№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оразада күнәдан да сақтану қажет

Оразада күнәдан да сақтану қажет


Ораза ұстау дегеніміз тек қана ішіп-жеуден тыйылу деген сөз емес. Қолы, тілі, көзі, құлағы және барлық мүшелерін де күнә істеуден аулақ ұстау керек. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Ораза ұстаған адам өтірік сөзді тоқтатпаса, ол адамның ішіп-жеуді тоқтатуына Аллаһу та'ала мұқтаж емес» деген.

Пайдасыз сөздер сөйлеу, өтірік айту, ғайбаттау ұсталған оразаның сауабын жояды. Әбіржіп, қиналып, қиындыққа төзіп ғибадат жасап, мұның сауабын жойып жіберу ақылды адамның ісі емес.
Бірақ, ораза ұстап жүріп күнә істегендер «менің оразамның сауабы жоқ екен» деп оразасын тастап кетпей, оразасын жалғастыруы керек. Аллаһу та'алаға жалбарынып кешірім сұрауы және істеген күнәларынан аулақ болуы қажет. Имам Раббани хазреттері былай дейді:
«Аллаһу та'аланың мейірімімен, сыйымен нәпіс иман келтіріп, Ислам дініне мойынсұнумен абыройланғанда «Хақиқи Исламға» қауышады және иманның ақиқаты пайда болады. Бұдан кейін жасалатын істің барлығы Исламның ақиқаты болады. Намаз оқығанда намаздың ақиқаты оқылған болады. Ораза ұстағанда оразаның ақиқаты ұсталған болады. Исламның барлық үкімдерін ұстану да осылай болады».
Сәйид Бурханәддин Тирмизи хазреттері шәкірттеріне былай деген:
«Ораза – хикмет қазыналарының кілті. Ораза ұстау жүректің сезімтал күйге келуіне себеп болады және оразалы адамның дұғасы Аллаһу та'аланың алдында қабыл болады. Аллаһу та'алаға жеткізетін оразадан жақсы көлік жоқ. Оразаның Аллаһу та'ала алдында үлкен қадірі бар. Ораза – хикмет қазыналарының кілті. Бір адам бүкіл құлшылық міндеттерін атқарса, бірақ қарнын тойдырса, ешбір дәрежеге жете алмайды. Оразаны қажетті шамада тұтса, басқа құлшылық міндеттерінде кемшілік болса да, бір дәрежеге жетеді».
Шах Уәлиуллаһ Дәһләуи хазреттері айтқан:
«Адамның нәпсі құтырған кезде кейбір шараларды қолдану қажет. Ораза осы тұрғыда ең жақсы шара. Адам шәһуатын ораза ұстау арқылы басады. Ораза адамның жаман қалауларын әлсіретеді. Рухтың жарқырауында, шәһуат пен жаман қалаулардың басылуында оразадан әсерлірек келетін басқа шара жоқ. Адам ораза ұстау арқылы шәһуат пен жаман қалауларынан өзін қаншалықты ұзақтата алса, ораза соншалықты күнәларына кафарат (өтеу) болады».
                islamdini.kz
22 мамыр 2018 ж. 1 432 0