№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АҚЫЛШЫ АҒА (Ұлы отан соғысының және еңбек ардагері Құламбетов Әсен жайлы естелік)

АҚЫЛШЫ АҒА (Ұлы отан соғысының және еңбек ардагері Құламбетов Әсен жайлы естелік)


Алдымда өнегелі, ұлағатты, тәртіп иесі ретінде есім білгеннен бастап алпыс жылдан аса уақыт үлгі болған аға – Әсен жайлы тебіреністі, толғанысты ойлар еске түсіп  отыр. Өткен ғасырдың 50 жылдарғатаман соғыстан елге аман оралып, колхоздың қайнаған тірлігіне бел шешіп араласып кеткені бала кезімнен ойға оралады. Техниканың жоқ кезінде «Талап» колхозының мал мен егін шаруашылығының бел ортасында жүрді. Кейіннен 1950 жылы «Талап» пен «Келінтөбе» колхоздары қосылып «Талап» колхозы болып құрылған кез еді. Ол араласпаған колхоздың бір шаруасы да жоқ еді десем артық айтпаған болар едім...

1963 жылы мұғалімдік институтты бітіріп, туған елге жұмысқа келдім. Алты жыл мектепте мұғалім, директордың орынбасары болып қызмет етіп жүргенімде Әсен ағамен қоян – қолтық дегендей қабаттасып іске араластым. Мен мектептің оқу – тәжірибе өндірістік бригадасына басшылық еттім. Сонда Әсекең колхоздың егін бригадасына бригадир болып басшылық ететін.
Колхоздың егін шаруашылығы 250-300 гектардай бидай, жүгері, т.б. ас – ауқаттың, мал азығының егісі болатын. Сонда осы азаматтың еңбекқорлығына, жауапкершілігіне риза болып, тәнті тұратынмын. Торғай шырылдағаннан бастап күн батып қия қарайғанға дейін егіс даласында жұмыс ұйымдастыратын. Колхоздың еңбекке жарайтын ер – азаматтарын орталықтан тыс шалғай жерлердегі мал азығын дайындау, дария бойындағы егістерді күтіп баптау, мал шаруашылығының кезек күттірмес шаруаларына алып кететін. Ал ауылдағы егіскеуй шаруасындағы қыз – келіншектер мен әйелдер, шал, шалағай демекші кәрі кісілерді пайдаланады. Әсен аға уй шаруасындағы, бала – шағасы жас, уй тірлігінен босамайтын осындай әйел аналарды, қарт кісілерді таң атпай уйме – уй жағалап, қайта – қайта ескертіп, бірін үгіттеп, енді біріне қатаң талап қоя отырып жұмысқа уақытылы қатысуын қамтамасыз ететін.
«Тоған» суымен суарылатын «Бесарық», «Боздала» алқабы өсімдік өсетін құнарлы топырағы тасы жақын болғандықтан ылғал тез кетіп қалатын да, өскін шөлдеп қала беретін еді. Өзі аз суды кештетіп түнімен суаратын, жиі – жиі суарып когерістің өсуіне қажетті жағдай жасауға тиіс болатын. Жаз бойы тынымсыз еңбек ұйымдастыра отырып мүмкіндігінше өнім өндіруді қамтамасыз ету Әсекеннің ертелі – кеш атқаратын шаруасы еді. Өзіне де тыныштық атына да дамыл бермей қол күші жетімсіз әйел, бала – шағамен жоқтан бар жасағандай етіп, тынымсыз еңбек ететініне куә болған болатынмын.
Мектептің қызметтік көлігі «БАЗ - 51» автомашинасымен 10-15 шақырымдық «Сыр» өзенінің жағалауындағы шопандардың қыс қыстауынан табиғи тыңайтқыш көң тасып төгуді мен өз сыныбымның оқушыларымен ұйымдастырдым. Біздер көктемгі егіс басталар кезеңнің алдында 1 ай бойы 20-30 көлік көң тасып төктік. Бізге берілген егістік көлемге толық жеткізе алмадық. Бірақ, көлемді бір бөлігіне көң шашып үлгердік. Кейіннен осы тыңайтқыш себілген участоктың жүгерісі басқа бөліктен екі есеге жуық биік болып, жүгері дәні де сонша дәрежеде артық өнім берді. Біздің өндірістік оқушылар бригадасы жол соңында аудан көлеміндегі оқушылар бригадасы бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, біздер мақтасып, диплом алдық. Осы жұмысты жүргізуде Әсен аға өз жұмысымен қатар біздер үшін де тынбай ұйымдастырушылық басшылық еңбек етті.
