№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ОЗАДЫ

АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ОЗАДЫ

   Елбасының «Ұлы даланың жеті қы­ры» атты мақаласында заман талабына сай көне мен бүгінгіні қисынды ұштастыра отырып, еліміздің мәдени тұлғаларын насихаттау керектігі жөнінде айтқан болатын. 

Осы тұста, 2018 жылы Жаңақорған аграрлы-техникалық кол­леджі де жыл бойы ауданның ақын-жазушылары мен сазгерлерін түгендеп, шығармашылық байқауларын өткізді. Оның қатарында, Бексұлтан Байкенжеев, Нағызхан Жаманбаев, Файзулла Сахиев, Сауран Елеуов сынды сақа сазгерлер бар. Міне, осындай мәдени шараның бірі – жаңа жыл өрбіді. Ақын, сазгер, термеші Нұрберген Тастаевты еске алуға арналған колледж студенттері арасында дәстүрлі ән байқауы ұйымдастырылды. Көршілес Шиелі, Қызылорда қаласынан келген студенттер байқаудың көркін қыздырып, Нұрбергеннің шығармашылығын асқақ­татты. Шараның шымылдығын түрген колледж директоры Мадияр Ахметов Нұрберген Назарұлы жайлы есті естелік өрбітіп, мазмұнды әңгіме айтты.
– Қазақ халқының ұлт болып қалып­тасуында айрықша рөл атқаратын бай тарихы бар Ұлы Дала елінің бір пұшпағы саналатын Сыр өңірі ұлт мәдениетінің ұлы көшін жасаған өлке. Иә, «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұраның көмбесі Қызылорда жайлы Елбасының берген бағасы. Расында, өнер – өміршең, мәдениет – мәңгілік. Жазиралы Жаңақорған жерінде де Сыр сүлейлерінің ізі жатыр. Қаншама ақын-жазушылар мен сазгерлердің сазды әуендері халықтың сүйікті әніне айналды. Сазгер Нұрберген Тастаевтың 50-ге жуық әні болса, соның ішінде «Көңіл сыры», «Гүлім», «Туған жер» сынды әндері әлі күнге халықтың сүйіп тыңдайтын әніне айналды. Осындай, арда азаматтарды ардақтау, кейінгі жас буынға насихаттау біздің борыш деп білеміз, – деді Мадияр Ахметұлы.
Мұнан кейін мінберге көтерілген сазгер Сауранбек Елеуов, Айтуар Тастаев пен ақынның жары Ботакөз Орынбасарова тау тұлғалы Нұрбергеннің асыл қасиеттерін тілге тиек етіп, дәстүрлі ән байқауын ұйымдастыруға ұйытқы болып жүрген колледж директоры Мадияр Ахметұлына алғысын жеткізді. Одан әрі мәдениет майталмандары Талап Тотаев, Рыскүл Ұлықпанова, және ұлағатты ұстаз Жұмағали Ібішев бастаған әділқазылар алқасы байқау шарттарын түсіндірді. Яғни, қатысушы өнерпаз бірінші Нұрбергеннің әнін орындап, соңыра еркін тақырыптағы әнін жалғастырады. Сазгердің сырлы әндеріннен шашу шашқан жас өнерпаздар бар өнерін ортаға салды. Әсіресе, дәстүрлі әндер дәріптеліп, ұлттық музыкамыз ұлықталды. Нәтижесінде байқаудың І-орын жүлдесіне жаңақорғандық Алмат Оразбек лайықты деп танылса, жүлделі ІІ-орын шиелілік Ерасыл Әбдіжалилге бұйырды. Ал, үздік үштікті жаңақорғандық жас әнші Набай Жұмабай қанжығасына байлады. Барлық байқау жеңімпаздары дипломмен бағалы сый-сияпатқа ие болды. Сондай-ақ көрермен көзайымына айналған Алтынай Байболат пен Сандуғаш Қозыбаева арнайы «Алғыс хатқа» ие болды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.


10 қаңтар 2019 ж. 1 367 0