№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Сазгер атында байқау өтті

Сазгер атында байқау өтті

   Ұлы Абайдың «...Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген сөз қандай керемет айтылған. Бұл сөз заманында қол бастаған батырдың, ел билеген  қан мен сұлтанның, болыс  пен билердің, ақындар мен шешендердің  аузынан шығып халық арасында кең тарауынан  айтылса керек.

  Бірақ әділ сөз. Содан да болар осыдан ондаған қасыр бұрын шыққан Қорқыт күйлері мен шешендердің сөздері ақын-әнші сазгерлердің айтқан әндерініңосы ақытқа дейін ұмытылмай келе жатқаны. Осыдан 20-30 жыл бұрын ғана өмірден озған кейбір дарын иелерінің сөздері де ұмыт болып жатқаны да шындық.  Осындай таланттардыұмыттырмай оның есімін жаңғыртып олар туралы турнирлер мен байқаулар өтізіп жүрген елжанды азаматтар  аз да болса табылып қалады.  Солардың бірі әрі бірегейі жаңақорған аграрлық техникалық колледжнің директоры Мадияр Ахметов десек қателесе қоймаймыз.Ол бірнеше жылдан бері  сазгер  Бексұлтан Байкенжеев пен Нағызхан Жаманбаевты еске алу, СазгерСауран Елеуов пен ақын Файзулла Сахиевтың шығармашылыңына байланысты байқау мен кездесу ұйымдастырып жүр.  Сондай байқаудың бірі жақында ақын-сазгер,жыршы-термеші, бүкілодақтық халық творчествосы фестивалінің жүлдегері Нұрберген Тастаевтың шығармашылығына  байланысты колледждер арасындағы өнерпаздар байқауы болып өтті.  Байқауға көршілес Түркістан қаласының және Шиелі уданы мен Қызылорда қаласы колледждерінің студенттері қатысты.

   Байқауды кіріспе сөзбен ашқан Мадияр Ахметұлы Нұрберген Назарұлының жарқын да мәнді өмір сүріп қызмет еткендігі жөнінде мазмұнды әңгіме шертті. « Ел іші – өнер кеніші  деп бекер айтылмаса керек. Қашанда Сыр елін сазды да сыршыл әуеннің, мерме мен дырдың, қара сөзден қаймақ айырған айтыс ақындары мен бір ауыз сөзбен өзен суын кері бұрған шешендері  де, Қорқыттай бабаның қара қобызының үніне үнін қосқан сазгер де осы Сыр бойының  перзенттері.

  Бүгінгі ән байқауы ақын-сазгер, жыршы-термеші,Бүкілодақтық халық творчествосы фестивалінің жүлдегері Нұрберген Тастаевтың шығармашылығына арналған дәстүрлі ән байқауы.  Осы байқауға қатысып бақ сынауға, көрермен болып Нұрбергеннің қығармаларын қайта тыңдағысы келіп, келіп отырған баршаңызға хош келіпсіздер дейміз. Бүгінгі өткізілгелі отырған ән байқауының негізгі мақсаты – оның мәдениет саласындағы қосқан үлесі,дәстүрлі халық өнерін насихаттап, қай бір қызметте жүрмесін , «халықтың ұлы» бола білген Нұрберген тастаевтың саналы да қамшының қысқа сабындай ғұмырындағы еткен еңбегінхалыөөа паш ету, насихаттау.

  Бүгінгі күні мен Нұрбергенннің өміәр жолы туралы көп тоқталмаймын. Өйткені ол туралы мерзімдік баспасөз беттерінде шығып та жүр, алдағы уақытта шыға да бермек» деген басшы оның өмірітуралы қысқаша тоқтала келіп өнер сайысына келген үміткерлерге жақсы өнер көрсетулеріне сәттілік тілей келіп оларға   Талап Тотаев, Рыскүл Ұлықпанова, мен Жұмағали Ібішев бастаған әділқазылар құрамын таныстырды. Байқау алдында Нұрбергеннін пікірлес сазгер ағасы Сауранбек Елеуов, ағасы Айтуар Тастаев пен зайыбы Ботакөз Орынбасарова шығып сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісті. Әсіресе Айтуар Тастаев Нұрберген есімін ұлықтап осымен үшінші рет өз қалауымен осы байқауды өткізіп жүрген  колледж директоры Мадияр Ахметұлына шынайы алғысын жеткізді.

  Әділқазылар алқасының мүшесі Р.Ұлықпанова байқауға қатысушылардың әрқайсысының екі ән : біріншісі Нұрбергеннің әні болса, екіншісі еркін тақырыпта орындалатындығы  туралы хабарлама жасады. Мұнан соң кезек байқауға қатысушыларға  берілді.  Халқымызда «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демекші  сәскеде басталған сазды әуен кешке қарай мәресіне жетті.  «Өнерде әркімнің де бар таласы» демекші, өнер сайысына түскендер де өңшең сен тұр мен атайын болмаса да, өнерге деген ынта –ықыласы жағынан кәсіпқой әншілерден  кем тырысқан жоқ. Бірақ  бәйгеде «жүзден жүйріктің» ғана келерін ескерсек, бұл байқауда да біреуінен біреуі озып жатты.  
  Баз біреулерінің даусы ашық болғанымен әннің сөзін шатастыру орын алды.  Дегенмен бұл байқау барысында  жылдағы өтіп жүрген байқауларға қарағанда ілгерілеушілік бары байқалды.

  Десек те байқау болған соң жүлдегерлердің болары белгілі. Бірнеше сағатқа созылған ән байқауының қорытындысы бойынша жаңақорғандық Алмат Оразбек  бірінші орынды иемденді. Жүлделі екінші орынға шиелілік ерасыл Әбдіжәлил табан тіресе, жеңістің үшінші баспалдағына  жаңақорғандық Набай Жұмабай орналасты. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Сонымен бірге көрермендер ықыласына бөленген  Алтынай Байболат пен Сандуғаш Қозыбаева Алғыс хатпен марапатқа ие болды.

  Осы байқау барысында  бұрын колледж директоры Мадияр Ахметұлын тек спорт жанашыры ретңнде білетін кент тұрғындары оның өнер адамдарына жасап жүрген қамқорлығын естіп –көріп  шынайы көңілден алғыстарын білдіріп тарқасты.
                                                                                  
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 желтоқсан 2018 ж. 1 477 0