Келер жылы ол кісі ферма меңгерушісі қызметіне жлғарылап сенім көрсетілді. Ол сол жұмыста он жылға жуық басшылық етіп, жоғарғы көрсеткіштерге жетіп жүрді. «Талап» совхозының үшінші фермасы деп аталатын осы ұжымның жер жағдайы жалаң болатын. Тау етегіндегі қыраттар мен жазық алқапта жусан мен ерте көктемде майда шөптер ғана өсетін. Ол шөптер мамыр айының аяғы мен маусым айының басына дейін ғана болып, қурап кететін, онда да көктем жаңбырлы болса ғана. Ал құрғақшылық жылдары жусанның өзі балақтамай тырбиып мал аузына ілінбей қалатын табиғат таршылығы жиі кездесетін. Бүкіл малға су таситын көлікпен су жеткізіп беретін. Төлімен 30-35 мың болатын бір ферманың малдары осындай қолайсыз алқапта жусан түбіртегін қорек етіп, өсіп – өніп жататын. Құлымбетов Әсен аға осы жағдайға сай жұмыс ұйымдастырып, көп жылдар табыс биігінен көрініп жүрді.
1972 жылдың аяғына таман мен аудандық партия комитетінің жауапты қызметкерінен «Түгіскен» совхозына жұмысшылар комитетінің (кәсіподақ ұйымы) төрағасы қызметіне ауыстым. Бірер жыл бұрын осы жаққа егіс бөлімшесіне меңгеруші болып Әсен аға ауысып келген еді. Біздер бірге төрт жылдай қызметтес болып жұмыстар атқардық. Ол жылдардағы қиыншылықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Тың жерге су әкеліп, төрт ай бойы суда өсетін  күріш дақылының біз біле бермейтін қыр – сыры көп екен. Бүкіл егістік алқап табиғи қалпында қыр – сайы көп болатын.  Ал күріш су деңгейі бір қалыпта жатуға тиіс тегіс алқапта ғана күткен өніміңді беретіні белгілі. Алдыңғы жылдары биік – биіктеу деген дөң жерлермен су әкеліп, сай алқапқа күріш егіп егін өсірдік. Кей жерлерінде белуардан су болса, биіктеу жерлеріне  су жетпей жататын. Ал күріш егісі 10-15 см қалыңдықта ғана өнімді жақсы бере алады. Соған қарамастан тың алқап болған соң егілген күріш жоғары өнім берді. Сай жерлердегі су тез сіңіп кетіп, егісті техникамен жинап алуға мүмкіндік болды. Келер жылы барлық жерді ыза басып, батпақты көлемдер көбейіп, техникамен жинау мүмкін болмай қалды. Егістің басым бөлігі суда қалып, күзгі жиып-терім қысқа дейін созылды. Орылмаған көп көлемнен өнім өнбеді. Соныменен қыс басындағы аудандық партия комитетінің бюросында жиналмай қалған егіс үшін бөлімше басқарушысы орнынан алынып, сол қызметке Әсен аға ауысып келген болатын. Міне, біздер омындай қиыншылықтарға бірге тап болдық. Ол кездерде күріш егісіне тиісті техникалар тіптеп жоқ болатын. Барлық егіс техникасы бидай, жүгері сынды құрғақта өсетін өнімдерге бейімделген еді. Осындай қиыншылықтарды біздер төрт жыл бойы бірге көрдік. Ерте көктемнен қара күзге дейін тыным таппай Әсен аға бұл жұмыстың қыр-сырын тез меңгеріп алды. Агротехникалық шаралардың барлығын күріштен мол өнім алуға байланысты ол кісі қалдырмай жүргізетін. Дихан күріштерді таңдауда, өнім өндіруге байланысты шараларды ұйымдастыруда Әсен аға іскерлік танытып жүрді. Күрішті егуде және оны жинап алудағы өтірік ақпарға бармай, наухан кездерінде қатаң сындарға ұшырап жүретін. Бірақ жиын терім аяқталғанда әр гектардан алынатын өнім бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жететін. Күзден бастап мақталып, келесі наухандағы кездейсоқтарға дейін құрмет көрсетілетін.
Осындай еңбектерінің арқасында ол азамат ауданда бірінші болып «Москвич» автомашинасын мінді. Өкіметтің ордень, медальдарымен наградталып жүрді.
