№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сырлас жеңге, сыйлы ерке

Сырлас жеңге, сыйлы ерке


Қазақ халқы салт-дәстүрінде жеңге мен қайын сіңлі арасындағы қымбат сыйластыққа тең келер ешнәрсе жоқ. Қыз баласын бой жете бастағаннан оң жағына қойып, қырық үйден тыйып, қолдағы бар асылын бойына жапсырып, жарқыратып ұстап, қыз-ғұмырдың әке шаңырағында шырайлы салтанат құруы жолында қамқорлығын аямаған. Ұлттық үрдіс бүгінде жалғасын тауып, туыстық сезім тереңге кетсе – татулықтың тірегі.
Осындай мақсатта аудандық мәдениет үйінде Кенже Әкімбаеваның ұйымдастыруымен өткен «Сырлас жеңге, сыйлы ерке» тақырыбындағы қыз-келіншектер байқауы осынау нәзік қарым-қатынасқа бүгінгі күн тұрғысынан баға беруге жол ашып бергендей.
Сайысқа Жаңақорған кенті, Машбек, Түгіскен, Жайылма, Бірлік, Шалқия, Сүттіқұдық, Қосүйеңкі ауылынан қатысқан талапкерлер өз өнерін көрсетуден, ситуациялық сұрақтарға жауап беруден сынға түсті. Ат тергеу, қыз ұзату, бесікке салу, құда түсу сынды халықтың ұлттық үрдістерді сахналаған көркем қойылымдар сахналанды.
Бас жүлдені әдемі әдебі, өзгеше өнерімен қатарластарынан көш озық таныла білген танакөздеріміз – қайынсіңлі мен жеңгесі қос Перизат меншіктесе, 1 орынды Түгіскендік Гүлзат Егенбердиева мен Бердіқожа Қарашаш, екінші орынды қосүйеңкілік Жақанбаева Кенжегүл мен Қуатбек Балауса, ал үшінші орынды жаңақорғандық Әнешбек Бақнұр мен Қайратқызы Назым иеленді. Байқауда Шалқиялық жұп жақсы өнер үлгісін көрсетті.
Байқауға қазылық еткен алқа төрайымы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі кеңесшісі, аудандық мәслихат депутаты Әзия Қыстаубаева сөз сөйлеп, қанша қоғадық құрылыс ауысып, дәстүр-салт жаңарғанымен өзгермейтін бір құндылық – қазақ отбасындағы кішіпейілділік, мейірімділіктің салтанат құруына бастайтын жеңге мен қайын сіңлі сыйластығына әлеумет назарын бұруды мақсат еткен байқау өз мәресінен табылды.
Отбасы-шағын мемлекет. Онда әйел-аналар рөлі өте зор, – деген ол байқаудың ұрпақ тәрбиесіндегі тағылымына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Барлық қатысушы аудандық Мәдениет бөлімі басшылығының Дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Шараны аудан мәдениет қызметкерлері Тоқтар Әжімұратов жүргізді.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
22 қыркүйек 2018 ж. 2 286 0