№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҮЗДІК СПОРТТЫҚ ӨҢІР»

«ҮЗДІК СПОРТТЫҚ ӨҢІР»

   Дені сау ұлт ғана бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Адами капиталдың басты бағыты Сыр өңірінде қарқынды дамуда. Оған соңғы жылдардағы Азия, Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарындағы жетістігі дәлел.

  Тәуелсіздік қарсаңында Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы спорт саласына серпін берген және насихаттаған азаматтарды анықтапты.
  Нәтижесінде, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Үздік спортқа жанашыр облыс әкімі – 2018» номинациясына ие болды.
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Олжас Акимов «Үздік облыстық спорт басқармасы – 2018», облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Шоңғалова Лаура «Үздік баспасөз хатшысы – 2018» жеңімпазы атанды.
  Ал, «Үздік аудандық спорт әдіскері – 2018» номинациясы аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков табысталды.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі етті. Яғни, бұқаралық спортты дамыту аса маңызды... Ал, спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала.
  Бүгінде спортқа ерекше мән беретін аудан әкімі Ғалым Әміреевтің, спортшылардың шеберлігін шындап, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуға дем беріп жүрген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рахымжанов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтың еңбегі ерен, – дейді Қайрат Пәйізұлы.
Сыр өңірінің спорттағы жетістігі бұл ғана емес. 2018 жыл қорытындысы бойынша ұлттық ат спорты түрлерінен жаттықтырушылар мен төрешілерге «Алтын тұғыр» дəстүрлі номинациясы табысталды.
   Марапат биігінен көрінгеннің бірі – Сламхан Боранбаев. Ол – «Жыл жаттықтырушысы» атанды. Ал, «Жыл төрешісі» номинациясына Канат Абылбеков ие болды.
   Жаңақорған ауданында ұлттық спорт түрлері, оның ішінде, ат спорты жақсы дамыған. Мәселен, облыстық көкпар құрамасы жаңақорғандық шабандоздардан жасақталған. Біздің жігіттердің аударыспақ пен теңге ілуден де әлеуеті зор.
Жалпы, Сыр – спорттың дамуына қолайлы өңір. Яғни, үздік спорттық өңір екені даусыз...

Ерлан РАЙЫМБЕК.


25 желтоқсан 2018 ж. 1 424 0