Соғыстың өн бойында қан кешіп, үш рет ауыр жараланып бір Алланың құдіретімен аман қалып 1947 жылы елге оралды. Осы ағаның Ұлы Отан Соғысында еткен ерліктері, басынан өткен қиыншылықты ауыр тағдыры өз алдына бір хикая. Оның барлығын айтып беру менің шағын естелігіме енгізу мүмкін емес. Соның бірі кезекті бір фашистердің шабуылы күтпеген жерден қапыда басталып кетеді. Жау снярадтары бұлардың бекініс шебін тас-талқан етіп бұзады. Бірде оңжағынан, бірде солынан, алды артынан жарылып жатқан артимерия оғы  қарулас достарын бауша жайпап қырып тастапты. Жараланғандардың жан-жүйкесі шымырлататын айқай сүреңдерінен құлақ тұнады. Қосбалақтан қолындағы винтовкасымен оқ атып, жан ұшырып жатса керек. Бір кезде  нақ қосылып  бір сняряд түсті, оның жарықшықтары жан жағынан жаның зулап өтіп жатады. Құдай сақтап соның бірі тимей аман қалады, бірақ денесін топырақ басып қалса керек. Әупірімдеп сол көмілген топырақтан шыққан. Әлгі, снярядь түскен жер үлкен апан болып, еріген қардан су жиналып қалса керек. Бұл кезде жаудың алдыңғы жойқын шабуылы саябырсып қалыпты. Байқаса ол жақ, бұл жақтағы тірі қалғандарды жау снайпері тырсылдатып атып, шетінен жер жастандырып жатқанын көреді. Қозғалса, мұны да жоқ ететін  түрі бар. Жаудың көздеп атып жатқан нүктесі қашыққа қарай ойысқанда, бұл екі үш аунап әлгі су толған шұңқырға қойып кетеді. От жалынның әсерінен су жылып кеткен екен. Бұл сол суға мойнына дейін барып басын шығарып, алдындағы бір бұтаны паналап екі үш сағат қозғалмай тұрыпты. Әлден кейін су бірте бірте мұздап тоңдыра бастайды. Онан шықса өлетінін біледі. Амалсыз денесі қарысып қияғанға дейін сол суда тұра береді. Судың беті қабыршақтанып қата бастайды. Абырой болғанда осы кезде ымырт түсіп, елең-алаң болады.
Бұл ең соңғы пәрменді күшін жинай отырып, сол  судан зорға шығады. Қуысып қалған денесін әрі аунап, бері аунап қозғалтып қап жүгіртпе отырып аяқ қолын қозғай алатын шамаға келе бастайды. Осы кезде тірі қалғандарды іздестіріп келген өз адамдары кездесіп қалып, носилькамен сангастьқа алып барған.
Осылайша тізе берсең, оның көрген қырғандары, шайқастары бір солдаттың басынан кешкен қиындықтары артық болмаса кем емес.
Осы азамат бүгінде тоқсанна асты. Өмір сүрген ғұмыры азап пен бейнетке толы болды. Соның өзінде өзіне қойған талапты өзгеге де қоя отырып, өнегелі өрелі, бақытты ғұмырды басынан өткізіп келеді. Кейінгі 50-60 жыл көріп келе жатқан үлгі-өнегем. Кемшілікке төзгісіз қатаң мінезді өміріне серік еткен адам. Айналасындағы жақсы істерді көрсе, жеріне жеткізіп мақтау, ондайларға лайықты болғасын беруде осы ағаның керемет асыл қасиеттерінің бірі. Ал егер азғантай ғана кемшілігің болса, оңды-солды шалыс кеткен қадамдарыңды байқаса, сол мезетте ағаның ауыр сындарына ұшырап қалуың ғажап емес. Тек айналасындағы жеке-дара адамдар емес, ауылдың, елдің болашағы үшін, ұрпақтың асыл арманы үшін қай кезде де аянып қалған емес. Қошеметті мақтаулары мен ет-сүйегіңнен өтетін ауыр сындарды жеріне жеткізіп айтып отыру ол ағаның ғұмырлық ұстанымы болып келеді. Он екі ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Барлығын да бір құдайдың құдіретімен өмірден өз орындарын табуға қолынан келгеннің барлығын жасады десем артық айтқаным емес. Олар өмірдің әр саласында басшы, білікті маман, шаршамайтын-талмайтын еңбек адамдары. Барлығы да ұлды-қызды болып өсіп өнген. (Тіл көзден садаға болсын). Құдайдың берген немере, шөберелерін де бір атадай көріп отыр. Не дейміз: Әлі де ұзақ ғұмыр сүре бергей! Ағаның асыл өнегесі ел-жұртына үлгі бола берсін деп тілек тілеймін.
Ермахан ТӨРЕҚОЖАЕВ,
зейнеткер, қаламгер-жазушы.   
      
13 тамыз 2018 ж. 1 484 0