№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі


Қазақстан-асыл ел дара туған,
Әлемнің түгел көзі қаратылған.
Ел тізгінін есі бар ер ұстады,
Елбасы Алаш үшін жаратылған.

Нұрсұлтан «Нұрлы жол» бастап анық,
Тастады ортамызға бастама нық.
Саясатын ұстанып жаңа ойлы,
Қуандық мәртебені асқақ алып.

Қазақ қой ер патшамыз қаны күшті,
Елім деп ет жүрегі алып ұшты.
Қазақтың жеке мүлкі жасалынып,
Оралмандар кеп басты сағынышты.

Көрсетіп салт дәстүрін ұлықтаған,
Қиын қыстау күндерді ұмытпаған.
Дамудың тың ойларын іске қосып,
Қылмыстың барлық түрін құлыптаған.

Сөздері мағыналы сарқыраған,
Қазаққа көз тігіп тұр жарты ғалам.
Бар халықты қаратқан ауызына,
Әбішұлы бір тума алтын адам.

Елбасы – ел тірегі, ел жүрегі,
Жерім деп шын жүрегі елжіреді.
Елтаңба ілініп биіктерге,
Көк туы көк аспанда желбіреді.

Таусылмас еш уақытта заман жыры,
Қолдайды қара қазақ қаламдыны.
Мен үшін ең қымбат асыл нәрсе,
Елбасы мен елімнің амандығы.

Нұр атамыз бағдарын анық берген,
Кеудеге күш халықтан алып келген.
Ел тізгінін тапсырып қолға бердік,
Ең елеулі сырларын танып төрден.

Еңселі ерім әр қырды барып көрген,
Даналықпен дарабоз жарық берген.
Адалдықты жақтап әрі ақтап келед,
Асыл ұл ғой ұлықтап халық сенген.

Сейілтті ол қаншама тұмандарды,
Басымызға қайғы боп қауіптенген.
Бағаламай болмайды ел ұлына,
«Елбасы» деп ерекше даңқ берген.

Жақсы мінез жандарды жиыстырып,
Оқу білген жандарды танып терген.
Айырмасын Алламыз құдыретті,
Ынтымақпен біріккен халықты ерден.

Неде болса біз енді бір басамыз,
Бөлінбейміз бірге асу қырды асамыз.
Егеменді ерікті елдің ұлы,
Ел алдында еркелеп жүз жасаңыз!

Ұланбек Бексаба,
Машбек ауылы.
06 шілде 2018 ж. 1 258 0