Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АЗАМАТ ЖАРАДЫ. АЛТЫН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

АЗАМАТ ЖАРАДЫ. АЛТЫН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Талдықорған қаласында өткен бокстан 2001-2002 жылы туылған жастар арасындағы ХVІ-шы Халықаралық турнир мәресіне жетті. Әр өңірден жиналған кіл мықтылар жүлде жолында жігер танытты. Сыр өңірінің былғары қолғап шеберлері де аянып қалмады. Жаңақорғандық Бектас Азамат турнир тұғырының ең биік сатысынан көрініп, ҚР-ның спорт шебері атағына ие болды.
Дінмұхаммед Абайхан жаттықтыратын Азамат осыған дейін жасөспірімдер арасында ел біріншілігінде жасындай жарқылдаған еді. Әсіресе, республикалық турнирлерде аудан мерейін талай рет асырды. Енді одан да биіктерді бағындыруға көшті. Тіл көзіміз тасқа ел тілеуі олимп шыңын бағындырса дейміз. Оған дейін талай тамшы тер төгу керек. Сондықтан, жерлесімізге сәттілік серік болғай дейміз.
Тағы да жеңіс құтты болсын жаңақорғандықтар!

27 қазан 2018 ж. 1 267 0