№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АКЦИЯ АЯСЫНДА 1200 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

АКЦИЯ АЯСЫНДА 1200 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ


Биыл мемлекеттік қызмет істері органдарына 20 жыл. Төл мереке қарсаңында «90 мың жаңа ағаш» жалпы республикалық сенбілік акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға жаңақорғандықтар да белсенділік танытып, кент және ауылдық округтерде ағаш көшеттерін отырғызып, тазалау жұмыстарын жүргізді.
Алдымен, аудан әкімдігінің қызметкерлері кент ішіндегі Алтынсарин аумағынан бастады. Аудан әкімі мен сала басшылары саялы ағаштардың көшетін отырғызып, көгалдандыру жұмысына мән берді.
– Бұл акцияның негізгі мақсаты – өңірлерді көркейту-көгалдандыру болатын. Сондықтан, республикалық акцияға жаңақорғандықтарда белсенділік танытты. Әсіресе, кент келбетін көркейту жұмысына жұмыла кірісуде. Бұл бастама дәстүрлі жалғасын табатын болады, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков.
Сенбілік аясында мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары атынан 1350 адам белсенділік танытып, 45 техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 1200 түп ағаш отырғызылды. Басым бөлігі қараағаш, үйеңкі және терек көшеті.
– Бүгінде аудан бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметте 225 қызметкер жұмыс істейді. Барлық қызметкер аталған республикалық акцияға қатысуда. Оның ішінде, елді-мекен тұрғындары да белсенді іске кірісті. Кентте 400 ағаш егілсе, оның 200-і «Алпамыс» балабақшасының ауласына отырғызылды, – деді аудан әкімдігі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы Марат Әбсадықов.
1998 жылы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі құрылса, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады.
– Ағаш отырғызу сауапты іс. Акцияның келер ұрпаққа берер өнегесі мол. Өте жақсы бастама, – деді кент тұрғыны Әсия апай.
Ескі замандардан «ағаш ексең, күнәң жеңілдейді» деген сөз қалған. Бұл өнегенің Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген хадисімен үндеседі.
Бабалар тәлімінде ағаш отырғызу ісіне ерекше маңыз бергенінің мәні бар. Себебі, ағаш адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келеді. Адам ауасыз өмір сүре алмайтын болса, ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, түрлі газдарды өзіне тартып, орнына оттегі бөлетін ағаш. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба алмады. Ендеше, мемлекеттік қызмет істері органдарына 20 жылдығы аясында «90 мың жаңа ағаш отырғызу» акциясы сауапты іске баладық. Тек отырғызылған көшеттерге жауапкершілікпен қарап, күтім жасалса болғаны...

Әли ТЕМІРБЕК.
24 сәуір 2018 ж. 1 327 0