№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АЗАТ ЕЛДІҢ АЛАР АСУЫ АСҚАҚ

АЗАТ ЕЛДІҢ АЛАР АСУЫ АСҚАҚ

Сыр беткейде тұратын Сайфулла Жұмаділлаев биыл 95 жасқа аяқ басты. 1923 жылы Талап бөлімшесінде өмірге келген. Әскерге 1941 жылы алынып, 1942 жылдан бастап Украина майданынан бастап, №72 артеллеристер полкіннен Германияға дейін барады. «За взятие Берлина» тағы басқа медальдарымен марапатталған. Бес жылдан кейін, яғни, 1947 жылы елге оралып, «Талап» кеңшарында әр түрлі салада 1983 жылға дейін еңбек етеді. Әсіресе, егін шаруашылығы, оның ішінде күріш егумен айналысып, маңдай термен елге сыйлы болады.
Аққорғандық ағайынның абыз ардагері, немере-шөберелерінің ақылманы Сайфулла ата елдегі орын алып жатқан жайттардан хабардар екеніне көзіміз жетті.
– Жалпы алғанда Қазақстанның оңтүстік аумағы егінге бай. Енді тек еңбек ету керек, адал термен тапқан напақа жақсылыққа жетелейді. Ұлт пен ұлысты ұйыстырып, тыныш күннің татулығын тұрақты етіп отырған патшамыз аман болсын, – деген майдангердің жанары жасқа толды. Себебі, кешегі жеңістің жемісін кейінгі ұрпағы көріп келеді. Бұл да ел үшін туған ерлердің ерлігінің бір көрінісі.
10 мамыр 2018 ж. 1 077 0