» » » АУЫЛ АРУЛАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ

АУЫЛ АРУЛАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ


"Төменарық ауылдық клубы" КМҚК-да "Көктем аруы-2018" атты ауданаралық сайыс өтті. Сайысқа Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінен мәдениет қайраткері Акимбаева Кенже, Төменарық ауылының кітапханашысы Есіркепова Нұргүл, Төменарық ауылының жастар ісі жөніндегі маман Тұрымбетов Жандос қазылық жасады.

"Көктем аруы-2018" ауданаралық сайыста бас жүлдені Төменарық ауылынан Дүйсенбек Қарақат, I-орынды Қосүйеңкі ауылынан Мұтәліп Айгүл, II-орынды Жайылма ауылынан Тасболат Ақжарқын, және Төменарық ауылынан Бейсенова Гүлсезім, III-орынды Түгіскен ауылынан Ахметова Шахизада, Кейден ауылынан Сұлтан Нарғиза, Шалқия ауылынан Бейбітова Мая жеңіп алды. Жүлде алған қатысушылар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Көктем аруы-2018" ауданаралық сайыс өте тартымды, өз дәрежесінде өтті.
03 сәуір 2018 ж. 1 665 0