№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АРМАНЫ АСҚАҚ АЗАМАТ

АРМАНЫ АСҚАҚ АЗАМАТ

  Ауданда даму жолына түскен спорттың бірі – бокс. Оған жаңақорғандық боксшылардың түрлі деңгейдегі чемпионаттар мен турнирлердегі табысты өнері дәлел. Өзінің еңбекқорлығымен көзге түсіп, қатарластарынан мұрат-мақсатымен ерекшеленетін Азамат Бектастың спорттағы жетістігі аз емес...

  Азаматты әкесі Аманбол бокс үйірмесіне береді. Себебі, кезінде бокстан биік шыңдарды бағындыруға талпынған Аманбол Бектасұлы өзі шықпаған шыңға ұлы бағындырғанын қалайды. Осылайша Азамат білікті бапкер Құрбаш Сарқұловтың қарамағында жаттығып, бокстың қыр-сырына қанығады. Одан кейін Дінмұхамед Абайханның қол астында шеберлігін шыңдап, жасөспірімдер арасында аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарда топ жарады. Талантты боксшы облыстағы бапкерлердің көзіне түсіп, Жалаңтөс Баһадүр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебіне қабылданады. Онда Сәбит Сейіловтан тәлім алып, ірі-ірі додаларға қатысуға мүмкіндік алады.
– Азаматтың басты қасиеті өз-өзіне сенімді, әрі жаттығуда берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Оның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері еңбегінің арқасында. Біз одан байрақты бәсекелерде топ жарғанын күтеміз, – деді Құрбаш ағай.
Азаматтың қос ағасы да спортқа жақын. Үлкені шахмат ойнаса, одан кейінгі ағасы ала допты жанына серік еткен. Анасы да спорт жанашыры. Осындай спортшылар шаңырағынан шыққан ұлдың жеткен жетістіктері жетерлік. 2015 жылы Степногорск қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында дара шықса, 2016 жылы Орал қаласында өткен кадеттер арасындағы ел біріншілігінде үшінші орын алады. 2017 жылы Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық дәстүрлі турнирде жеңімпаз атанады. Сол жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирде топ жарып, Филиппиннің Пуэрто Принцесса қаласында жалауы желбіреген Азия чемпионатына жолдама алады. 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында күміспен оралады. Грецияның Солоники қаласында өткен аламанда тұғырдың биігінен көрінді. Осы бәсекеге кеңірек тоқтала кетсек.
Жалпы, әлемдік бокста 69 келі «қазақтың салмағы» деп жатады. Грекияға Азаматта ел намысын осы 69 келіде қорғауға аттанады. Алайда, бұл салмақта шаршы алаң иесі «чемпион болу керек» деген тоқтам болады. Содан бойында чемпиондық рухы бар Азамат Бектас 75 келіде өнер көрсетуге бел байлайды. Ерік-жігері мен күш-қайратын дәлелдейтін орайлы сәтті намысты жігіт жақсы түсініп, ауыр салмақты қарсыластарының осал жерін тауып, чемпион атанады.
   – Менің арманым біреу. Ол елдің көк туын көкке көтеріп, алаштың айбынын асыру. Сондықтан, шеберлігімді шыңдау үстіндемін. Маған үнемі қолдау көрсетіп жүрген бапкерлеріме, жерлестеріме және ата-анама алғысым шексіз, – деді жас боксшы.
Айта кету керек, Азамат үшін 2018 жыл табысты болды. Ол Талдықорған қаласында өткен бокстан 2001-2002 жылы туылған жастар арасында халықаралық турнирде топ жарды. Әрі турнир қорытындысына сай, Қазақстан Республикасының «спорт шебері» атанады. Одан бөлек, Ақтөбе қаласында өткен бокстан 2000-2001 жылғы жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
   Иә, жалпы қазақ боксшылары Әлем чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында алтын медалсіз қайтқан емес. Міне, осындай дүбірлі додалардың шыңынан Азамат Бектасты да көреміз деген сенім мол...

                                                                                                                                           Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

10 қаңтар 2019 ж. 845 0