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолынан көзге түседі. Ел арасында «Міртөбе» атауымен белгілі. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, Сауранды қорғайтын жасақ пен қарауыл тұратын төбенің бірі болған деседі.
Бесарық ауылындағы облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына қызметке келіп, қонақтарды өлкенің тарихи орындарымен таныстыратын жердерді сараладым. Содан нысандарды белгілеп, тарихи деректерге зер салдым.
Бір күні Міртөбе аталатын төбеге бет алдық. Мақсат – көзбен көріп, көңілге тоқу...


Майдантал ауылына баратын жолмен жа­қын­дадық. Міртөбенің жанында ұзындығы 500-600 метрдей терең қазылған сайда бір арық су сарқырап ағып жатты. Су сайдың бас жағынан шығып, аяғында жерге сіңіп кетеді екен. Су тап-таза, мөп-мөлдір.
Айналып өтіп, Міртөбенің жанына келіп, тоқтадық. Биік екен. Солтүстік жағы 20 метрдей. Ал, оңтүстік жағы төмендеу екен. Төбенің үсті 45-45 метрлі төрт бұрышты. Қорғанның ортасында тереңдігі 3 метрдей терең ой бар. Төбенің жанында төрт бұрышты ауданы 80х80 метр шамасында ойық бар. Тарихи орында шашылып жатқан қыштар мен құмыра сынықтарына көз сүрінеді. Сонда кезіккен төрт бұрышты ойық астаулар мен бір шетін айнала қоршаған сызық дөңдерге қарап не болды екен дедік?
Бір қарағанда, мұндағы заттар мен нысанның құрылыс нышандары қорғанға келінкіремеді. Содан, әрнәрсеге ұқсатып, болжап қоямын.
Ойыма Алматыдағы ғалым інім Дәулет есіме түсіп, телефон соқтым. Ол Сауранды зерттеген экспедиция құрамында бұл маңды зерделеп, зерттеген еді.
Амандық-саулықтан кейін сұрағымды төте­сінен қойып:
– Міртөбеде тұрмыз. Елағарының айтуынша, қорған болған. Солай ма?
– Жоқ.
– Онда не болды екен?
– Міртөбе үлкен су мұнарасы, әрі күрделі су қоймасы. Қаратаудан Міртөбеге оннан астам кәріз келген. Кәріздердің кейбіреулердің ұзындығы 7-8 шақырымға дейін болған. Кәріз суы төбеге өз ағынымен көтеріп, суды жинап, қалаға жіберіп отырған.
Жақында аэрофотосуреттерге түсіргенде кәріз жүйелері белгілі болды.
– Төбенің жанындағы орлар не болды екен?
– Қаланың қажеттілігінен артылған суды бау-бақшаға, етістік пен жайылымдарға жіберген. Бұл жөнінде үлкен деректер табылып жатыр, – деп жауап қатты Бақдәулет Асанбеков.
Зерттеулері нәтижелі болуына тілектестік білдіріп, қоштастық.
Арада бірнеше күн өткенде мәңгілік мекенінен тұрақ тапқаны жайлы қайғылы хабар жетті.
Әттең, зерттеушілік потенциялы мол азамат өлке тарихын тереңінен зерделеп, зерттеп, талай құпияның бетін ашар еді. Жазмышқа шара бар ма?!
Кейіннен дерек көздерінен Міртөбеге бай­ланысты ақпараттар таптым.
Жалпы, 1951 жылы археолог Александр Бернштамтың жетекшілігімен Оңтүстік Қазақс­тан археологиялық экспедиция, 1970 жылы Кемел Ақышевтың бастамасымен Отырар археологиялық экспедиция Міртөбені зерттеген екен.
Дерек көздерінше, Міртөбе 10 мұнаралы дуалмен қоршалған төрт бұрышты алаң, ауданы 45.45 метр, биіктігі 5 метр. Солтүстік жағы 20 метрдей еңіс. Алаңқайды қоршаған дуалдың биіктігі 3 метр. Сауран қаласын сумен қамтамасыз ететін жер асты кәріз жүйесі болған.
Басын шаһардан 7-8 шақырым жерден алатын кәріздер жүйесін салуға 200 үнді құлдары пайдаланған екен.
Кәрізді Сауран тұрғындарына жергілікті дінбасылар уәкілі Мір-Араб сыйға тартқандықтан «Міртөбе» атап кеткен.

Үмбет АБИБУЛЛАЕВ.
22 қаңтар 2019 ж. 1 305 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 06:12
Cialis Online 5 Mg Without Prescription Name Brand Viagra From Canada viagra Generic Cialis Pills Pentrexyl Sinus Swollen Under Eye Amoxicillin Decongestant

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 06:53
Amoxicillin And Elderly length of levitra patent Priligy And Viagra Together Viagra Preiswert Deutschland Comprar Levitra Generico